?аза?станны? экономикалы? ж?не ?леуметтік географиясы.9 сынып. Шаруашылы?ты? ??рамы мен ??рылымы.


№ Сабақтың тақырыбы
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Оқытуда қолданыла-тын әдіс-тәсілдер Негізгі дереккөздер немесе ресурстар
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы. Алған білімдерін өмірде дұрыс пайдалана білу үшін, ойлау қабілетін шыңдап, ойын еркін жеткізе алуы тиіс.Оқушылар Қазақстанның халықтың көші-қоны, оның түрлері мен себептері туралы білетін болады.Еліміздің экономикасының тиімді және тиімсіз тұстарын анықтай алады.Ел экономикасының болашағына деген сенім пайда болады. Миға шабуыл, Блум таксономиясы, АКТ ,сыни тұрғыда ойлау модульдері. Интернетттен мәліметтер, статистикалық мәліметтер.Оқулық,карталар.
Түйінді ой «Көші-қон тарихы дегеніміз – ол адамзат тарихы»
Сабақ мазмұны Сабақта орындалатын жұмыстар реті Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдас тыру
2 минут Оқушылармен сәлемдесіп,оларды топтарға бөлу. Баспалдақ әдісі бойынша бағалау түрі ұсынылады. Оқушылар өздерін баспалдақтар ретіне қарай стикерлерді жапсыру бойынша бағалауы тиіс. (әр тапсырмадан соң ,олар бағалауын ауыстырып отыруы тиіс.) Түсті қағазға жазылған әріптерді таратылып беріледі. Сыныпты 4 топқа 5 адамнан бөлемін. түсті қағаздар саны - 4 (сары, көк, жасыл, қызыл)
Түстер бойынша топтасып отырады. Сары әріптер
(э, м, и, г, р, а, ц, и, я)Көк әріптер (и, м, м, и, г, р, а, ц, и, я)Жасыл әріптер (ремиграция)Қызыл әріптер (депортация)Топтардың аттары құрылады.
Білім
10 минут. Миға шабуыл :
1.Бейнежазбаны көрсету арқылы ой қозғау.
2.«Кім...? Не...? Қалай...? Қашан ...? Қайда...? Қанша ...?» сұрақтары арқылы интерактивті тақтадағы атаулар бойынша өз ойларын айту ұсынылады.
1.Интерактивті тақтадан бейнежазбаны көрсетеді
2.Тақтадан сұрақтарды көрсетіп, әркім өз ойын сұрақтарға жауап бере отырып айтулары тиіс екенін хабарлайды. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Түсіну
13 минут Оқушыларды 4 топқа бөліп, әр топқа оқулықтан жеке тапсырма беріліп,топта талдауға беріледі.
Әр топқа сөйлеуге 2 минуттан беріледі. Тапсырмалар береді:
1-топ. Халықтың көші-қоны,себептері
2-топ.Көші-қон типтері.
3-топ. Сыртқы көші-қон.
4-топ. Ішкі көші-қон.
Жеке дайындалып келген оқушыларға сөз беріледі. Топтар оқиды, талдайды,бір-біріне түсіндіреді.Постер жасап,қорғайды.
Дайындап келген оқушылар хабарламамен таныстырады.
Қолдану
7 минут 2-тапсырма беріледі. Интер.тақтадан сұрақтар оқылады. Алған білімдері бойынша жауап беруі тиіс.
Талдау
5 минут 6-тапсырманы талдауға береді. 35-суретті қолдана отырып, талдау жүргізеді.
Синтез
5 минут Оқу материалы бойынша «Көші-қон тарихы дегеніміз – ол адамзат тарихы» деген тезиске түсіндірме беру ұсынылады.. Оқушылар өз ойларын айтады.
Бағалау
3 минут Бейнежазба көрсетіледі. Осы ұғым бойынша өз ойларын айтып,дәлелдейді.
Мұғалім оқушы ойларын бағыттап отырады. Өз жауаптарында дәлдік,нақтылық,логикалық жүйе секілді талаптарды қолданып,шешім қабылдайды.
Рефлексия Пресс әдісі бойынша ой қорыту.
Баспалдақ бойынша өздерін бағалау. Оқушылар өздерін қорытынды бағалайды.