Поурочный план на тему: ??стар?а к?мектесеміз


«Құстарға көмектесеміз»
Ұ.Жәкеева, №32-мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Астана қаласы
Сабақ мақсаты: Мәтіндер негізінде құстар жайлы ақпараттық танымын кеңейту. Лексикалық тақырып аясында көптік жалғауларын меңгерту.
Жаңа тақырып аясында берілген сөйлемдер мен мәтіндер бойынша жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.
Оқушыларды құстарға қамқор болуға, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, «Жануарлар әлемі» циклынан «Құстар» деректі фильмі.
Оқыту әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту жаттығуы, «Қандай құс?» ойыны.
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу: Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.
Өткен сабақты тексеру: Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Көптік жалғаулары.
І. Қызығушы-лықты ояту: Оқушыларға интерактивті тақтадан «Құстар» деректі фильмін көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: - Балалар, сендер құстар фаунасы жайлы не білесіңдер? Қай құсты сипаттай аласыңдар?
Деректі фильмді көреді, құстарды сипаттайды.
ІІ. Мағынаны тану:
1. Сөздікпен жұмыс.
А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды.
Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтінмен жұмыс.
А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады, мазмұнын айтады.
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Мәтіндегі көптік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазады, қою қарамен жазылған сөздердің аудармасын табады.
Б) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Айтылым. Кестені толтырады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
В) Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтінде кездесетін құстарды айтады.
Ойын – жаттығу: «Біз орманға барамыз»
3. Мәтінмен жұмыс.
А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады, мазмұнын айтады.
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Мәтіндегі көптік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазады, қою қарамен жазылған сөздердің аудармасын табады.
Б) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Айтылым. Кестені толтырады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
В) Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтінде кездесетін құстарды айтады.
Г) Айтылым. Тілдесім. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Тілдесім. Мәтінге тақырып қояды, мазмұнын өз сөзімен айтады, жоспар құрастырады, сұрақтарға жауап береді.
4. Мәтінсоңы жұмыс.
А) Айтылым. Мәнерлеп, дұрыс айтуға машықтандыру үшін 8-тапсырманы орындатады.
Айтылым. «Ойлан, тап» айдары бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ә) «Сыр сандықтағы» сөздер.
«Сыр сандыққа» салынған сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды.
5. Сергіту жаттығуы. “Қос қарлығаш“ ойынын ойнатады.
Текшені кезекпен лақтырып, тақтада көрсетілген сурет бойынша құстың атын айтады, сипаттайды.
ІІІ. Ойтолғаныс: «Құстарға ұя жасаймыз» деген тақырыпта әңгіме құрауларын тапсырады.
Өзара бірлесе отырып әңгіме құрайды.
IV. Бекіту: «Сыр сандықтағы» сөздер.
«Сыр сандыққа» салынған сөздердің мағанасын талдау, есте сақтау.
V. Бағалау:
VI. Үйге тапсырма: Оқулықтағы 11-тапсырманы орындау.
Ойын – жаттығу: «Біз орманға барамыз»
Мақсаты: Моториканы дамыту.
Әуен ырғағы ойналады.
Тәрбиеші: Балалар мүмкін орманда бізден басқа біреулер бар шығар. Дауыстап көрейік. 
Жаттығу: «Жаңғырық»
Мақсаты: Естіп қабылдауды дамыту, жолдастарына деген қызығушылықтарын арттыру. (Ағаш жанында жатқан хатты алу)
Тәрбиеші: Мына хаттың ішінде орман құстарының ойын тапсырмалары бар екен. Себеттегі құстардың тапсырмасын орындай отырып, оларды ағашқа қондырамыз. Тапсырмаларды орындау үшін әртүрлі сынақтардан өтеміз.
Тапсырмаларды орындаймыз ба?
1 тапсырмасы:
Викториналық сұрақтар:
1. Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың. (Әтеш)
2. Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? (Қарлығаш)
3. Қай құс өзінің атын қайталайды? (көкек)
4. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)
5. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
6. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
7. Құстың негізгі мекені? (Ұя)
Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.
Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.
Жыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.
Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.
Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.
Халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.
Балалар менімен бірге құстарға ұя жасауға көмек беріңдерші.Балалар геометриялық фигуралар арқылы ұя жасайды.