Ашы? саба? та?ырыбы ?шін, ?зір, Дейін циклдері та?ырыбын пысы?тау
Сабақтың тақырыбы: Үшін, Әзір, Дейін циклдері тақырыбын пысықтау
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға циклдық операторлардың мәнін,айырмашылығын және онымен еркін жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, оқушыларға компьютер-де берілген есептің шартына қарай цикл ұйымдастырудың қандай операторын қолданған тиімді екенін анықтап, оны программалау амалын меңгерту. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың шеберліктерін және компьютермен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту.Тәрбиелік: оқушыларды тиянақтылыққа, жинақылыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке, еңбек-қорлыққа, компьютерді сауатты қолдануға, ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс тәсілдері: жеке және топпен жұмыс, компьютермен жұмыс.
Құрал-жабдықтар,
көрнекті құралдар: сызба, кеcпе қағаздар, компьютер, интерктив тақта.
Пайдаланылған әдебиет: Г.К.Нұрмұханбетова, А.Әмірбекұлы «Турбо Паскаль тілінен практикум»
Б. Нақысбеков, А. Мұхамади Г. Мадиярова «Информатика және есептеуіш техника негіздері. Әдістемелік нұсқау. Алматы «Мектеп» 2009 жыл.4. Ж. Динисламов «TurboPascal ортасында программалау» Қызылорда – 2004.5. А. Б. Дәулетқұлов, С. С. Алғазы «ПАСКАЛЬ тілінде программалау негіздері» Алматы 2005 жыл.6. В. Н. Кирнос «Решаем задачи на Паскале» Кокшетау – 2004
Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Сыныпты 3 топқа бөліп циклдер тақырыбын қорғау
ІІІ 3 топқа тапсырма орындату, компьютермен жұмыс
IV тест тапсырмасын орындау
V Сабақты қорытындылау
VI Оқушыларды бағалау
VII Үйге тапсырма
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл – FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.«Әзірше» циклінің жазылу форматы: While do ;Цикл денесі логикалық өрнектің мәні true болғанша орындалады. While циклінде бастапқы кезде шарт тексеріледі, егер мән true (шарт сақталса), онда цикл денесі орындалып, басқару қайтадан логикалық өрнек шартының сақталуын тексеруге беріледі. Егер мән false болса (шарт сақталмаса), онда цикл денесі орындалмай басқару While циклінен соң кездесетін бірінші операторға беріледі. While циклдік операторы циклдік қайталау саны белгісіз болып, оның аяқталуының қандай да бір шарты берілген жағдайда қолданылады.While операторының орындалуының схемалық түрі төмендегідей болады:
«Дейін» циклінің жазылу форматы:
Repeat until ;Цикл логикалық өрнек false мәнін қабылдаған кезде аяқталады. Мұнда, Repeat (қайталау) – цикл тақырыбы, until (дейін) – циклдің аяқталу шарты. Логикалық өрнек мәні true болған кезде циклді орындау аяқталады. Repeat циклдық операторының жұмысы While циклдық операторымен бірдей. Айырмашылығы шартты тексеру цикл қадамынан кейін орындалады. Сондықтан цикл қадамы кемінде бір рет орындалуы керек.
FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.FOR операторының екі түрі бар:FOR <айнымалы>:=<S1> to <S2> do <оператор>;FOR <айнымалы>:=<S1> downto <S2> do <оператор>;Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; <оператор> – цикл тұлғасы.
Топтық жұмыс Берілген есепке 3 топ 3 түрлі циклде программа құрып, компьютерде орындап нәтижесін тексереді.
25336511493500
Y= X
Program j7;
Var a,x,y: real;
Begin
Write (‘a=?’);
readln(a);
X:= -3
While x<=2 do begin
If x<0 then y:= exp (3*x)+3*a Else y:=exp(sqrt(3*x+3*a));
Writeln (‘y=’, y: 1: 2);
X:=x+1;
End;
End.
Program j8;
Var a,x,y: real;
Begin
Write (‘a=?’);
readln(a);
X:=2
Repeat If x<0 then y:=exp(3*x)+3*a Else
Y:= exp(sqrt(3*x+3*a));
Writeln (‘y=’, y: 1: 2); x=x+1; until x>2;
End.
Program j9;
Var a,x,y: real;
Begin
Write (‘a=?’);
readln(a);
For x=-3 to 2 do If x<0 then y:=exp(3*x)+3*a Else
Y:= exp(sqrt(3*x+3*a));
Writeln (‘y=’, y: 1: 2);
End.
