Ша?ылды? емдік ?асиеті та?ырыбында?ы ?ылыми жоба
Тақырыбы: «Жеті ата-жеті ұрпақ»
Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі жас ұрпаққа өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін біліп, құрметтеп, ұлттық құндылықтардан ғибрат алуға шақыру.Зерттеудің міндеті: «Жеті атасын білген ұл Жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген Құлағы мен жағын жер»,- деген жүйелі сөздің мағынасын ашу.Менің жетінші атам – Бейсен. Ол кім? Ол- шешен. Мен оны қайдан білдім? Ораза кезінде үйге қарт кісілерді қонаққа шақырдық. Анама дастарқан жайысып жүріп, ол кісілердің мына бала сол атаң туралы біле ме? деген сұрағына елең ете қалдым. Кейін қонақтар тарағаннан кейін әкемнен сол атам туралы сұрай бастадым. Әкем жеті ата туралы шежірені көрсетіп, әңгімелеп берді. Мен сыныпқа барып сыныптастарымнан сұрап едім, олар да аталары туралы біле қоймады. «Жеті атамды зерттеуімді, осы арнада жұмыс жүргізуіме түрткі болып ғылыми жобамның тақырыбын «Жеті ата-жеті ұрпақ» деп алдым.Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екен. Ол дала тұрғындарының паспорты деп айтсақ қателеспейміз.«Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған. «Жеті ата» деген ұғымда «ата» деген сөз бар. Яғни бұл «ата-баба» деген ұғымды көрсетіп, тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай айтып тұр. Олай болса, жеті ата шежіресі өзімізге дейінгі ата-бабаларымыздан бастап таратылады. Яғни: 1. Өзің. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6.Түп ата. 7. Тек ата (2-кесте). Бұл атаулар кей жерлерде басқаша айтылуы да мүмкін. Бірақ, қалай дегенмен де, жеті ата жолы осылайша таратылатын бұрынғы би, шешендер айтып кеткені – ақиқат шындық. Бұған қазіргі жөн, шежіре білетін қариялар да дәл жауап бере алады. Бұрынғылар жөн сұрасқанда «Ата-тегің кім?» – деп сұрайтыны, міне, осыдан шыққан. Шежірем Саңмұрыннан туған жаудан беті қайтпаған, екі сөйлеуді білмеген, сайдың тасындай бес жігіт: Итбол, Байбол, Төле, Тоқсан және Наурыз «Бесқара» атанған Бәйгелді ұрпақтарынан боламын.Руым: арғын, қырықмылтық. Жеті атам: Қарағұл, Әбілхасым, Қожахмет, Жүніс, Жандос, Бейсен . Ол мәліметтерді мен атамның інісі Жанайдан білдім. Бейсен атам 1834 жылы туып, 1904 жылы қайтыс болғанын Шұбалаңдағы қабірі басына Тұрғанбекұлы Жәркен мен Қарасайлар ағаларымның орнатқан ескерткіш тастан білеміз. Ол кісі Шұбалаңның күн батыс жағында биік қыр басында жерленген.Бейсеннің бала кезінде айтқан Бейсеннің 8-9 жас шамасында көрші байдың баласымен асық ойнап жүрген кезі болса керек. Бай баласының бүйіріне корғасын құйып, сыртын алтынмен әшекейлеген әдемі сақасын Бейсен көптен ұнатып, қызығып жүріпті.Бір күні, сыртқа дәрет алуға шыққан бай үйінің қонағы мынадай уақиғаға куә болыпты.Бір топ балалар асық ойнап жүргенде бай баласының қорғасын құйып алтын жалатқан сақасы ұшып келіп Бейсеннің аяғына ілігеді. Бейсен оны дереу аяғымен құмға сіңіре кояды да, өзі басқа жерге жылжып тұра қалады. Бай баласы ұшқан бағытымен көп қарап, сақасын таба алмаған соң, Бейсенге сақамды сен алдың деп бәле салады.