?дебиеттік о?у К?к кептер (2 сынып)


Сабақтың тақырыбы: М.Гумеров. Көк кептер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру, мәтінді талдауға үйрету. Мәтінмен жұмыс жүргізуге баулу;
Дамытушылық: сөздік қорын арттырып, сөйлеу тілін дамыту. Құстар және табиғат жөніндегі танымдық білімді толықтыру;
Тәрбиелік: табиғатты сүюге, құстарға қамқорлық жасап, күтуге, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ауызша әңгіме, оқулықпен жұмыс, проблемалық сұрақ-тапсырма.
Көрнекілік: кептердің суреті, сөзжұмбақ 9 құс, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал
ІІ. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Балалар, қай көл өз арнасынан төмен түсіп, экологиялық зардап шегіп отыр?
Балқаш
Біз өз сыныбымыздың ішінен осы Балқаш көліне байланысты қайырымдылық іс-шара ұйымдастырайық.
Сендер өздерің бір-бір тамшы болса да өз үлестеріңді қоса аласыңдар.
Көлдің сәні не?
Құстар
Ендеше, мына «9 құстың атын тап».
ІІІ. Оқушыларды жаңа материалды саналы және белсенді игеруге даярлау.
Жұмбақ – сурет «9 құс» сөзжұмбағын шешіп көрейік. Сөзжұмбақтың әрбір сөзін дұрыс тапқан оқушы, тамшы болып Балқаш көліне өз үлесн қосады.
Үй 0 0 0 (үйрек)
0 0 0 0 0 шін (көгершін)
0 0 0 кіт (бүркіт)
0 0 кек (көкек)
Ит 0 0 0 0 (ителгі)
0 0 0 0 лақ (жапалақ)
0 0 0 торғай (бозторғай)
Бәбі 0 0 0 (бәбісек)
0 0 0 қазан (бірқазан)
сонымен қатар, әрбір тамшының артында әріп жасырынған.
Балалар, тамшылардың артынан қандай сөз шықты? («Көк кептер»)
ІV. Жаңа білімді меңгерту.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көк кептер».
Енді мына суретке назар аударыңдар, кептер жерде қанатын сабалап, тыпырлап ұша алмай жатыр. Кептер осындай жағдайға қалай душар болды деп ойлайсыңдар?
Кептер – кептертәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең таралған Қазақстанда 2 туысы: кептер (6 түрі) және түркептер (4 түрі) бар. Кептерлердің қолға үйретілген түрін халық арасында – көгершін деп атайды.
Машқар Гумеров – 1927 жылы 11 қарашада HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%88%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%82%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Башқұртстан"Башқұртстанның Асқын ауданындағы Күбияз елді мекенінде ауыл молдасының отбасында туған. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1937" \o "1937"1937 жылы үй-ішімен Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келіп, қазақ орта мектебінде оқыған. Ұлты татар болғанымен, шығармаларын тек қазақ тілінде жазады. 1957-HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1977" \o "1977"1977 жылдары «Қазақстан», «Жазушы», «Жалын» баспаларында редактор болып қызмет атқарды.V. Оқулықпен жұмыс.
Машқар Гумеров. «Көк кептер»
мәтінді оқушылардың оқуы
сөздік жұмысы
Мәтін не жайлы?
Мәтіндегі кейіпкерлерді ата.
Мәтіндегі оқиғаны талдау.
Мәтін кейіпкерлері Не істеді? Сенің пікірің
Көрші әйел – Зияда апай
...
... Нүсіпбекке болысты.
...
... Нүсіпбекті жамандыққа қимады.
...
...
Дәптермен жұмыс.
VІ. Оқушылардың жаңа материалды түсінгенін тексеру
Нүсіпбектің орнында сен болсаң қайтер едің? Аймағанның орнында болсаң ше?
Шала-жансар көк кептерді қалай өлімнен құтқарып қалуға болады?
Нүсіпбек пен Аймаған арасындағы достыққа өз көзқарасыңды білдір.
VІІ. Жаңа материалды бекіту кезеңі.
Кейіпкерлерге (Нүсіпбек пен Аймағанға) мінездеме бер.
Нүсіпбек Екеуіне ортақ қасиет Аймаған
Нүсіпбек пен Аймағанға ұқсайтын балаларға сендер қандай ақыл бересіңдер?
Мәтіннен көк кептердің аянышты халі айтылған жолдарды тауып оқы.
VІІ. Үйге тапсырма: Көк кептер оқу, мазмұндау.
VІІІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.