Компьютер.Компьютерді? негізгі ??рыл?ыларыны? міндеттері ж?не м?мкіндіктері


Бағытова Нұргүл Амантайқызы
№36 мектеп – гимназиясы
Сабақтың тақырыбы: Компьютер.Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың компьютердің негізгі құрылғылары жөнінде білімін
Қалыптастыру
Дамытушылық: Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы оқушылардың
білімін меңгерту, дамыту.
Тәрбиелік: Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы
Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер : компьютер, электрондық
оқулық, таратпа, интерактивті тақта, Power Point- та жасалған слайдтар.
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) ұжымдық әрекет;
б) техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
1.Қызығушылықты ояту:
Оқушыларға жұмбақ қойылады
Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп Жұмбақтың жауабы (Компьютер)
Ал енді оқушылар біз компьютер туралы не білеміз?
«БҮҮ» стратегиясының 1 кезеңі арқылы компьютер туралы бұрыннан білетін білімі еске түсіріледі, ой – пікірлері ортаға салынады.
Білемін Үйренгенім Үйренгім келеді
Компьютермен қағаз жазуды, сурет салуға болатынын білемін.Пернетақтамен мәтін енгіземіз. 2. Мағынаны тану: Мұғалімнің сабақ түсіндіруі
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Компьютер – есептеуіш. Дербес компьютер – бір-ақ адам жұмыс жасауға арналған.
Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта.
Блок ішінде барлық ақпараттарды еске сақтап тұратын құрылғы – процессор орналасқан.
Ол – «компьютердің миы» ең көп тараған процессордың түрі ПЕНТИУМ деп аталады.
Компьтердің негізгі құрылғыларына: Жүйелік блок, монитор, пернетақта.


Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы. Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер пиксельдер деп аталады.
Пернетақта – компьютерге әріптік және сандық ақпаратты енгізетін құрылғы.
Жүйелік блок – енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар орналасатын компьютердің негізгі бөлігі.
1 - тапсырма:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл тапсырмада қажет екен.
Оқушыларға жұмбақ жасырылып жауабын Paint графикалық редакторында сурет арқылы
бейнелеу.
Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми 
(жүйелік блок)
 Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын.
(монитор)
Саусақтарды билететін,
Экранға мәтінді сый ететін,
Жоқ деп мүлде айта алмайтын,
Иә- ні қолдап қайталайтын  (пернетақта)
2 - тапсырма: Салған суреті бойынша мәтін құрастырып, өз ойын жеткізу.
3. Ой толғанысы:
Неге экранның алдында ұзақ отыруға болмайды? ..............................................
Жауабы: көз талады, электромагнитті және ультрадыбыс сәуле әсерін тигізеді?
Компьютердің пайдасы мен зияны қандай? (Пікірталас)
4.Қорытынды:Оқушылардың алған білімдері қорытындыланып БҮҮ стратегиясының 2 кезеңі толтырылды
Білемін Үйренгенім Үйренгім келеді
Компьютермен қағаз жазуды, сурет салуға болатынын білемін.Пернетақтамен мәтін енгіземіз. Компьютердің шығу
тарихын, оның негізгі
құрылғыларының атқаратын
қызметін үйрендім. Компьютердің жаңа нұсқасын өзім ойлап тапсам...
Компьютердің пайдасы мен зияны
5.Үйге тапсырма: Тақырып бойынша жекелеген оқушылардың тест құрастыруы.
6.Бағалау. (Смайликтер арқылы)
Сабаққа анализ жасау (Мұғалімнің сабаққа өзіндік ой толғанысы)
1. Сабақта сәтті шыққан сәттер: Сабақ барысында мұғалімнің және оқушылардың шығармашылық, жеке және топтық жұмыстарына баға беру және болашақта пайдалану, тәжірибе ретінде тарату.
2. Сабақта ескеретін тұстар:Оқушылардың сабақ барысындағы ерекшеліктері жіберген қателіктері, өзін – өзі ұстай білуі, сыныптағы ахуалдар, мұғалімнің өз тарапынан болған жағдайларды ескеру мұғалімнің өз жұмысына сыни көзқараспен қарай білуі.
3. Тақырып бойынша болашақта жасалатын жұмыстар Сабақ барысында тақырыпты игеру кезінде жіберген қателіктер мен кемшіліктерді болдырмау мақсатында жеке топтық, ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын қарастыру және оны жүзеге асыру.