?АЗА?СТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫ? БІЛІМ Ж?НЕ ?ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Опытное поле орта мектебі» КММ Ашы? саба?ты? та?ырыбы: С ? Й Л Е М 2015-2016 о?у жылы Саба?ты? та?ырыбы: С?йлем. Саба?ты? ма?саты: Білімділік: О?ушыла


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Опытное поле орта мектебі» КММ
Ашық сабақтың тақырыбы: "С Ө Й Л Е М"
Өткізген мұғалім: А. Ж. Батырқанова
Өткізген мұғалім: А. Ж. Батырқанова

2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.
Дамытушылық: Бір - бірімен қарым - қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Ауызекі сөйлеу тілдерін, ойлау жүйесін дамыту. Жылдам, әдемі жазу дағдыларын қалыптастыру. Өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.
Түрі: аралас сабақ.Әдісі: инсерт, сұрақ - жауап, жаттығу жұмысы, көрнекілік.Техникалық оқыту құралдары: интерактивті тақта
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.а) Амандасу тәсілі.ә) психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері “Үнсіз төс қағыстыру” шаттық шеңберінде тұрып
Сәлем, алтын күнім менің,
Сәлем, аспан көгілдір.
Сәлем, жақын досым менің,
Қуанышты күн бүгін!
Топқа бөлу.
-Балалар, желтоқсан айында қандай мерекелер бар.
-Ия, «1-желтоқсан Президент күні», «16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні», «31-желтоқсан-Жаңа жыл» мерекелері.
Мерекелерге байланысты, топқа бөлу түрі: 3 топқа «1-желтоқсан Президент күні», «16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні», «31-желтоқсан-Жаңа жыл» деп атадым. Қазір ҰШАҚҚА, КЕМЕГЕ, ПОЕЗДҒА отырып, мерекеге барамыз, бөлініп отыра қаламыз.
-Ия.
-Олай болса , бір-бірден келіп, АҒЫЛШЫН тілінде жазылған өзіміздің есімдеріміз бар көлікке отырып, мерекеге барайық.
І топ «Президент күні» мерекесі
ІІ топ «Тәуелсіздік күні» мерекесі
ІІІ топ «Жаңа жыл» мерекесі
-Балалар, біз топқа бөліндік. Яғни біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз деген сөз иа. Қане, кім біледі, топпен жұмыста қандай ережелерді ұстанушы едік?
Слайдпен жұмыс
Топтағы ережелер:
1.Біреу сөйлегенде ,оның сөзін бөлмейік!
2.Тұлғаның жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді сынайық !
3. Кешікпейік !
4. Қысқа да нұсқа сөйлейік!
5. Уақытты үнемді әрі тиімді пайдаланайық !
6. Берілген тақырыптан ауытқымайық!
7. Біз үшін әрбір пікір құнды!
8. Жекелей жұмыс жасағанда , бір-бірімізге бөгет жасамайық!
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім!Қастерлейді, ұл - қызың мәңгі сеніБолашағым, бақытым дара тілім! - дегендей, бүгін қазақ тілі сабағын бастаймыз.
-Балалар, бүгін сендер өздеріңді бағалайсыңдар сондықтан
Жасыл түс алғандар: «5»
Қызыл түс алғандар: «4»
Күлгін түс алғандар: «3»
-Сабаққа белсенді қатысайық.
Инсерт әдісі
Білемін Білгім келеді Үйрендім
ІІ. Өткен сабақты бекіту
Миға шабуыл
«Ыстық орындық» стратегиясы сұрақтар қойылады. Бір оқушы ыстық орындыққа отырғызылып сұрақтарға жауап беріледі.
1 - топтағы оқушыға 2 сұрақтан
1. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? 3 (қатаң, ұяң, үнді)
2. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? 2 (жуан, жіңішке)
2 – топтағы оқушыға 2 сұрақтан
3. Мәтін деген не? екі не одан да көп сөйлем 4. Мәтіннің неше түрі бар? 3 (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

3 – топтағы оқушыға 2 сұрақтан
5. Ата-бабамыз қандай үйде тұрған? Киіз үйде.
6.«Қияр»сөзінде неше дыбыс, неше әріп? 4 әріп, 5 дыбыс
III. Үй тапсырмасын тексеру
«Ұялы телефон» ойыны (оқушылар бір-бірінен ұялы телефонмен хабарласу арқылы тапсырмаларды тексереді.)
Сөздерге дыбыстық талдау жасау:
1- оқушы: Итбалық – 7 әріп, 7 дыбыс, 3 дауысты, 4 дауыссыз, 3 буын.
И – [и] – дауысты, жіңішке.
2-оқушы: Т- [т] – дауыссыз, қатаң.
Б – [б] – дауыссыз, ұяң.
3-оқушы: А – [а] – дауысты, жуан.
Л – [л] – дауыссыз, үнді.
4-оқушы: Ы – [ы] – дауысты, жуан
Қ - [қ] – дауыссыз, қатаң.
IV. Жаңа сабақРебус шешу

