Саба? та?ырыбы: ?осу ж?не азайту Саба? ма?саты: Білімділік: ?осу ж?не азайту да?дыларын ?алыптастыру, ?зара байланысын еске т?сіру Дамытушылы?: ке?істікті ба?дарлау, логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту Т?рбиелік: белсенділігін, математика саба?ына д


Сабақ тақырыбы: Қосу және азайтуСабақ мақсаты:
Білімділік: қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру, өзара байланысын еске түсіру;
Дамытушылық: кеңістікті бағдарлау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: белсенділігін, математика сабағына деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: мультимедия, интерактивті тақта, оқулық,
Сабақ әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, оқу, «ой толғау», практикалық жұмыс.
Сабақ түрі: пәнаралық.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындық
Психологикалық ойын: «Сәттілік тілегі»
Әр партадағы оқушылар тізбектеп қол ұстаса отырып, бір - біріне тілек айтады. (слайд)
Мұғалім: Балалар, біздің сабаққа көп қонақтар келіп отыр, амандасып отырайық.
Оқушылар, бүгін біздің мектепке факс арқылы хат келген екен. (оқу) (слайд)
Құрметті достарым!!!
Математика еліндегі цифрлар мен таңбалар түсініксіз жағдайларға байланысты өз орындарын таба алмай жүр. Сіздерден көмек сұраймын.
Математика ханшайымы.
ІІ. Жаңа сабақ:
Балалар, олай болатын болса, математика еліне аттанайық. (слайд)
Бүгінгі сабақ тақырыбы: «Қосу және азайту» (слайд)
Қызығушылығын ояту.
Мұғалім: Математикалық ханшайымның еліне көмектесу алдында біз өз ойларымызды ұштап алайық. (слайд 2)
Интерактивті тақтада көрсету және оқушылар практика жүзінде іске асырады. (слайд)
Практикалық жұмыс: компас көмегімен кеңістікті бағдарлау (слайд)
Математика еліне аттануға бүгінгі сабақта біз мына картаны қолданамыз және ханшайымның тапсырмаларын орындауға тырысамыз. (слайд)
Оқулықпен жұмыс: (слайд)
Картаға қарайтын болсақ алдымызда көл кездеседі. Бұл көлдегі бақалар өздерін санай алмай отыр екен. Біз өрнек құрастырып есептеп берейік. (слайд)
8 - 3=5
Мұғалім: жақсы, енді біз кең алаңға жетіп қалдық. Бұл алаңдағы жәндіктерді яғни ұлуларды санап өрнек құрастырайық. (слайд)
7 - 2=5
Мұғалім: сонымен балалар біз «Цифр» ауылына да келіп қалдық.
Әр бір үйде бір неше ұл бала және қыз бала тұрады екен. Солардың сандарын тауып берейік. (слайд)
9=4 және 5
8=2 және 6
7=3 және 4
6= 3 және 3
Егерде әрі қарай жүретін болсақ «Таңбалар» ауылына жетеміз. Балалар қосу және азайту таңбаларды дұрыс қоюға көмек берейік. (слайд)
«Есеп» ауылы (слайд)
Тапсырма: есеп шығару
Алмада 6 фломастер бар, ал Айшада -------- артық. Айшада неше фломастер бар?
ІІІ. Сергіту сәті: (слайд)
«Амалдар» ауылы(слайд)
Мінекей оқушылар «Математикалық» ханшайымның еліне көмектесіп математика сабағында алған білімдерімізді көрсете білдіңдер. Енді мектепке оралу уақыт та болып қалды. Мектепке бару жолымызды есеп шығару арқылы табамыз. (слайд)
(оқушылар алдында түрлі түсті қағаздан кесілген жолақшалар)
ІҮ. Қорытынды: Кімге көмектестік? Неге?Ү. Үй жұмысы:
ҮІ. Бағалау: (слайд)
Пәні: Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: Дд дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Дд дыбысы және әрпімен таныстыру. Д дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, д дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Қайда сұрағына жауап беретін сөздерге тоқталып, сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою және сол сөйлемге жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Жаңа дыбыстың орнын анықтау.
2. Дыбысты дыбысқа қосып, буынды буынға қосып сөз жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Сабаққа деген ынта ықыласын, қызығушылығын арттыру.
3. Зеректікке, ұқыптылыққа адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікті сүюге тәрбиелеу.

Яндекс.Директ
Гель, повышающий иммунитет!
