Кіріктірілген ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні? технологиялы? картасы. Та?ырыбы: Аюды? досын табу?а к?мектесеміз


I кіші топқа арналған кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметінің ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Білім аймағы: «Коммуникация»
Бөлімі: Тіл дамыту
Пән аралық байланыс: «Таным»-Сенсорика, Жаратылыстану
Тақырыбы: Аюдың досын табуға көмектесейік
Педагогтың мақсаты: мемлекеттік және ана тілін үйренуге дайын, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға талпынысы бар мектепке дейінгі кіші жастағы балатұлғасын қалыптасыту.
Балалардың мақсаты: тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
Дамытушылық: қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту. Қоршаған орта туралытүсінктерін қалыптастыру барысында сөздік қорларын дамыту.
Білімділік: артикуляциялық аппаратын дамыту және барлық дыбыстар мен сөздерді дқрыс айтуға әзірлеу.
Тәрбиелік: ертегі арқылы балаларды мейірбаныққа тәрбиелеу.
Оқу түрінің үйымдастырылған формасы: аралас
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: балалардың ой-өрісін дамытуға арналған кілемше (фетрдан жасалған)
Сөздік жұмыс: күн
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: кілемшемен жұмыс жасау, түстерді қайталау, тақпақ жаттау.
Іс- әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері
Кел балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік Күлкі көңіл ашады. Күліп өмір сүрейік!
Балалар бүгін бізге көп қонақтар келді. Қане, барлығымыз бірге қонақтармен амандасайық.
Балалар шаттық шеңберін орындайды.
Балалар қонақтармен амандасады.
Үйымдастырушылық-ізденістік Балалар бүгін біз сендермен қызықты бір ертегіні тыңдаймыз. Ертегінің аты «Аюдың досын табуға көмектесейік» деп аталады.
Міне, балақайлар, мына клімшеге назар аударайық. Біздің күнімізді бұлт басып тұр. Күннің көзін ашайық. Келе ғой біреулерің келіп күннің көзін аша қойыңдар.
Сөздік жұмыс: күн
-Міне күннің көзі ашылып еді, қарда ери бастады.
Қар еріп күн жылынып гүлдер жайқалып өсті. Айнала жап-жасыл болды. Әдемі гүлдерге көбелектер келіп қонады. Көбелектер гүлдің нәрін жинасын. Көбелектерді гүлдерге қондырайық.
Балалар көктем мезгілінің тағы бір ерекшелігі жан-жануарлар, жәндіктердің оянуы. Жалпы барша тірі табиғаттың оянуы.
Міне, балақайлар мынау не?
-Дұрыс айтаысыңдар бұл-аю. Аю жаз бойы азығын жинап қыс бойы ұйықтайды. Ал көктем жеткенде оянады. Оянған аю енді өзінің досы қоянды іздеп табуға пойзбен жолға шығады.
Жолда бірінші торғайды кезіктіреді. Торғайдан сұрайды: -Торғай, торғай сен маған қоянның үйіне баратын жолды көрсетші
Торғай айтады: -Менің балапандарым ұядан құлап қалды. Ал мен болсам оларды таба алмай жүрмін. Сендердің маған көмектерің керек. Егер менің балапандарымды тауып берсеңдер, мен сендерге жолды көрсетемін- дейді. Олай болса балалар шөптің ортасынан торғайдың балапандарын іздеп көрейік.
Ойын: «Балалапандарды табайық.»
-Ал, қанеки балақайлар балапандарды тапсаңдар. Оларды анасының жанына орналастырайық.
Торғай аюға жолды көрсетеді. Аю ары қарай кетеді. Аю енді жодан шыршаның түбінде отырған кірпіні жолықтырады. Кірпіден: -«Кірпі, кірпі мен қоянның үйін таба алмай жүрмін. Маған жол көрсетші»-дейді.
Кірпі айтады: -«Мен мына шаршаларадың көлемін білмей тұрмын. Оның көлемін айтсаңдар, менде жолды көрсетемін.»
