Тема О?ушыны дене шыны?тыру саба?ымен ?ызы?тыру
ОҚУШЫНЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫМЕН ҚЫЗЫҚТЫРУ
ADMIN · ФЕВ 26TH, 2015 · 0 COMMENTАлматы облысы Панфилов ауданы
« Көқтал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене тәрбиесі пәнінің
мұғалімі Жумабаев С.Б
Оқушыны дене шынықтыру сабағымен қызықтыру
Мектепте дене тәрбиесі сабағында дене тәрбиесінен қажетті біліктілікпен дағдыларды меңгеру әрбір жас жеткіншектің міндеті.Себебі кез келген елдщің болашағы оның халқының күш-қуатына байланысты.Дене тәрбиесі сабағы негізінен төменгі сыныптарда қозғалмалы ойындар,орта буын және жоғарғы сыныптарда белгілі бір спорт ойындары:баскетбол,волейбол,гандбол,футбол,жеңіл отлетика сабақтары болып өтіледі.Дене шынықтыру сабақтарнын сыныптарда жекелей немесе командалық жарыс түрінде өткізу тиімді.Бала ойынмен өседі,дене тәрбиесі сабағы негізінен ойын жарыс түрінде өтетіндіктен,ойын бала өмірінде өмірлік дағдыларын қалыптастыру құралдарының бірі болып табылады.Баланың қуанышымен реніші жеңіске деген құштарлығымен жігері,батылдығымен ептілігі,командада бір-біріне деген сенімі мен сыйластығы ойында айқын көрініс табады.Ойын кезінде баланың эмоциялық әсері,белсенділігі артады,ерік-жігері,ойлау қабілеті мен қимыл-қозғалыс әрекеттері ұшталадыы.Демек ойын-тәрбие құралы.Ойын арқылы баланың ерік пен мінез қасиеттері беки түседі.Ойын ептілікке батылдыққа,төзімділікке,машықтандырады.Олай болса қазіргі мектеп оқушыларының денсаулығы елдің де қоғамның да байлығы.Адам өз халқына,еліне мүмкіндігінше көбірек пайдасын тигізу үшін-дені сау,күшті,епті,төзімді болуы тиіс.Олай болса бұған дене тәрбиесі сабағы арқылы және сабақтан тыс кезде жеке машықтану арқылы қол жеткізуге болады.
Мектептерде дене тәрбиесі сабағының өтілу барысы:
Дене тәрбиесі сабағында шешілуге тиісті барлық мақсат,міндеттер үш бағытта жүргізіледі.
1.Білім беру:сабақ барысында өтілетін сабақтың теориялық,техникалық,тактикалық әдіс тәсілдерін үйрту,тусіндіру,көрсету.
2.Тәрбиелеу:оқушыларды ептілікке,ұйымшылдыққа,төзімділікке,адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Сауықтыру:оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекеттерін дамыту,денсаулықтарын нығайту,іскерлікпен машықдағдыларын меңгерту.
Осыған байланысты әр сабақты нақтыланған үш міндет қойылады және сабақтың барлық этаптары осы үш міндетті шешуге негізделеді.Қойылған мақсат міндеттер оқушылардың жас ерекшеліктеріне және сыныптарына сәйкес болуы керек.
Сабақтың негізгі өтілетін жері спорт зал немесе спорт алаң талапқа сай болуы керек.Сабақ өтілетін спорт залдың санитарлық тазалық жағдайы сабақта қолданылатын спорттық құралдарың сабаққа қолдануға жарамдылығы техникалық,қауіпсіздігі барлығы алдын-ала дайынболуы керек.
Дене тәрбиесі сабағы төрт бөлімнен тұрады.
1.Сабақты ұйымдастыру кезеңі 3 мин.
2.Дайындық бөлімі 12 мин
3.Негізгі бөлім 25 мин
4.Қортынды бөлім 5 мин
1.Ұйымдастыру кезеңі:мұғалім оқушыларды сапқа тұрғызу,кезекшінің мәліметі,сәлемдесу сабақтың тақырыбымен оқушыларды таныстыру және оқушылардың сыртқы бейнесіне ,спорттық формасына көңіл аудару.Мұғалімінің өзінің спорттық киімде болуы сөйлеген сөзі,жүрген жүрісі ,оқушыларға берілген командасы анық,түсінікті болуы шарт.Оқушымен мұғалімнің қарым-қатынасы жақсы болуы сол сабақтың жоғары деңгейде өтілуінің кепілі.
2.Дайындық бөлімінде оқушыларды жүгірту,жалпы дене қыздыру жаттығуларын жасату кезінде негізгі бөлімде өтілетін сабаққа байланысты жаттығулардың іріктелініп алынуы,сәйкестігі,реттілігі, жүйелігі оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты физикалық жүктеменің берілуі,сол сабақтың жоғарғы деңгейде өтілуі,нәтижелігі дене шынықтыру мұғалімінің шеберлігіне байланысты.Оқушылардың дене қыздыру жаттығуларын дұрыс орындауы мұғалімнің көрсеткен методикалық нұсқаулары мұғалім мен оқушының өз-ара түсінушілігі,сол сабақта қойылған мақсат міндеттердің орындалуының негізі болып табылады.
3.Негізгі бөлімде жаңа сабақты өткізу тақырып бойынша.Оқущыларға сабақтың негізгі мақсат міндеттерін түсіндіру,практикалық жүзінде көрсетуі.Мысалы спорт ойыны волейбол ойынында екі қолымен допты саусақпен алу жаттығуында мұғалім оқушыларға жаттығудың әдіс-тәсілдерін түсіндіру практикалық жүзінде көрсете білу,үйрету,үйренген жаттығуды ары қарай дамыту,бекіту негізгі бөлімнің міндеттеріне жатады.
4.Қорытынды бөлімде сабақты қорытындылау жекелеген оқушыларды,сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау,көтермелеу,білімдерін бағалау,организмді бастапқы қалпына келтіретін дене жаттығуларын жасату,жекелеген оқушыларға ескертулер үйге тапсырма қорытынды бөлімге жатады.