Әр оқушыға электронды тест тапсырмалары беріледі. Нәтижесін бірден тексеріп топ басшылары бағасын қойып шығады .
Тест тапсырмасы
9 сынып
1. Var қандай тарауды бiлдiредi
a) тұрақтылар
б) таңбалар
в) типтер
г) айнымалылар
д) операторлар2. Операторлар тарауы ... сөзiмен басталып, ... сөзiмен аяқталады.
a) begin, varб) begin, end
в) var, end
г) var, char
д) begin, char
3. Паскальда циклдердi ұйымдастырудың үш түрi бар:
a) Read, While, Repeat
б) Write, While, Repeat
в) While, Repeat, Else
г) While, Repeat, For
д) While, Repeat, Do
4. For-Do циклдiк операторы қайталау саны ... жағдайларда қолданылады.
a) алдын ала белгiлi болғандаб) айнымалылар белгiлi болғандав) тұрақтылар берiлген жағдайдаг) тұрақтылар бүтiн болғандад) айнымалылар нақты болғанда5. Тармақталу операторының жазылу түрi:
a) if <шарт> then <оператор1> else <оператор2>;
б) if <идентификатор> then <идентификатор>;
в) if <оператор> then <шарт>;
г) if <айнымалы> else <мәнi>;
д) if <айнымалы> then <мәнi>;
6. Const қандай тарауды бiлдiредi.
a) тұрақтылар
б) таңбаларв) типтерг) айнымалылард) операторлар7. х аргументiнiң квадраты
a) ln(x)
б) sqr(x)
в) abs(x)
г) exp(x)
д) sqrt(x)
8. Шығару-енгiзу операторларыa) if-then
б) write,readв) while-do
г) case-of
д) repeat-until
9. Шартты басында қою арқылы орындалатын циклдық оператор
a) if-then
б) for-do
в) while-do
г) repeat-until
д) case-of
10. Айнымалыларды сипаттау қайсы түйiндi сөзден басталады?
a) Constб) Label
в) Varг) Function
д) Procedure
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
C Б С А А А Б Б В В
0-3 4-7 8-10
«3» «4» «5»
Сен маған, мен саған бөлімі
Әр топ дайындаған жұмыстарын бір-біріне орындатады
Үйге тапсырма:
14859005715000№14 Y= X
Не білдім, не білгім келеді, несімен ұнады? Әр топ өз пікірлерін қағаз бетіне түсіреді.
9 - сынып.
ЦИКЛДЕР ТАҚЫРЫБЫНА БАҒДАРЛАМАЛАР ҚҰРУ. ЦИКЛДЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
КритерийлерБал
лдар Дискрипторлар А критерийі
Мак.6 балл
1 Циклдердің қызметін, құрылымын біледі, операторлардың жазылуынан қате жібереді .
1 Цикл операторларының жазылуын біледі Программа құрылымында тыныс белгілерін қоя алады, айнымалыларды сипаттауда қате жібереді.
2 Программа құрылымын біледі, операторларды жаза алады. Операторлардың аталуын дұрыс оқиды.
2 For, While, Repeat циклдерін меңгерген, түсінік айта алады. Операторларды қолдана алады.
В критерийі
Мак.6 балл 1 Программа құрылымын біледі, операторларды жаза алады. Программа құрылымында тыныс белгілерінен қателіктер жібереді, айнымалыларды сипаттай алады
1 Программа барысында цикл операторларын дұрыс қолдана алады, программа құрылымын дұрыс жаза алады, шартты дұрыс қоя біледі.
2 Программаны компьютерде орындай алады, қателерін жөндеу біледі.
2
Программаны орындап нәтижесін тексере алады.
С критерийі
Мак.6 балл 2
Жалпы пргорамма құрылымын, операторлардың жазылу ретін біледі.
2
Циклдердің, тармақталу операторының жазылуын, тақырыбын жаза алады.
2 Стандарт функциялардың жазылуын, айнымалылардың сипатталуын көрсете алады.
1-42% 43-67 % 68- 83% 84- 100%
1-6 7-11 12-15 16-18
«2» «3» «4» «5»
Информатика пәні бойынша бағалау парағы
қ/с Оқушының аты-жөні Ой толғау Тапсырма орындау Тест тапсырмасы Шығармашы
лық жұмыс Қорыт. балы Бағасы
Үй тапсырмасын баяндау Оқушы сөйлеуі Критерий бойынша балдар 0-12 13-17 18-21 22-25
Критерий бойынша балдардың жетістік пайызы 0-50% 51-74% 75-89% 90-100%
5-балдық шкала бойынша баға 2 3 4 5