К Ө Й Л Е К- Мынау «көйлек». Оның бастапқы «к» әрпінің орнына «с» әрпін қойып, соңғы «к» әрпінің орнына «м» әрпін қойсаң қандай сөз шығады?- С Ө Й Л Е М- Бүгінгі тақырыбымыз сөйлем туралы болады.- Сөйлем деген не?
- Сөйлем нені білдіреді?- Сөйлем неден құралады?- «Сөйлем» дегенде алдымен ойларыңа не келеді.
«Топтастыру» стратегиясы
146423160431С Ө Й Л Е М
00С Ө Й Л Е М

Ал, енді балалар кітаптағы ережені өзіміз оқиық.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
Сөйлемнен соң не нүкте(.), не сұрау(?), не леп белгісі (!) қойылады.
Бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
Бір - бірінен бөлек жазылатын сөздерден құралады.
Оқулықпен жұмыс.
164 - жаттығу.1. Екі бағандағы сөздерді салыстырып оқу.2. Қай бағандағы сөздер сөйлем?3. Қай бағандағы сөздер сөйлем емес?4. Неліктен?
Дәптермен жұмыс
Қарашаның он тоғызы.
Сынып жұмысы
Көркем жазу минуты:
__________________________________________________________________________
Мұғалім тақтада жазады:
«Президент күні» мерекесіне орай қандай С дыбысынан басталатын қандай сөздер білесіңдер:
Елбасы, Астана.
«Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай С дыбсынан басталатын қандай сөздер білесіңдер:
желтоқсан, тәуелсіздік.
«Жаңа жыл» мерекесіне орай С дыбсынан басталатын қандай сөздер білесіңдер:
сыйлық, қыс, сырғанақ.____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тақтамен жұмыс
165-жаттығу.
Жақшашадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.
Ажар (кітапхана) барды. (Кітапхана) адам көп. Ол (кітапхана) кітап алды.
Оқушылар тақтада жазады: (азат жол, тасымал, жаңа сөйлем- қалай жазылуын айт ұмытпа.)
_______________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
166 - жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу. (Әр сөз А4 бетке жазылады.) 1- «Президент күні» тобы:Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр. (Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.)
2 – «Тәуелсіздік күні»
Ақан, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда. (Ақан абайсызда шанадан айырылып қалды.) 3 – «Жаңа жыл»Төмен, шана, қарай, сырғанай, жөнелді. (Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.)
V. Сергіту сәті
«Скелет» әнінің әуеніне ырғақ жасау.
- Балалар, СӨЙЛЕМ тақырыбының ТЫНЫС белгілеріне байланысты сөйлем беремін, ал сендер ойлана отырып табыңдар.
1 – «Президент күні» тобына:
Айнала аппақ қар.
Қар қандай тамаша!
Сырғанақ тебуге барасың ба?
2 – «Тәуелсіздік күні» тобына:
Айнала аппақ қар.
Қар қандай тамаша!
Сырғанақ тебуге барасың ба?
3 – «Жаңа жыл» тобына:
Айнала аппақ қар.
Қар қандай тамаша!
Сырғанақ тебуге барасың ба?
Әр топ, бір сөйлемді түсіндіріп айтады.
Ассоциация құру. Мұғалім түсіндіреді:
874532148562 Хабарлы сөйлем (Айнала аппақ қар.)
934085154633008845834624400СӨЙЛЕМ Лепті сөйлем (Қар қандай тамаша!)

Сұраулы сөйлем (Сырғанақ тебуге барасың ба?)
Жұппен жұмыс:
Ребус шешу:

VI. Жаңа сабақты бекіту:
Сөйлем нені білдіреді?Сөйлем неден құралады?Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?Сөйлемнің соңынан не қойылады?
VII. Қорытындылау:
VIII. Үйге тапсырма: 167-жаттығу.
IX. Бағалау: Оқушылар өздерін бағалайды.

Жасыл түс алғандар: «5» - Бұл түсінікті смайликке жапсырады.
Қызыл түс алғандар: «4» - Жартылай түсінікті смайликке жапсырады.
Күлгін түс алғандар: «3» - Түсінген жоқпын смайликке жапсырады.
Рефлексия стикер жапсыру
Smiley Faces
Smiley Faces


Бұл
түсінікті
Бұл
түсінікті
Жартылай
түсінікті
Жартылай
түсінікті
Түсінген
жоқпын
Түсінген
жоқпын