Коучингт жоспары: О?ушыларды? ойлау де?гейін дамыту ?шін ?алай к?мектесеміз?


«Бекітемін»
Мектеп директоры: Бабаханов М.

«15» сәуір 2016ж.
Коуч мұғалім: Сайденов С.
Коучинг
Коучингтің тақырыбы Оқушылардың ойлау деңгейін дамыту үшін қалай көмектесеміз?
Мақсаты Оқушылардың ойлау деңгейін дамытуда іс-әрекеттің тиімділігін анықтау.
Оқушылардың ойлау денгейін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып нәтижеге қол жеткізу.
Күтілетін нәтижеОқушыларға ойлау денгейін дамытатын тапсырмалар бере отырып, тиімді іс-әрекет жасауға дағдыланады.
Оқушылардың түрліше ойлау денгейін зерделеп, ойлау қабілетін дамыту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.
Түйінді идеялар Оқушылардың терең ойлау қабілетін дамыту.
Қосымша материалдар, ресурстар Интербелсенді тақта, слайдтар, маркер, стикер, түсті қағаздар, флипчарт, қима үлестірмелер.
Жаттығудың барысы
Жаттығу этаптары Уақыт Коучинг қатысушылары және коучтың іс-әрекеттері
Топтарға бөлу
4 минут «Атомдар және молекулалар» ойыны арқылы топқа бөліну.
(Сіздер кеңістікте айналып жүрген атомдарсыздар, бір-біріңізбен кездесесіздер, кейде тоқнасып қаласыздар. Кейде сіздер бірге бірігіп молекулаларды құрайсыздар. Мен айтқан кезде молекула құрайсыздар)
Тапсырма 1.
(Оқушылардың ойлау деңгейін дамытуда іс-әрекеттің тиімділігін анықтау) 7
минут Сұрақты ұстап ал
Әр бір топтан бір адам шығып отырған мұғалімдерге сөйлемдерді оқып ыммен, ишарамен айтады, басқалары табады.
I-топтың тапсырмалары:
1.Тырнақтай ғана.
2.Жұмған аузын ашпау.
3.Санын соғып қалу.
4.Жерден алып жерге салу
II-топтың тапсырмалары:
1.Үріп ауызға салғандай
2.Көп түкірсе көл
3.Бармағын тістеу
4.Жаны мұрнының ұшына келу
Тапсырма 2.
(Оқушылардың ойлау денгейін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып нәтижеге қол жеткізу)
7
минут Мақал-мәтелдерді табыңыз.
I-топтың тапсырмалары:
1.Еллжэажмбірлігілжнеслсив-ьжвлмэыелажджаыльсытеңдігішосжравфлс.
2.алпдыжТіліңменажсдсдыжүгірмемдыласрьв,біліміңменаюжэвркчьжүгіроал.
3.алоттатОтаныңтмщшерьвбстынышльмбжакцйбс —мббмьлтмьссеньавбасжмотынышодлтмдмлажддаб.
II -топтың тапсырмалары:
1.выжбсЕлдіңмвдысдьрнегубасыныжщшенс иыоимьчбатырвлыжфсқосаралы.
2.Күшпрчлцубілімдевамчтиьа,білімаммтилчбтпалкддмб кітапталаосвсдьм.
3.лажсвоовьОтаномутм чжқадірінетмломбжетпегенвмыөзабюмқадіріне аьыдыбжетпейдімбмюиьтллхд.
Тапсырма 3. 3 минут Бейне таспа көрсету
Оқушылардың ойлау деңгейін дамыту жолдары.
13 минут Блум Таксаномиясы

Сүреттермен жұмыс.
Бұл ертектерге ашық және жабық сұрақтар құрыңыздар.
Бұл сұрақтарды сабақтарыңызда қалай қолданасыздар? Сіздер қандай стратегияны таңдадыңыздар?


Кері байланыс
4 минут 1.Коучинг сабағының өткізілу барысы Сіздің қызығушылығыңызды тудырды ма?
2. Сүреттерге қарап ашық және жабық сұрақтар құрудың тиімділігі неде деп ойлайсыз?
Қортынды 7 минут
Оқушылардың түрліше ойлау денгейін зерделеп, ойлау қабілетін дамыту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданатын болады. Сабақтарында көбірек ашық сұрақтар қолданатын болады және оқушылардың ойлауы үшін қандай тапсырмалар беру керектігі туралы біледі, пікір таластыруға, салыстыруға және қиындықты шешуге үйренеді.