Білекті бірді жы?ады, білімді бірді жы?ады сыныптан тыс ж?мыс (4-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, білім
деңгейлерін толықтыру.
Тез әрі дұрыс жауап беруге машықтандыру, білуге,
үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: шарлар, сұрақтар жиынтығы, мақал-мәтелдер.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап
Барысы:
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Сол білімнен аспанға жол салынар.
-Құрметті, жиналған қауым! Бүгінгі біздің «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» атты сынып сағатымызға хош келдіңіздер!
-Халқымыз жан-жақты адамды «сегіз қырлы, бір сырлы» дейді. Адамның сегіз қырының бірі –оның білімі. Олай болса, бүгінгі күн сіздердің алдарыңызда 3-сынып оқушылары білімдерін ортаға салады. Ендеше алдарыңызға сайыскерлерді шақырамын.
(Оқушылар орындарына келіп орналасады)
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие мәнін табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда- дегендей, ойын жарыс түрінде өтеді.
Сайыскерлер орнығып болса, сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін
Сайыс 6-кезеңнен тұрады.
І-кезең. Таныстыру.
1.Командаға бөліну: «Білгірлер», «Ойшылдар»
Командалар өздерінің топтарын таныстырады.
ІІ-кезең. «Біліміңді шыңда»
Бұл кезеңде оқушылар негізгі пәндер бойынша сұрақтарға жауап береді.
Әр топқа он сұрақ қойылады.
ІІІ-кезең. «Қас –қағым сәтте»
1секундта 3 сұраққа жауап беру.
Әріптерге байланысты жауап аталған әріптен басталуы шарт.
Қ әрпінен бастау.
ІҮ-кезең. «Ұйқасын тап»
Ү-кезең. «Бұл не?»
ҮІ-кезең «Есепке кім жүйрік?»
Олай болса сайысымызды бастаймыз.
1-кезең. Таныстыру.
1-топ.
Біз «Білгірлер» тек білімге бастаймыз,
Білмегенге үйретуден қашпаймыз.
Қарсыласқа тек сәттілік тілейміз,
Ал өзіміз жеңіссіз кері қайтпаймыз.
2-топ.
Біз «Ойшылдар» тобымыз,
Біліммен мыңды жығатын.
Қарсы алып қол соғыңыз,
Ақылдың тілеп қуатын.
2-кезең. «Біліміңді шыңда»
Бүл кезеңде төрт негізгі пәннен сұрақтар:
1-топ сұрақтары:
Адамдардың қатынас құралы. (тіл)
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері (Тоқтар)
Біздің туда не бейнеленген ( күн, қыран, ою-өрнек)
Табиғат нешеге бөлінеді? (екі)
Қазақтың үш биін ата (Қазыбек, Төле, Әйтеке)
Сендерді емдейтін кім? (дәрігер)
Еліміздің басшысы кім? (Н.Ә.Н)
4*9 нешеге тең (36)
Алғашқы кітабың (әліппе)
4 пен 7-нің қосындысының мәні нешеге тең (11)
Ең кіші екі таңбалы сан (10)
Біз қай елдің азаматымыз (Қазақстан)
Бір сағатта неше минут бар. (60)
Дауысты дыбыстардың түрлерін ата. (Жуан, жіңішке)
Жердің пішіні қандай? (Домалақ, шар тәрізді)
2-топ сұрақтары:
Бір аптада неше күн бар? (7)
16-желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік күні)
Білім ордасы не? (мектеп)
Ешкінің төлі қалай аталады? (лақ)
Тудың түсі қандай? ( көгілдір)
Қыстың көркі не? (қар)
Бір тәулікте неше сағат бар?(24)
Екі өркешті жануар (түйе)
Қазақтың ұлттық саз аспабы (домбыра)
Алфавиттің ең соңғы әріпі (я)
Жаяу адам бағдаршамның қай түсі жанғанда жүру керек. (жасыл)
Әуенмен айтылатын рәміз (гимн)
8*7 нешеге тең (56)
Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата (3)
Ең кіші үш таңбалы санды ата (100)
3-кезең. «Қас-қағым сәт»
Қ әрпінен келетін жауаптар:
1-топ.
Күй атасы кім? (Құрманғазы)
Үлкен кісі (Қарт)
Ұлт (қазақ)
Жылқының сүті (қымыз)
Есту мүшесі (құлақ)
2-топ.
Біздің Отанымыз (Қазақстан)
Музыкалық аспап (қобыз)
Математикалық амал (қосу)
Жылдың төрт мезгілінің бірі (қыс)
Бірінші айдың атауы (қаңтар)
4-кезең. «Ұйқасын тап»
Кеше ойнап секіріп,
Қанат алды ..........(екілік)
Өзі жиі дүлдүл
Бұл құстың аты ....... (бұлбұл)
Суға қармақ салып,
Ұстап алдық .............(балық)
Ал тез атын ата,
Бақылдайды ..........(бақа)
Тыңда тұяқ дүбірін,
Тұр-ау тыста кісі кеп.
Кенет менің құлыным
Қоя берді ..............(кісінеп)
2-топ.
Көктем шығып жайлауға,
Көшті біздің шаңырақ,
Жамырасып қойнауда
Қойы жатыр ............ (маңырап)
Қоңырауы жет-жет деп,
Шақырады ...............(мектеп)
Өзі бейне алау,
Желбірейді .......... (жалау)
Көрінбейді күндіз,
Бірақ сансыз ............... (жұлдыз)
Өрден төмен құлап,
Сылдырайды ......... (бұлақ)
5-кезең. «Бұл не?»
Әр топқа бес-бестен жұмбақ жасырамын.
Шешімін дұрыс тапқан топ жеңіске жетеді.
6-кезең «Кім жүйрік?»
1-топ.
Ақбілек бір көйлекке 4 түйме қадады. Осындай екі көйлекке неше түйме қадауы қажет? (8)
Қуыршақ 30 теңге тұрады. Осындай 3 қуыршақ неше теңге тұрады? (90)
Марат Қайраттан күшті. Кім әлсіз? (Қайрат)
Жарты қаздың салмағы 3 кг, ал тұтас қаздың салмағы қанша? (6)
Аспазшы шұжықты 3рет бөлгенде, неше шұжық шықты? (4)
2-топ.
Шанаға қосарлап жегілген үш ат 30км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өткен?
Бір себетте 7 кг алмұрт, ал екіншісінде одан 13 кг артық алмұрт бар. Екі себетте неше кг алмұрт бар?
Жексенбіден 3 тәулік бұрын аптаның қай күні болады? (бейсенбі)
Ең үлкен екі таңбалы санға 1-ді қосса неше шығады? (100)
Әлібек 1 айда 2 ертегі оқыды. Ол1 жылда осы қарқынмен неше ертегі оқиды? (24)
Қорытынды.
Әділқазыларға сөз кезегін береміз.
Марапаттау.
Оқу,білім жанған шырақ,ойласаң
Үйренерсің іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,