?зін ?зі танудан ?ыс?а мерзімді жоспар Бір-бірімізге к?мектесеміз 1 сынып


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырып: «Бір-бірімізге көмектесеміз»
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: үлкен адамдарға ,достарына деген сүйіспеншілік құрмет,өзара көмек,құрмет
Мұғалiм: Мухамбетжанова С.О.
Класс:1 а сынып
Оқушылар саны: 16
Сабақ мақсаты:Оқушыларға көмек,көмектесу туралы түсінік бере отырып, оны дұрыс әрекет құндылығы ретінде ұғындыру
Міндеттері:
-Оқушыларға көмек, көмектесу ұғымдарының мәнін ұғындыру арқылы ақпейілділік, қайырымдылық,жомарттық қасиеттері туралы түсінік беру;
-Оқушыларға айналасына көмек қолын дамыту;
-Оқушыларды ақпейілділікке, қайырымдылыққа, жомарттыққа тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi.(баяу әуен)
Нұрға бөлену
Сынып ережесін құру
Т -ұстанымын еске түсіру
Тәртіп,талап,тыныштық,тазалық,татулық
Сабақтағы жағымды күйге келу.
«Нұрға бөлену».
Жайлы, баяу музыка қойылады.Ыңғайланып отырыңыздар денелеріңізді түзу
ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды
тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмула-
рыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге
қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі
орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,
эмоцияңызды бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағаннын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналады.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тартады.
Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады.
Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы
Сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана
Көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағымызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей , ренжесіп жүрген адамдарға бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын...
Ғаламның барлық түпкір-түкпіріне нұр бағыттаңыз,ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын».
Осындай нұр махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Үй тапсырмасын тексеру
-Дұрыс әрекет жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы тиіс. Сабақ барысын талқылау:
Дәйек сөз.Жағымды ой-пікір
«Қайырымды іс жаса,қайырлы болар әр ісің»
Халық даналығы
Дәйексөздердің мағыналарын ашқызу
-«Көмек» дегенді қалай түсінесің?
-Көмек көрсету дегенді қалай түсінесің?
Мұғалімнің сыйы.Оқиға айту
«Жай бір адам» әңгіме В.Сухомлинский
*Әңгіме не туралы?
*Басқаларға көмегің тиген жағдайда қандай сезімге бөленесің?
*Өзгелер саған көмектескенде не сезіндің?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сыйлық хат дайындау
Көмек жасау
Адамдар әрқашан көмек беруге әзір тұру керек.
Көмекті оймен,сөзбен,іспен жасауға болады.
Жасаған ісіңді ақысыз жасау дұрыс әрекет болады.
Дәптермен жұмыс
«Досың көп болсын десең....» ойыңды жалғастырып жаз Топпен ән айту
«Ертегілер» Ә.Қалаубаева
Үй тапсырмасы.
Мұқтаж жандарға ашықхат жасау Соңғы тыныштық сәтi.
Бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерді, құндылықтарды өмірде қолдану.