Б?лім: Тіл дамыту. Та?ырыбы: Жабайы а?дар


Білім беру саласы: Қатынас.Бөлім: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Жабайы аңдар.Мақсаты: Балаларды жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету.
А)Олардың түрдерін бір - бірінен ажыратуға, ден мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Б) Аю,түлкі,қоян мен қасқыр балаларының қалай аталатынымен таныстыру. В)Жұмбақтар жасыру арқылы ойлау, қиялдау қабілеттерін арыттыру. Аңдарды қорғап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Кезеңдер Тәрбиешінің іс -әрекеті Баланың іс -әрекеті
Мотивациялық кезең
Ұйымдастыру кезеңі
Рефлексиялық кезең Шатық шеңбер:
Армысың алтын күн,
Армысың асыл жер.
Армысың көк аспан,
Армысың жан досым.
Балалар бір - біріне қолдарын беріп жылуларын сезінеді.
-Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Ол сандықтың ішіне ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты, біз оларды құтқарруымыз керек.
Тілімізді жаттықтыруға арналған тіл дамыту жаттығулары
Ян - ян - секендеген ақ қоян,
Ю - ю - ю - қорбандаған аю
Кі - кі - кі – бұл айлакер түлкі
Қыр - қыр - қыр - бұл көкжал қасқыр
- Бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атаймыз?
- Бұл аңдар қайда мекендейді?
- Қыс түсімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Аюдың апаны қыс та жылуды сақтап тұрады. Ал, балалар қоян, қасқыр, түлкі, қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүні өседі.
- Жабайы аңдар жыртқыш және пайдалы болып келеді?
- Аңдардың бізге пайдасы мол, олардың терісінен тон, жаға киімдер, бас киімдер тігеді.
Қасқыр- әлі жететін аңдармен, құстармен қоректенеді, үй жануарлар кездесе қалса ұстап жеп қояды.
Қоян- ағаштардың қабығын кеміреді,шөп шараларды жейді.
Түлкі-түрлі құстар,құстар жұмыртқасы,қар астындағы тышқандармен қоректенеді, балық аулап жейді.
Аю- судан балық аулап, жидек теріп,құстармен қоректенеді, қыс бойы ұйықтайды.
Д/О: "Сен білесің бе?"
Аюдың – баласы қонжық
Қасқырдың баласы – бөлтірік
Түлкінің баласы – мыршай
Қоянның баласы – көжек.
Д/О: "Даусынан табу"
Сиқырлы кезең:
-Балалар қараңдаршы аңдар өз себеттерін қалдырып кетіпті, себетте жапырақтар жатыр екен, кәне барлығымыз қосылып ұрлейк ші. Жапырақ астынан алмалар бар екен, балаларға сыйлық.
- Бүгін сендермен сиқырлы сандықтан нелерді құтқардық?
- Түлкінің баласы қалай атайды екен?
- Қасқырдың баласы қалай аталады?
- Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?
- Бүгінгі іс-әрекет қатты ұнады. Мен сендерге жақсы деген баға қоямын.
Жабайы жануарлар
орманда, таулы жерлерде, мекендейді.
Күтілетін нәтиже:Білу керек: Жабайы аңдарды ажырата алуды.Үйренеді: Жабайы аңдардың балаларын атауларын.Меңгереді: Балалар сұрақтарға жауап береді.
 
