Ш?О.Аяг?з ?аласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Бастауыш класс м??алімі Аязбекова Дария Сериковна Ы?шам саба?. Та?ырыбы: Сыни т?р?ыдан ойлау
ШҚО.Аягөз қаласы
«№5 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Ықшам сабақ. Тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау
Тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау
Сілтеме МАН 46-51 бет
Мақсаты Фото арқылы адамның сыни ойлауын тудыру, ой қорыту, жинақтау
Түйінді идея Қатысушылардың өз фотолары арқылы сыни ойлауын туғызу
Күтілетін нәтиже Мұғалімдер сыни ойлайды, Мәселені талқылап, ой елегінен өткізіп, қолдана алады
Ресурстар Таратпа материалдар
Ықшам сабақтың өту барысы
Сабақтың өтілу кезеңдері Уақыты
Қатысушылар іс-әрекеті
Ұйымдастыру 5 топқа бөлу
Психологиялық ахуал 1 мин «Фото-репортаж» ойыны. Ойынның шарты: Әр топ қатысушылары жеңіске жеткен, қатты күлген, таң қалған, ғашық болған, жоғын тапқан адамдардың бейнесін келтіріп фотоға түсу.
Тапсырмалар 4 мин
1-топ. «Фото-ребус». Ребусты шеш
2-топ. «Екі шындық, бір өтірік». Сөйлем құрастыру.
3-топ. «Буриме» әдісімен өлең құрастыру.
... отырды,
... оқыды.
... ойланып,
... толқыды.
4-топ. «Фото-карточка». Сан есімдерді пайдаланып, әңгіме құра.
5-топ. «Ақ пен қара». Берілген суретке байланысты ақ пен қара жағын тауып анықта.
Талдау 1 мин
Сыни тұрғыдан ойлау болды ма? Өз
сабағыңызда қолдана аласыз ба?
Жинақтау, қорыту 3 мин Берілген жұмыстардың мақсатын тұжырымдайтын 10 сөзден тұратын есеп жазу.
Кері байланыс 1 мин Екі қолды жоғары көтереді – СТО түсінген, бір қолын ғана көтереді – сұрағы барлар, екі қолын да төмен түсіреді – түсінбегендер.