Поурочные планы на казахскому языку: Microsoft Word кесте ??ру. Кестелерді пішімдеу(6 класс)
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу.Сабақтың мақсатыБілімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету.Тәрбиелілік: жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, информатика ғылымында болып жатқан әлем деңгейіндегі жетістіктерді ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, электрондық оқулық, практикум, тақта.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі:2. Үй тапсырмасын тексеру3. Жаңа сабақ.4. Білімділік сатысы.5. Түсіну сатысы6. Қолдану сатысы7. Жинақтау сатысы8. Бағалау.9. Үйге тапсырмаҮй тапсырмасын тексеруӨткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?2. Мәтінді белгілеу тәсілдері?3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар.4. Көшіру және орын ауыстыру операцияларының арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.5. Алмасу буфері дегеніміз не?6. Қаріпті пішімдеу үшін қандай менюді таңдаймыз?7. Пернетақтаның қай пернесінің көмегімен белгіленген сөйлемді, курсивке айналдырады.8. Microsoft offise Word редакторында абзацты пішіндеу үшін қандай менюді таңдаймыз?Жаңа сабақНазар аударатынымыз1. Кесте құру;2. Кестенің жолы мен бағанының ұзындығын және енін өзгерту;3. Кесте ұяшығындағы абзацтың параметрлерін орнату;4. Кестенің жолын/бағанын қою;5. Кестенің жолын/бағанын жою;6. Кесте ұяшықтарын біріктіру/бөлу;7. Кесте ұяшықтарын форматтау;Білімділік сатысы.Оқушыларды 3 топқа бөлу:Тапсырмалармен таныстыру. Эл оқулық 8 сынып «Кесте құру» тақырыбын оқу. Тапсырмаларды өз бетімен орындап шығуЖолбастаушы парағына жауаптар жазу. Әр топтан 1 оқушы шығып тақырыпты талдау.Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыруа) Жаңа ұғымдар: ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру1 топ:Жолбастаушы парағы:1. Кесте құру жолдары;2. Кесте ұяшығындағы абзацтың параметрлерін орнату;3. Тапсырмаларды орындап шығуWord мәтіндік процессорында кестелерді екі түрлі әдіспен: меню жолындағы Таблица командасының көмегімен және аспаптар панеліндегі Вставить таблицу батырмасын пайдаланып құруға болады. Меню жолынан Таблица " Вставить " Таблица командасын орындасақ экранда Вставка таблицы диалогтік терезесі шығады. (суретте)Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі.Число строк опциясының өрісіне кесте жолдарының саны енгізіледі. Кейін Таблица – Вставить – Строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған авто параметрін қалдыруға болады, не бағандардың ені бірдей өзгереді.2 - топЖолбастаушы парағы:1. Кестенің жолын/бағанын қою;2. Кестенің жолын/бағанын жою;3. Тапсырмаларды орындап шығу4. Ұяшықтарды қосу, өшіруКей жағдайларда дайын кестеге баған, жол немесе жекелеген ұяшықтарды қосуға туады. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдымен жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица – Вставить – Ячейки командасын орындау керек. Добавление ячеек диалогтік терезесінде жаңа ұяшық кейін не істейтінін: жол, баған қосу немесе ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіңдер.Кестенің жолын, бағанын немесе ұяшығын өшіру үшін, ең алдымен ұяшықтарды ерекшелеп, содан кейін Таблица – Удалть – Ячейки командасын орындап, Удаление ячеек диалготік терезесінде ұяшықтың солға, жоғары ығысуы және жол немесе баған өшірілуі көрсетіледі.3 - топ.Жолбастаушы парағы:1. Кесте ұяшықтарын біріктіру/бөлу;2. Кесте ұяшықтарын форматтау;3. Тапсырмаларды орындап шығуКестелер тақырыбын құру, ұяшықтарды біріктіру және бөлу.Бір қатарда бір - біріне жақын орналасқан бірнеше торларды біріктіру үшін келесі әрекеттер орындалады:- біріктіретін ұяларды белгілеп алу керек;- Кесте ұяшықтарын біріктіру командасын орындау қажет. Таблица – Объединить ячейки.Ұяшықтарды бөлу.Таблица – Разбить ячейки командасын орындау керек. Экранға Разбиение ячеек диалогтік терезесі шығады. Осы терезеде бағаналар саны енгізу өрісіне бағаналар санын бейнелейтін жаңа санды енгізіп, ОК - ді басу жеткілікті.Кестелерді жиектеу.Word мәтіндік процессоры жеке ұяшықтарға, қатарларға, бағаналарға және толығымен кестеге жақтаулар қосуға мүмкіндік береді. Жақтауды барлық кестеге немесе оның жеке элементтеріне орнату үшін келесі әрекеттер орындалады:Жақтау ішінен алынатын торларды таңдауФормат – Границы и заливка командасын орындап, Границы и заливка сұхбат терезесіндегі Граница парағына көшу керек.Тип тізімінен стиль түрі мен жақтау сызығының қалыңдығын таңдау қажет.Түс тізімінен сызық түсін таңдау қажет.Соңында ОК - ді басу керек.Түсіну сатысыЖаңа сабақты түсіну үшін «ақпараттық диктант» орындаймыз.