Компьютер. Компьютерді? негізгі ??рыл?ыларыны? міндеттері ж?не м?мкіндіктері


Пән Информатика
сынып 5 «а»
Күні 04.10.2016 ж. Тақырыбы: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері:Мақсат: Бағдарлама идеяларын орындату мақсатында оқушыларды “компьютер” түсінігімен таныстыра отырып, компьютердің құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру және құрамдас бөліктерін анықтау. Білімділік – ДК - мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блоктың ішіндегіқұрылғылармен және олардың міндетімен таныстыру. Компьютердің негізгі құрылғылары – процессормен, ЖЖҚ - мен, ТЖҚ - мен таныстыру. Дамытушылық – Оқушылардың аппараттық құралдардың негізгі жиынына не кіретінін, аппараттық құралдардың негізгі жиынына не кіретінін; компьютердің құрылғыларының міндетін білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік – Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру. Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, карточкалар, интерактивті тақта, видео, ЦБР. Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
Оқушылармен амандасамын. Тренинг «Көңіл-күй неге ұқсас?» Оқушылар бүгінгі сабақ басында өздерінің көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді ІІ. Үй жұмысын тексеру 10 мин Карточкамен жұмыс 1-тапсырма. Бос орынға дұрыс жауапты жазыңдар: 1 байт = _______________________ 1 Кбайт (килобайт) = ___________ 1 Мбайт (мегабайт) = ___________ 1 Гбайт (гигабайт) = ____________ 
1-тапсырма. Жауабы:
1 байт = 8 бит 1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт 1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кб 1 Гбайт (гигабайт) = 1024 Мб2-тапсырма. Берілген сөйлемнің (фразаның) ақпараттың көлемін анықтаңдар. 
2-тапсырма жауабы:
19 символ; 19 байт; 152 бит
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру :7 мин
Компьютер - әмбебап есептеуіш машина Компьютер - күрделі құрылгылардың (микросызбалар) жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа - оның жұмыс кабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялық жүйесін атасақ болады. Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видио және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б. болуы мүмкін. Әрине қойылған барлық есептер арнайы жазылған қосымша программалардың көмегімен шешіледі. Компьютер тек сол программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетін атқарады. Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі мониторлар, принтерлер, проекторлар және т.б. ақпаратты ұсынып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін. Компьютерлерді қолдану Алғашқы компьютерлер «компьютер» және «ЭЕМ» атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есептеу үдерістерін аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді. Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық (қағаздық емес) түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпаратты арнайы ақпараттық өнімдерде - дерек қорларында орналастырады. Осындай дерек қорлары үшін қосымша құрылғыларды қосуға болатын күрделірек компьютерлер қажет болды. Компьютерді қолданудың келесі қадамы - әртүрлі құрылғыларды басқару (16-сурет). Бүгінгі құрылғылардың көпшілігінің құрамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы, ұялы телефондар, дүкендердегі кассалық аппараттар, әртүрлі есеп айыру құрылғылары Заманауи суперкомпьютерлер эксперимент жүргізуге болмайтын салаларда модельдер құру үшін қолданылады. Мысалы, тірі ағзаларда немесе ғарыштық денелерде жүретін үдерістерді зерттеуде (17-сурет ).Компьютердің түрлері Қазіргі кезде компьютерлерді суретте көрсетілгендей, өнімділігі мен мөлшеріне қарай әр түрге бөлуге болады (18-сурет ). Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютер жаппай өндірілетін детальдардан құралады. Басқаша айтқанда, дайын детальдар жиынынан қатаң анықталған міндеттерді орындайтын компьютер жиналады. Суперкомпьютер үшін әдетте жүздеген процессорлар керек. Суперкомпьютердің орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютер тұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Мұндай компьютерде бір адамның жұмыс істеуі жеткіліксіз болғандықтан әдетте суперкомпьютерде бір мезгілде көп адам жұмыс істейді. Үлкен компьютерлер (мэйнфреймдер). Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған. Әдетте ол - дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет. Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды (19-сурет ). Компьютерлік желілердің орталыңқ торабы болып табы- латын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды. Сервер- лерде желіге қосылған барлық компьютерлер пайдалана алатын ақпарат сақталады. Сервер бүкіл желінің сенімді жұмысын, дерек қорлары мен басқа да ақпараттың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етеді. Дербес компьютер - ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке қолдана алатын компьютер. Дербес компьютер¬лер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді (20 а, б, в-суреттер). Үстел үсті компьютері - үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан, жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады. Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерлі ноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшері ең кішісі алақан (қалта) компьютері. a) Yсmeл үсті компьютері б) Алып жүретін компьютер в) Алақан компьютері Қызықты ақпарат Заманауи компьютерлердің қолданылу салалары Компьютерді жұмыста қолдану Көптеген адамдар күнде офиске бармай-ақ, компьютермен үйде жұмыс істегенді ұнатады. Есепшілер, жазушылар, программистер, дизайнерлер, аниматорлар, суретшілер, музыканттар және басқа да көптеген кәсіп иелері үйде жұмыс істей алады. Яғни, жұмыстары компьютерлік технологияларды пайдаланумен байланысты мамандардың бәрі үйде отырып компьютермен жұмыс істей алады. Компьютер көмегімен сауда жасау Көптеген тауарларды Интернет арқылы сатып алу өте қолайлы. Қажет заттарды іздеу үшін дүкендерді аралауға уақыт жұмсаудың керегі жоқ. Барлық каталогтар интернет-дүкендердің сайттарында орналасқан. Сондай-ақ коммуналдық қызметтерді өтеу, телефонды пайдаланғандарың үшін шоттарды толықтыру, ақша аудару және т.б. компьютер көмегімен үйде отырып жүзеге асыруға болады. IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс: 8 мин
Оқулықпен жұмыс, 36 бет, компьютердегі тәжірибелік жұмысты ДК-де орындайды. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс А деңгейі Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып-біліңдер. В деңгейі Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар («Компьютерді қолдану», «Компьютердің түрлері»). С деңгейі Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар. V. Сергіту сәті 2 мин Жаттығуды орындарында отырып орындау. Қол саусақтарына арналған жаттығулар • Алақанды уқалау. • Қолды қысу • Білезіктен айналдыру Көзге арналған жаттығулар. • Көзді бірнеше рет жыпылықтату. • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса VI. Бекіту 10 мин Оқулықпен жұмыс, 37 бет, бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау, сұрақтарға ауызша жауап береді. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар 1. Компьютер деген не? 2. Компьютер қандай функцияларды орындайды? 3. Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма? 4. Қандай компьютерлік программаларды білесіңдер? 5. Компьютер қайда және қалай қолданылады?VII. Рефлексия 2 мин Тақтадағы рефлексивті экраннан фразаның басын таңдап, әр оқушы сабақ туралы бір сөйлеммен өз пікірін айтады. Бүгін мен ................. білдім. ............................. қызықты болды. .................................... қиын болды. Мен .............................. үйрендім. Мен тапсырмаларды ...................... орындадым. ........................... орындап көремін. ...................... мені таң қалдырды. Өмір үшін сабақ маған ................. берді ........................ мен орындай алдым. Енді мен ...................істей аламын. VII. Оқушыларды бағалау: 2 мин
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою. Күнделіктеріне баға қойдырады ІХ. Үй жұмысы.