Білім беру салалары: «Таным» Б?лімдері: ?М?? Та?ырыбы: Математика еліне саяхат (1-ден 5-ке дейін санау)


Білім беру салалары: «Таным»Бөлімдері: ҚМҰҚТақырыбы: Математика еліне саяхат (1-ден 5-ке дейін санау)Мақсаты: 1. Білімділік: 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау оң, сол, алдыда, артта ұғымдарын дамыту. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Апта күндерін атауды үйрету, балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, білімге деген құштарлығын арттыру.2. Дамытушылық: Балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамытып, санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту, ой - өрісін дамыту.3. Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Санамақ таяқшалар, геометриялық пішіндер кесінділер, ойыншықтар, үйшік.Әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс - әрекетіБалалардың іс – әрекетіМотивациялық - қозғаушылық Сабаққа ұйымдастыру. Балалар барлығымыз жылулық шеңбер бойына тұрып қонақтармен амандасайық.Күннің көзі ашылып,Көкке шуақ шашылып,Құтты қонақ келіпті,Төріме міне еніпті,Амандасу үлкенгеТәрбиенің басы ғой,Ал қанекей бәріміз,«Сәлеметсіз бе,» дейік үлкенге,Сәлеметсіздер ме, апайлар!(Балалар қонақтармен амандасады).- Қане барлығымыз орнымызға отырайық. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Күз мезгілі- Күз мезгілінде неше ай бар?Үш ай бар: Қыркүйек, қазан, қараша- Бір аптада неше күн бар?Бір аптада жеті күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.- Мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдаңдарТуысқан бес кісі, Бірінен – бірі кіші. Бәрінің аты бір, Ең кішісі шеткісі. (шешуі: бес саусақ)- Сандарға арналған санамақ кім біледі?Айдана: «Бір үйде біз нешеуміз?» санамағы.Бас бармақ - әкем, Балан үйрек - шешем, Ортан терек - ағам, Шылдыр шүмек - әпкем, Кішкене бөбек - мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.Іздену барлау Д. о «Үйшік».- Қараңдаршы балалар жазық далада үлкен емес, кіші емес бір үйшік тұр. Сол жазық дала бойымен 1 саны жүгіріп келеді, үйшікті көреді де есікті қағады, ешкім дауыс бермеген соң ішке кіреді. Осында тұрайын деп отырады. Солай 2, 3, 4, 5, сандары келіп берілген тапсырманы орындап барлығы бірге тұрады.5 саны: Есік тұтқасын ұстап ойланады. Әрі ойланып, бері ойланып сопақша пішін деп жауап беріп, үй ішіне кіреді. Осылайша сандар бірге тату - тәтті дос болып бірге тұрады. (Сандар қатарымен тұрады)Балалар қандай сандар екен? Осы сандармен ойын ойнайық «Қай сан жоқ?» Ойлау қабілеттері арқылы сандарды санау арқылы, жоқ санды табу.Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайық,2, 3, 4,- алақанды соғайық,Оң жаққа бұрылып,Сол жаққа бұрылыпБір отырып, бір тұрып,Біз жүгіріп алайық.5 дегенде асықпай,Орнымызды табайық.Балалар, есікті біреу қағып жапқан сияқты, естисіңдер ме? - Хош келдің, сен кімсің?Жалқаубек: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, менің есімім. Мен көмек сұрап келдім. Маған апайым тапсырма берді. Сендер көмектесесіңдер ме?1 - тапсырма: сандарды тура және кері санау.2 - тапсырма: мына пішіндер қандай пішіндер деп аталады? Қанша бұрыштары бар? Түстері қандай?Санамақ таяқшалардан қандай пішіндер құрастыруға болады? Жалқаубекпен ойын ойнайық. Геометриялық пішіндерге, сандарға байланысты сұрақ - жауап арқылы ойлау қабілеттеріңді байқап көрейік. «Көңілді математика» ойыны.1. Қандай зат дөңгелек тәрізді болады?2. Екі тышқанда неше құйрық?3. Сендердің жастарың нешеде? (Балалар қуана ойнайды).1 саны: Мен - 1саны, Бір дегенім - бала, Санды дұрыс сана. Сенің қанша атаң бар? Сенің қанша апаң бар?2 саны: Мен 2 санымын, сен қызыға қараған. Екі дегенім – ешкі, Таудан келер кешке. Лағы оның қанша? Ізде келмей қалса.3 саны: Мен 3 санымын, құралған екі ілмектен. Үш дегенім - үйім, Үйде жақсы күйің, Бақшадан да қалма, Тап - таза боп киін.4 саны: Мен 4 санымын, иілген үшкір шығанағым. Төрт дегенім - түлік, Жүрген мұны біліп, Жылқы, сиыр, түйе, қой, Санаңа мұны түйіп қой.5 саны: Мен сопақша пішінмін деп кіріп кетеді.1, 2, 3, 4, 5,(Балалар таңырқай қарайды).ЖалқаубекКөмектесеміз1, 2, 3, 4, 5; 5, 4, 3, 2, 1.Геометриялық пішіндер. Үшбұрыш – қызыл түс, Төртбұрыш - көк түс, Дөңгелек – сары түс, Сопақша – жасыл түс. Санамақ таяқшалардан үшбұрыш, төртбұрыш құрастырады.1. Күн, доп, қарбыз 2. Екі құйрық 3. Төртте, бестеРефлексивті – қорытындылау- Жарайсыңдар балалар, өте тапқыр екенсіңдер. Жалқаубек біздің балалардың білімге деген құштарлығын байқаған боларсың. Сен де апайлар берген тапсырманы күнделікті орындап жүр.- Балалар мен сендерге беретін сыйлықтарым бар. Балалар сендерге көп - көп рахмет!Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы: 1-ден 2-ге дейін сандарды біледі, таниды.Қалыптасқан әдет: Тура және кері санайды.Істей біледі: Суреттерге қарап сан құрамын ажыратады.