Презентация. Ашы? саба?. Та?ырыбы: 1-ден 20-?а дейін санау.
Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
пәні: сауат ашу
Өткізген: Сарайшықова А.
МАД "б" сыныбы
Сауат ашу
Білім беру саласы: Таным.
Білім көздері: Сауат ашу.
Тақырыбы: "Ф"- дыбысы және әрпі.
Мақсаты: Ф дыбысы және әрпімен таныстыру. Ф дыбысына сөз, сөйлем құрастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға үйрету.
Көрнекілігі: кеспе әріп кассасы, түрлі-түсті суреттер, жұмбақтар жинағы, ф дыбысының баспа және жазба түрі.
Іс-әрекет
бөлімдері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Сәлемдесу.
-Армысың жарқыраған күн!
-Армысың жер-Ана!
-Армысың көгілдір аспан.
-Армысың, достарым! Балалар мұғаліммен бірге орындайды.
Ұйымдастыру.
1.Өткенді қайталау.
1. в-а ва, в-е ве, в-о во
Ва-гон ве-ло-си-пед ва-за
Вок-зал ак-ва-ри-ум
II.Негізгі бөлім
1.Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біздің сыныбымызға сиқырлы әліппе қонаққа келді. Ол сендерге ф дыбысы мен әрпі жайында түсіндіреді. Ендеше, барлығымыз сиқырлы әліппеге назар аударайық.
- Ф дыбысының жасалыну жолы туралы түсінік беру;
-Балаларды жаңа сөздермен таныстыру: кофе, фотоаппарат, телефон, факс, фартук, фигура, ферма, кофе, фонтан, фокус.
2.Жұмбақ шешу
1.Қыста дем алып,
Жазда тынбайды,
Көкке атылып,
Жерге құлайды.
2. Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды,
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды?
3. Қос бүйірін таянып,
Тұратұғын қай әріп?
3. Сергіту
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға,солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарпайық,
Орнымызды табайық.
4.Дәптермен жұмыс.
Жазба жұмысында дәптерге ф дыбысының үлкен және кіші әріптерін
үлгі бойынша толтыртамыз.
III. Мадақтау.
IV.Үйге тапсырма: "Ф дыбысы мен әрпін" оқу.
Қорытындылау.
Фатима, финал, кофта, фонтан сөздерінде неше әріп бар екенін цифрмен көрсету.
Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру.
Барлығы бірге қайталау.
Балаларға видео арқылы сиқырлы әліппеден ф дыбысы жайлы ақпарат көрсетіледі.
Балалар сурет арқылы жаңа сөздермен танысады.
фонтан
телефон
ф әрпі
(қимылмен көрсету)
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар тапсырманы жазып алады.
Балалар берілген тапсырманы орындайды.
Қорытындылау. "Ф" дыбысы мен әрпін тағы бір қайталап айту. Балалар мұғалімен бірге ф дыбысын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Ф дыбысын айтып жаза білуі тиіс.