Ойын: «Үлкен-кіші»
Рахмет сендерге балақайлар. Енді кірпі шыршалардың көлемін білетін болды. Кірпі аюға жолды көрсетеді. Аю ары қарай кетеді. Жолдан бағдаршамды кезіктіреді.
-Балалақайлар аю бағдаршамнан өте алмай тұр. Қане, барлығымыз аюды жолдан өткізіп жіберейік.
Балалар бағдаршамның түстерін атай қойыңдаршы, қандай түстерді көріп тұрсыңдар?
Сергіту сәті.
Қызыл көзі жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары көзі жанғанда,
Сақ абай бол барынша.
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер, бел асып.
Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда.
Балалар мынау не?
Дұрыс айтасыңдар аю енді машинаны кезіктірді.
Машинаның түсі қандай?
Алдыңғы дөңгелегінің түсі қандай?
Артық дөңгелегінің түсі қандай?
Машинамен аю жарты жолға дейін жетіп алады.
Жолдан аю енді алма ағашын кезіктіріп, жолды көрсетуін сұрайды. Алма ағашы: «Көктем келіп күн жылынса да, менің бұтақтарым әлі бүршік жарған жоқ. Ал мен гүл жармасам жазда алма бермеймін. Маған көмектесіңдерші!»-дейді. Олай болса балақайлар тоғайдың бұтақтарына гүлдерді орналастырайық. Аюдың алдынан ұшып жүрген көбелектер шығады. Көбелектерден аю жолды көрсетулерін өтінеді. Көбелектер өздеріне гүл таба алмай жүргендіктерін айтып көмек сұрайды.
Ойын: «Көбелектерге арналған гүлдер»
Осылайша аю қоянның үйіне жетті. Қоянда аюды қуана қарсы алды. Олай болса қоянға арнап тақпағымызды айтып берейік.
Тақпақ:
Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Балалар ертегі тыңдауға қызығушылық танытады.
Кілемшедегі күнге назар аударады.
Бір бала келіп бұлтты жылжытады.
Балалар қайталайды.
Бір бала келіп қарларлы жинап алады.
Балалар назар аударып мұқият тыңдайды.
Бұл аю.
Балалар қызығушылықпен таңырқай қарайды.
Балалар назарларын кілемшедегі торғайға аударып, оның айтқаның тыңдайды.
Балапандар шөптің ішінен балалапандарды іздейді.
Балалар торғайдың балаларын тоғайға орналастырады.
Балалар кірпіге таңырқай қарайды.
Балалар шыршаның көлемін айтады.
Балалар қуанып қалады.
Қызыл, жасыл, сары түстерді атайды.
Бағдаршамның қызыл түсін көріп, балалар орындарынан тұрады. Бағдаршамның сары түсін көріп, екі жаққа кезек-кезек дайындалады. Бағдаршамның жасыл түсін көріп аяқтарын топ-топ басады.
Бұл-машина.
Машинаның түсі қызыл.
Алдыңғы дөңгелегі жасыл.
Артқы дөңгелегі сары.
Балалар алма ағашының гүлдерін орналастырады.
Балалар қызығушылықпен көбелектерге арнап гүлдерді бір-біріне түймелейді.
Балалар тақпақтарын айтады.
Рефлексиялық-түзетушілік Балаларға смайликтерді тарату арқылы оқу қызметімді қорытындылаймын. Балалар өз әсерлерін смайликтерді жабыстыру арқылы білдіреді. Балалар қуанып қалады.
Күтілетін нәтиже:
Педагог үшін: Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті стандартының қойылған мақсаттарын іске асыру барысында білім интеграция саласының педагогикалық процесті ұйымдастыру кезінде компетенцияны жоғарлату
Балалар үшін:
Біледі: ертегі тыңдауды
Игереді: үлкен-кіші ұғымы қалыптасқан
Меңгереді: кейіпкерлерге жанашырлық, көмектесу ниетін білдірген