(оқушылар интерактивті тақтада тиісті командаларды қойып жазады)1. Кестені даярлау үшін.... Кесте > Кесте қосу2. Ұяшықтарды біріктіру үшін...... Кесте > Біріктіру3. Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан? Стандартты4. Ұяшық дегеніміз не?....... Баған мен қатардың қиылысуы5. Кестеге жақтау орналастыру үшін........ Формат> Шекара және Құю > Шекара6. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне....... tab7. Ұяшықтарды бөлу командасы........... Бөлу8. Жолдарды кірістіру............... Кесте > Кірістіру > Жол қосуСергіту минутыТұрады ол жолдармен бағандардан,Және тұрар ұяшықтар ағымынан.Кәне ойланып көрейік ол не екен,Баған менен жолдарды қиылыстырған.(Кесте)Кестенің бір негізгі элементі,Көлденең ұяшық құру қызметі.Ұяшық емес, баған емес ол не екен?Кестенің негізгі болған қызметі.(жол)Тіктөртбұрышқа ұқсайды,Елемей кетуге болмайды.Бағанменен жолдардың қиылысы,Кестеде қай элементті құрайды.(ұяшық)Қолдану сатысыДеңгейлік тапсырмаларІ. Міндетті деңгей (5 ұпай)1. Меню көмегімен Кесте > Кесте қосу /Таблица > Вставить таблица/ командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.2. «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау.3. 6 баған, 7 жолдан тұратын кесте құр.4. Кестенің басынан тағы 1 баған қосыңыз. Оған Р/с деп жазыңыз.5. Автоформат пішімін пайдаланып, кестені безендір.«Менің сабақ кестем»Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма СенбіКім өзінің сабақ кестесін жатқа білмейді, күнделігінен қарап жазуға болады.ІІ. Лайықты деңгей (10 ұпай)1. Стандартты саймандар қатарындағы Кесте қосу (Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз.2. 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.3. Кестеге Формат > Шекаралар және құю /Формат > Границы и заливка/ командасы арқылы жиектеу орналастырОқушы туралы мәліметР/с Оқушының аты - жөні Туған жылы Мекен - жайы Телефоны123ІІІ. Жоғары деңгей (15 ұпай)1. Кестені қолдан сызып шығу арқылы (Түр> Аспаптар тақтасы > Кестелер мен шекаралар (Вид > Панели инструментов > Таблицы и границы) командасын орындау арқылы сызықтың типі мен түсін таңдап кесте құрыңыз.2. Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңыз3. Кестені белгілеу – Формат > Направление текста /Мәтін бағыты/ командасы арқылы 1 - ші бағанды толтыр.4. 1 - ші жолдағы мәліметтерді ортаға туралап, қарайтылған (Ж), қисайтылған (К) түрде жаз.5. Кестенің соңынан тағы 1 баған қос оң жағына, оған Қолы деген мәлімет енгіз.6. Tab пернесін басып 1 жол қос, 4 - ші ұяшықты біріктір.7. Мұғалімге көрсетіңіз.Кестемен жұмысКімнің сұрағы бар, қолдарыңды көтеріңдер, мен сіздерге жақындаймын.Сонымен, жұмысты аяқтаймыз. Практикалық жұмысты көрсетіп болғандар компьютерді дұрыс өшіріп, орындарыңды ретке келтіріңдер.Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс жасадыңдар.Практикалық жұмысты бағалау.Жинақтау сатысыӘркімнің партасында Activote тестілеу құрылғысы жатыр. Оған сендер тест жауаптарын тақтадан оқып басасыңдар. Әр сұраққа үш жауап берілген, олардың тек біреусі ғана дұрыс. Дұрыс жауапты тауып, бағалау парағына енгізу керек. Сонымен, тест орындауға кірісеміз.(оқушылар алдыңғы сабақта өтілген тақырып бойынша тест жұмысын орындайды).Тест сұрақтары1. MS Word – та кесте құру үшін...1. Таблица →Вставить→Таблица2. Таблица →Вставить→Ячейки3. Таблица →Вставить→Столбцы4. Таблица →Вставить→Сторки2. MS Word – та кестеге жолдар қосу үшін1. Таблица →Вставить→Таблица2. Таблица →Вставить→Ячейки3. Таблица →Вставить→Столбцы4. Таблица →Вставить→Сторки3. MS Word – та кестелерді жиектеу үшін1. Таблица →Вставить→Таблица2. Формат →Граница и заливка3. Вставка → Номера страниц4. Формат → Абзац4. MS Word – та таблицада ұяшықтарды жою үшін1. Таблица →Удалить→Таблица2. Таблица → Удалить →Ячейки3. Таблица → Удалить →Столбцы4. Таблица → Удалить →Сторки5. MS Word – та таблицада бағандарды жою үшін1. Таблица →Удалить→Таблица2. Таблица → Удалить →Ячейки3. Таблица → Удалить →Столбцы4. Таблица → Удалить →СторкиСабақтың қорытындысыБағалау:Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының ұпай сандары бағалау парағында белгіленеді, сабақтың соңында нәтижесі есептелініп, өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықтайды, бағалау парағы бойынша оқушылардың білімін бағалайды. ҮІІ. Үйге тапсырма: Кестемен жұмыс. Дәптерге «Табиғатқа шыққанда алатын тағамдар» атты кесте құру. Тағамның аты, мөлшері, бағасы, барлығы, осыған шығатын шығынды жазу керек. Әрқайсысын бір бағанға жазу керек. (Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру эл. түрде)Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңа рахмет! Келесі аптада жолығамыз.