Урок по математике на тему : 13 саныны? екі бір та?балы сандар?а жіктелу ??рамы, ?осу мен азайтуды? с?йкес жа?дайлары
Сабақ жоспарыКүні 6.10.2015
Пән: математика
Тақырыбы: 13 санының екі бір таңбалы сандарға жіктелу құрамы, қосу мен азайтудың сәйкес жағдайлары
Білімділік мақсаты: жауабы 13 болатын кестелік қосу жағдайын және азайтудың сәйкес жағдайларын меңгеру
Дамытушылық мақсаты: есептеу дағдыларын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі
Көрнекілігі: сызба, ауызша есептеуге арналған дидактикалық материалдар, цифрлар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Тірек білімді пайдалану.
7
8
4
12
5
Ауызша жаттығулар. «Мысалдар құрастыр» ойыны.
12
«Күнді тап» ойыны. Әрқайсысының артында өтілген кестелік қосу мен азайту жағдайлары жазылға «бұлттар» тақтаға орындайды. Ал «күнді» тапқан оқушы өзгелерге сұрақ қояды.
1 2 3 4 5
ІІІ. Жаңа материалдарды оқып үйрену.
Жаңа тықырыпты таныстыру көрнекі құралдардың көмегімен жүргізіледі. Екі қатар қалталары бар тақтайша ілінеді. Әрбір қатарда он қалтадан бар. Балаларға қосу және азайтудың жаңа мысалдарын шешетіндіктерін айтамын. Тоғыз шаршы және екі дөңгелек көрсетемін. «Барлығы неше фигура көріп тұрсыңдар? Фигуралардың жалпы санын қалай есептеуге болады?». «Жоғары қатарға тоғыз шаршы қоямыз. Бұл қатарға тағы қанша фигура қосу керек? Оларды төменгі қатарға қоямыз. Барлығы қанша фигура болды? Біз неге алдымен бір дөңгелек қостық? Біз екі санын қалай қосқанымызды тақтаға жазамыз».
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Қосу мен азайтудың жаңа жағдайларымен танысу алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі және тапсырманың көп бөлігін оқушылар өз беттерінше орындайды.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.