Презентация. Жалбызды? емдік ?асиеттері. ?ылыми жоба 23 бет
Жалбызым! Жалбызым! Қасиетіңді білгенде Өлмес еді жалғызым.... Халық нақылы Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Жалбыз өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Жалбыздан дайындалатын тұнбаларға сипаттама бере отырып, олардың жасалу жолдарын зерттеп танып-білу. Қосжарнақтылар класына жататын ерінгүлділердің жер жүзінде 3500-ге жуық түрі өседі. Қазақстан аумағында олардың 234 түрі бар. Еріндігүлділерді кейде тауқалақайгүлділер деп те атайды. Қазақстанда суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арық бойында, шалғындықта, тоғайда, таулы аймақта (2000 м биіктікке дейін) өсетін 9 түрі бар. Оның бұйра Жалбыз (Menthacrіspa), бұрыш Жалбыз (Mentha pіperіta) және дөңгелек жапырақты Жалбыз (Mentha rotundіfolіa) деген түрлері қолдан өсіріледі. Сондай-ақ ұсақ жапырақты жалбыз, ақ жалбыз және т.б түрлері кездеседі. Кең тараған маңызды түрінің бірі дала Жалбызы (Mentha arvensіs). Оның биіктігі 15-60 (110) см. сабағы тік, бұтақталған, жапырағының жиегі ара тісті үшкір, ирек, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері шар тәрізді жалған күлте бас, немесе масақ гүл шоғырына топталған, қос жынысты, кейде дара жынысты болады. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға, тамақтан уланғанда, асқазан-бауыр ауруымен ауырғандарға, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда, қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3-еуін салса жеткілікті. Жалбыз қосылған шайді: қан қысымы жоғары адамдарға, 6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шай адам ағзасын тазалайды. Тағы бұл өсімдіктен жасалған дәрі және құрғатылған шөп дәрісі ретінде де қалалардың кез келген дәріханаларында қол жетімді бағада сатылады. Ғылыми жобаның толық нұсқасын жүктеу ақылы. Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды. Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) Каспий банк депозитіне ЖСН 750115401055 номеріне ақша аударып,немесеQiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады. Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!Байланыс телефоны (ватсап) : 8-701-859-48-75 Сауле