Мен т?уелсіз елді? болаша?ымын та?ырыбында т?рбие са?аты


Мен тәуелсіз елдің болашағымын
Б біліміңді арнайтын
О Отанымды қорғайтын
Л Лаңкестікті даттайтын
А Адалдықты жақтайтын
Ш Шуағымды шашатын
А Асулардан асатын
Ғ Ғарыш сырын меңгерген
Ы Ынтымақты тең көрген
М Мен мендікті жек корген
Қ Қазаққа қызмет ететін
А Арманына жететін
З Заңды жақсы білетін
А Алға қарай жүретін
Қ Қайырымды елімнің
С Салтанатты жерімнің
Т Толықтырам сенімін
А Абыройын сенімін
Н Намысын қолдан бермейтін
Мен боламын еңбекқор
Болашағы елімнің
МЕН ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ АЗАМАТЫМЫН!!!

Сабақ ҚАЗАҚ БИІМЕН басталады
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Бесінші сынып оқушыларының дайындаған МЕН ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ АЗАМАТЫМЫН атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Жүргізуші:
Балалар бүгін біз тәуелсіз еліміздің болашағы, яғни нағыз азамат екендігімізді танытайық.
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі- деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктерін мақтан ететін қашанда еліміздің жеріміздің еркіндігін сақтайтын мықты ұрпақ екенімізді дәлелдейік.
Б Біліміңді арнайтын
О Отанымды қорғайтын
Л Лаңкестікті даттайтын
А Адалдықты жақтайтын
Ш Шуағымды шашатын
А Асулардан асатын
Ғ Ғарыш сырын меңгерген
Ы Ынтымақты тең көрген
М Мен мендікті жек корген
Қ Қазаққа қызмет ететін
А Арманына жететін
З Заңды жақсы білетін
А Алға қарай жүретін
Қ Қайырымды елімнің
С Салтанатты жерімнің
Т Толықтырам сенімін
А Абыройын сенімін
Н Намысын қолдан бермейтін
ХОРМЕН: Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер қазір назарларыңызға Балжанның орындауында, Абай атамыздың Көзімнің қарасы әнін ұсынамыз.
Жүргізуші:
Отан әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан сенің туған елің туған, жерің дос жарандарың, туған туысқаның. Отан бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана Отанды анаңа теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды.
Жүргізуші:
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене.
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келеме.
оқушы
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер атамекен,
Биік тау, орман тоғай көлімізді.

оқушы
Отан дейміз кең байтақ Астананы,
Жасылжайлау, жаңа жол, жас қаланы,
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
оқушы
Отан тарих, Отан тіл,
Жасаған елің өз халқың.
Отан өлең, Отан жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
оқушы
Отан сенің ата анаң,
Отан досың бауырың.
Отан өлкең астанаң,
Отан аудан ауылың.
оқушы
Отан осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл.
Жүргізуші:
Балалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білеміз бе?
Кәне кім айтады?

оқушы
Біздің отанымыз Қазақстан Республикасы
ҚР мемлекеттік Туы
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран және ою өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі тыныштықпен байлықтың белгісі.
Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
оқушы
ҚР мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған.
Бес жұлдыз қанатты тұлпар бейнеленген.Бидай сабақтары тоқшылық молшылықты білдіреді.
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
оқушы
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы Гимн. ГИМН мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Оттай жанып жанарың,
Одан қуат аламын.
Әнұран ол тынысы,
Кең жазира даламның.
Жүргізуші:
Қырмызы қыздар,
Қызғалдақ қыздар, құлпырған.
Өздерің жайлы кеудеде біздің жыр тұнған.
Үндінің биін билеңдер қане майысып,
Отырған халқым сүйсініп қалсын сыртыңнан.
Қазір Ажардың орындауында үнді биі.
Жүргізуші:
Балалар! Армансыз адам,қанатсыз құспен тең деген
Кәне балалар, өз армандарымызбен бөлісейікші.
Балалар өз армандарымен бөлісе бастайды.
Жүргізуші:
Қазір сыныбымыздың қыздарының орындауында Армансыз күнім болмайды әнін назарларыңызға ұсынамыз.
ХОРМЕН:
Әлемге жарқын жайылсын даңқың,
Жасай бер, жаса Қазақстан!
Баянды болсын бақытың халқым,
Жасай бер, жаса Қазақстаным!
Жүргізуші:
Біз Қазақстанның жас азаматтары, кең, байтақ еліміздің келешекте еңселі де, іргелі елге айналуына үлесімізді қосамыз!
Жүргізуші:
Осымен Мен тәуелсіз елдің болашағымын тақырыбындағы тәрбие сағатымызды аяқтаймыз зер салып, тыңдағандарыңыз үшін рахмет!!!

А.С.Пушкин атындағы №1мектеп-гимназия
Ашық тәрбие сағаты
тақырыбы: « МЕН ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ АЗАМАТЫМЫН!»

Дайындаған: 5”ә”сынып жетекшісі-Утеулиева М.Т.
2015-2016 оқу жылы
А.С.Пушкин атындағы №1мектеп-гимназия
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Кірпікшелі кебісше күрделі құрылысты қарапайым жәндік»

Дайындаған: Утеулиева М.Т.
2015-2016 оқу жылы

А.С.Пушкин атындағы №1мектеп-гимназия
Сынып сағаты
тақырыбы: «Білім көзі- кітапта»


Дайындаған: 5”ә”сынып жетекшісі-Утеулиева М.Т.
2015-2016 оқу жылы