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту.Тақырыбы: Жабайы аңдар.Мақсаты:  Жабайы аңдармен таныстыру.
Білімділігі: Жабайы аңдардың атын дұрыс айтуға үйрету. Балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, тіл мәдениетін жетілдіру. Жабайы аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру, қоректенуі туралы түсінік беру. Тәрбиелік: Аңдардың түр-түстеріне көңіл аударып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Слайд жабайы аңдардың суреттері, құрастырма суреттер, орман көрінісі, жұмсақ ойыншықтар.
Кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
І. Мотивациялық кезең
ІІ Ұйымдастыру бөлімі.
Рефлексиялық кезең
Саламатсыздар ма,
Шаттық шеңбері
Қуанамын менде,
Қуанамын сенде,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Мультсериал көру «Ну Погади!»
- Не көрдіңіздер? Бұл аңдарды қайдан көрдіңіздер?
- Бұлар қайда мекендейді?
- Бұлар қандай жануарлар? Үй жануарларынан айырмашылығы неде?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыз «Жабайы аңдар» деп аталады? Жабайы аңдар орманда, таулы жерде мекендейді. Олар өз азықтарын өздері тауып жейді. Жабайы аңдар жыртқыш және пайдалы болып бөлінеді. Аңдардың бізге пайдасы мол, олардың терісінен тон, жаға киімдер, бас киімдер тігеді. Немен қоректенеді? Қасқыр мен жолбарыс өздерінен кіші аңдарға шабады. Түлкі ұсақ аңдар мен, тышқандармен қоректенеді. Қоян шөптермен қоректенеді, ең сүйікті тағамы – сәбіз. Аю – жазда жеміс – жидектермен ал қыста ұйықтайды.
Бүгінгі сабағымызда орманға саяхат жасаймыз.
- Балалар, орманға келдік, мына алдымыздан шыққан аңның аты не?
- Қоян.
- Дұрыс, енді балалар сол қоянның бізге тапсырмасы бар екен, оны орындамасаңдар орманға кіргізбеймін дейді, қоян. Орындаймыз ба?
Қоянның тапсырмасы: - Мына суреттегі аңдардың атын атап бер. (слайд)
- Сұраққа жауап беру және сол аңдар жайлы тақпақ айту.
- Қоян қандай? Қоян қорқақ.
- Түлкі қандай? Түлкі айлакер.
- Қасқыр қандай? Қасқыр жыртқыш.
Ақ қоян ау, ақ қоян,
Үркек қоян, сақ қоян.
Қаша берсең қалыңға,
Қорқағым деп ат қоям.
Мен айлакер түлкімін,
Алдау менің өнерім.
Таба алмаймын бір тыным,
Күнде, түнде желемін.
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Үп-үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан.
- «Кім жылдам?» ойынын шапшаңдыққа баулу үшін ойнаймыз. Үстінде аңдардың суреттері жатыр. Соларды үй жануарлары және жабайы аңдар деп екіге бөліңдер. Соларды тез жинау.
Сергіту сәтін орындап жіберейік.
Дыбыстық жаттағулар орындайық: менен кейін қайтала.
- Ыр, ыр, ыр ырылдайды қасқыр,
- Кі, кі, кі бұлаңдайды түлкі,
- Ян, ян, ян жүгіріп жүр қоян,
- Ю, ю, ю қорбаңдайды аю.
- Ары қарай жүрейік: Алдымызда кім кездесті? Қасқыр.
Жолбарыстың тапсырмасы: «Не жейді?» Жануарлардың нені жейтінін айту керек. (Суретпен жұмыс). «Аңдар қалай қозғалады?». Музыкамен аңдар
қозғалып шығады, қоян секіріп, түлкі бұлаңдап, аю қорбаңдап.
Жануарлардың құйрығын тап.
- Аңдардың қиылған суреттерін құрастыруға беріледі. (аңдардың суретін қиып, құрастыру керек)
-Жұмбақ шешейік:
Қалқиған құлағы бар,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
Қыс бойы ұйықтайды,
Көктемде оянады. (аю)
Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)
- Балалар, біз бүгін жабайы аңдармен таныстық.
- Олар қайда мекендейді екен?
- Қандай жануарлармен таныстық?
- Аңдардың күшіктерінің аттарын атаңдаршы?
Балаларды мадақтау.
Бүгінгі сабағымызға қатысқандарыңызға рахмет.
Орнымыздан тұрайық,
Түзу сызық құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау – саламат болайық. Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жабайы аңдарды ажыратыла білді
Қандай түсініктерді игерді: Аңдардың балаларының аттарын айтуды игерді.
Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Аңдарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Білімдік салалар: Қатынас
Бөлімі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Жабайы аңдар
Мақсаты:
А)Балалардың жабайы аңдар туралы түісініктерін кеңейту.Жабайы  аңдардвң аттарын дұрыс атауға,олардың балаларының аттарын дұрыс айтқызу.
Б)Сөздік қорын дамыту.тіл мәдинетін жетілдіру.
В)Аңдарға ,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Орман жабайы аңдар,қар жамылған ағаштар.
Алдын ала жұмысы: Бейнетаспа. Аңдардың суреттері. 
 
Қызметтин кезендеріТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-арекетіМақсатты -түрткі болғыш  Балалар,іс-әрекетімізді бастамас бұрынШаттық шеңберін құрайық.
 
Шеңбер құрып бәріміз,
Айналамыз дөңгеле.
Амандасып осылай,
Сәлеметсіз бе! Балалардың 
амандасуыІздестіру – ұйымдастыруҚорбаң қорбаң етеді,орман оның мекені.
Тәтті балға тойып,
Қыста ұйқыға кетеді.
-Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз?
-олар қайда тұрады?
-Біз сендермен сиқырлы сандықтағыЖабайы аңдарды құтқарып қалдық,оларСендерге рахмет айтуда,онда сендермен “Не артық ойынын ойнайық”.
-Мына суретке қараңдаршы,нелердіңСуреттері?
-қане-,дұрыстап қараймыз,қандай жануарртық?-Дұрыс,сиыр үй жануары,қалғандарыжабайы аңдар.
Сонымен қатар аңдарды аңдар саябағынанкөруге болады.
Сендермен аңдар саябағына аңдардыкөрейік.Балалар,қараңдар аңдар бізденқорқып тығылып қалыпты.Он сендермен“Ойлап,тап”ойынын ойнаймыз.
Саяхатты  аяқтап балалардың бүгінгіІс-әрекеттерін алған білімдерін бекіту.
Аңдардың  жанында нелер жүр?
Аңдардың балаларының  аттарын  айқызу.
Сергіту сәтті.
Балалар Жабайы аңдар туралы тақпақтарБілесіңдермен?
Қ-ойын.”Көлеңке”  
Аю 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аңдардың  балалары.
БалалардыңТақпақтары.АңдардыңТұрысын келРефлексті дәлелдеуБүгін сендермен сиқырлы сандықтаннелерді құтқардық?
Олардың балалары қалай  аталады?
Балалар бүгінгі сабағымыз сендергеұнадыма?
Бүгінгі сабақта бәрін белсенеҚатыстыңдар,осымен сабағымыз аяқталды.
Күтілген нәтиже:
Нені біледі: Жабайы аңдарды.
 
Балалар жауабы.
 
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жабайы аңдарды ажыратыла білді                                               
Қандай түсініктерді игерді: Аңдардың балаларының аттарын айтуды игерді.           
Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Аңдарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.