Технологиялы? карта «Б?лме ?сімдіктері»


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері.
Мақсаты: Балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы білімдерін толықтыру .Қазтамақ пен фикус гүлі туралы айтып, оларды бір – бірінен ажырата білуге, тани білуге үйрету және күту ерекшеліктерімен таныстыру . Бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін іс жүзінде көрсету арқылы еңбекқорлыққа баулу .
Билингвальды компонент: өсімдіктер – растения , гүл – цветок, сабақ –стебель жапырақ – лист.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Балалардың назарын топтағы бөлме гүлдеріне аударады .
-Мыналар нелер?
-Гүлдер не ішінде өсіп тұр?
-Мұндай гүлдерді қайда өсіреміз?
-Дұрыс, бұл гүлдер бөлме өседі.
Сондықтан оларды бөлме өсімдіктері деп атайды. Бөлме өсімдіктері ауаны тазартады . Балалар мұқият тыңдап сұрақтарға толық жауап береді .

Ұйымдастырушылық ізденушілік -Қазір мен бір өсімдікті сипаттаймын, ал сендер қандай өсімдік екенін табыңдар .
-Жапырақтары сопақша, үлкен, түсі қою жасыл. Бұл қай өсімдік?
(Фикус гүлін көрсетеді ).
-Бүгін сендерді жаңа бөлме өсімдігі – хош иісті қазтамақпен таныстырамын.
Қазтамақтың сабағы жасыл, шырынды, сабағының бойымен хош иіс беретін жапырақтары өседі .
Оның гүл шоғырлары хош иісті және әртүрлі түсті болады , бірақ көбіне қызыл гүлі бар қазтамақтар көп кездеседі. Билингвальды компонент: өсімдіктер – растения , гүл – цветок, сабақ –стебель жапырақ – лист.
Тыныс алу жаттығуы: «Гүлдердің хош иісі» .
-Қазтамақтың хош иісін сезіну терең тыныс алайық.
-Қазтамақ – дәрілік өсімдік . Одан дәрілік майлар жасалады . Хош иісі бөлмеге ұсақ шіркейлерді келтірмейді .
-Балалар, қазтамақтың фикустан айырмашылығын қарастырайық .
-Фикус қандай күтімді қажет етеді?
Жапырақтарындағы шаңды немен сүртеді?
-Не үшін жапырақтардағы шаңды сүртеміз?
Жапырақтарды ауаны тазартады .
-Өсімдіктерді қалай суару керектігін көрсетіңдерші .
-Су құйғыштың тұмсығын гүл ыдысының шетіне салып, суды шашыратпай суару керек .
Бөлме өсімдіктерін қалай күтіп – баптау керектігін түсіндіреді.
Сергіту сәтін өткізу .
Біз гүлдер ше өсеміз,
Жапырағы жайқалған,
Сабақтары салалы,
Жел күшімен шайқалған.
Таңғажайып сәт .
Есік қағылып, бөлмеге дәрігер Салауат кіреді .
-Сәлеметсіңдер ме, балалар ! Мен мейірімді Салауатпын . Таңертең маған көжектер келіп, құлақтарының ауырып тұрғанын айтып еді . Ал менің дәрі салғышымда дәрілер таусылып қалыпты. Балалар , сендердің топтарында дәрілік өсімдіктер бар ма?
-Балалар, сендерге үлкен рақмет ! Сендер маған көмектесетіндер, енді мен өз достарымды емдеп аламын . Сау болыңдар! Айтылған сипаттама бойынша фикусты табады .
Мұқият тыңдайды .
Қайталайды .
Қазтамақ гүлінің иісін иіскеп , тыныс алу жаттығуларын орындайды .
Балалардың жауабы .
Қимылмен көрсетіп жасайды .
Балалардың жауабы .
Рефлексиялық –реттеушілік Сұрақ –жауап әдісі арқылы іс – әрекетінде алған білімдері қорытындыланады. Сұрақтарға жауап береді. Бір –бірінің жауаптарын тыңдайды
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады : бөлме өсімдіктерін бір – бірінен ажырата білуге арналып тапсырмаларды.
Түсінеді : табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы мәліметтерді .
Қолданады : бөлме өсімдіктерін күте білу дағдыларын іс жүзінде .