Рекомендован академией питания. 100% Натуральный. Заказывайте сейчас!
lactomarin.kz
Адрес и телефон
Есть противопоказания. Посоветуйтесь с врачом.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, жинақтау, ауызша, жазбаша.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы:
I . Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық жағдай туғызу.
1, 2, 3
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Білімге жол бастаймыз, — дегендей білім алуға үлкен мән беретін біздің президентіміздің өзі сендерге әр күні сабақтан қаламай, сапалы да саналы білім алып болашақта еліміздің туын көкке желбірететін келешек ұрпақтары болады деген сенім артып отыр.
— Ол сенімді ақтау үшін, біз не істеуіміз керек?
II . Ой қозғау.
— Сонымен бізде қазір қандай сабақ?
— Сауат ашу сабағында нені оқып үйренеміз?
— Оқуды, жазуды оқып үйрену үшін біз не білуіміз керек?
— Әріп дегеніміз не?
— Дыбыс дегеніміз не?
III. Өткен сабақты пысықтау.
— Сонымен өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?
Қ дыбысына арналған сөздерді есімізге түсіру үшін мен сендермен бір ойын ұйымдастырғым келіп отыр.
— Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде біз барлық жемістерді теріп аламыз. Сендер қандай жеміс жегілерің келеді?
— Жақсы. Онда біз сендермен « Алма теру» ойынын ойнаймыз.
Қ дыбысы бар сөз айтқан оқушылар алма теруге қатысады.
Қ дыбысына байланысты қандай аңдарды білесіңдер? Сендер алма жегенді ұнатасыңдар, ал қояндар не жегенді ұнатады? Онда біз қоянға сәбіз теруге көмектесейік. Буындап оқу арқылы тұтас сөздерді оқимыз. Әр сөзді дұрыс оқысаңдар, қоянның себетіне сәбіз салып көмегімізді көрсетеміз.
IV . Оқулықпен жұмыс.
Оқулығымыздың 55 бетін ашып, бағандағы сөздерді оқып шығамыз.
Диалог оқыту.
Енді тақтаға назар аударайық. Тақтадағы сөйлемді кім оқып береді? Сонымен өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Біз сонымен қатар өткен сабақта қандай қазақтың ұлттық аспабымен таныстық? Қобыздан басқа қазақтың ұлттық аспаптары көп екен. Қазір біз сендермен жақсы бір әуен тыңдаймыз.
V . Жаңа сабақ.
Бұл әуен қандай аспаппен орындалған?
Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспап. Домбырамен күй тартады. Жыр, толғаулар, термелерді сүйемелдеуге қолданады.
Домбыра.
Дыбыстық талдау жүргізу. Буынға бөлу, қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс екендігін табу.
Домбыра сөзінде ең бірінші қандай дыбыс естіп отырсыңдар?
Д д д – қайталау.
Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Дд дыбысы мен әрпі.
Дыбыстың артикуляциясы.
Еріндер тістер ашылған, д дыбысын айтқанда тілдің ұшы төмен түседі және астыңғы тістерге барып тіреледі, дауыс желбезектері дірілдейді.
Д дыбысының таңбасы. Яғни қай түрін көріп тұрмыз? Баспа.
Енді осы дыбысты өз үйшігіне орналастырамыз Д дыбысы қай үйге қарай бет алды? Айтылуына қарай Д дыбысы қандай дыбыс екен?
Дала.
Мынау – дала. Далада жайқалған жасыл шөп, биік ағаштар мен бұталар көп болады. Даланың ауасы таза.
Да ла до ға до да Ду лат
Да уа до ғал доп Дар қан
Дала – алаңқай жазық жер.
Дауа – ем
Доға – қисық сызық
Дода – сайыс, жарыс
Доп – жел толтырылған рәзеңке.
VI . Сергіту сәті.
Жаңа сұрақпен танысу. Тақтаға назар аударамыз. Сұрақты оқимыз. Қайда? Қалада далада, тауда, аулада.
VII . Дәптермен жұмыс.
Д жазудың жазба үлгісін көрсетіп, бас және кіші әріптерінің элементтерімен таныстыру.
Ауада жазу. Дәптердегі үлгіні басшылыққа алады.
Оқулықтағы балалардың суретіне назар аударайық. Кімдердің суреті? Айдардың сұрағына назар аударайық. Сұраққа жауап береміз.
VIII . Жаңа сабақты бекіту.
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
IX . Сабақты қорытындылау.
Сабағыңа жөндеп әзірленсең еңбек
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.
X . Мадақтау. Сендер өз еңбектеріңмен жақсы нәтижеге жеттіңдер, — деп мақтау тәсілін жүргізу.