Сонда Бейсен айтады: «сақаңды мен алды десең, мына балалар куә болсын, мені тінтіңдер. Егер менің бойымнан сақа табылса, күнәм үшін мен саған қырық кентай (жәй асық) қосып берейін, егер де менің бойымнан сақа табылмаса, мені жазықсыз жазғырғаның үшін сен маған қырық кентай айып төле» деген билік айтыпты.Әрине, тінткенде Бейсеннің бойынан сақа табылмайды, сөйтіп, бала Бейсен бай баласының алтын сақасын тығып қойып, әрі оның қырық кентай асығын олжа қылғанын көзімен көріп куә болған әлгі ақсақал: «түбі осы қара баладан атақты БИ шығар-ау» десе керек.Жандос 5-ші атам өз заманында домбырашы,қобызшы болған. Менде домбыра тартып, қобызда ойнаймын. Қалалық сайыстарға шығып жүлделі орындарға ие болдым.Зерттеген еңбегімде тарих, ана тілі пәндерге деген қызығушылығын артып, оқулықтарды, деректерді пайдалана отырып, іздеуімнің арқасында өзімнің жеті аталарым туралы білімімді толықтырдым. Шежіре арқылы әркім өзінің ата-бабаларының кезінде би болғандығын, батыр болғандығын немесе білгір кісі болғандығын немесе бай болғандығын біліп, соны мақтан тұтады. Соған еліктейді, соған асып кетуге тырысады. Қазақтың бүкіл ерлігі де, жеңісі мен жеңілісі де, сүйегіне түскен таңба мен маңдайына тұтқан мақтанышы да осы шежіре. Дүние жүзіне аты мәлім ұлы бабамыз Әбу-Насыр Әл Фараби: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» деді. Сондықтан, қорыта келгенде тәуелсіз ел боламыз десең тілің мен тарихынды жадыңнан шығарма, құрметте және қастерлей білуіміз керек. Осы тұрғыда мен өз сыныптастарыма жеті аталары туралы білу керектігі туралы үнемі айтамын, сыныптастарымның да жеті атаға деген қызығушылықтары туып өз аталарының кім болғандарын мақтанышпен , жарыса айтып жүр. Осы ғылыми жобамды жазу барысында өзімнің әкемнің шежіресімен тереңірек таныстым. Менің негізгі мақсатым «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген аталы сөздің мағынасын ашу. Қарға тамырлы қазақ жөн сұраса келе туыс болып кетеді. Мұның бәрі ата-тегін білгеннің арқасы. Жеті атасын білген адам жеті жұрттың қамын жер деп сондықтан айтады. Бұл тұрғыда зерттеген еңбегімде тарих, ана тілі пәндерге деген қызығушылығын артып, оқулықтарды, деректерді пайдалана отырып, іздеуімнің арқасында өзімнің жеті аталарым туралы білімімімді толықтырдым. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларымыздың тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жамананан жиреніп қорытынды жасауы,сабақ алуы тиіс.Шежіре арқылы әркім өзінің ата-бабаларының кезінде би болғандығын, батыр болғандығын немесе білгір кісі болғандығын немесе бай болғандығын біліп, соны мақтан тұтады. Соған еліктейді, соған асып кетуге тырысады. Шежірені дұрыс білген адам ол ең бірінші өзінің ағайындарын, одан жоғарғыларын барлығын біріктіреді. Ауыртпашылық заманда бір-біріне көмектеседі,жәрдемдеседі. Қазақтың бүкіл ерлігі де, жеңісі мен жеңілісі де, сүйегіне түскен таңба мен маңдайына тұтқан мақтанышы да осы шежіре. Дүние жүзіне аты мәлім ұлы бабамыз Әбу-Насыр Әл Фараби: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» деді. Сондықтан, қорыта келгенде тәуелсіз ел боламыз десең тілің мен тарихынды жадыңнан шығарма, құрметте және қастерлей біл.