100 ге дейінгі сандарды жазу, о?у ж?не салыстыру


Жалпы білім беретін Крутой негізгі мектебі
«100- ге дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру»
(ашық сабақ)
2- сынып
Мұғалімі: Г.А.Мамбетова
Ынтымақ ауылы, 2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: 100- ге деінгі сандарды оқу, жазу, салыстыру.Мақсаты:1. Білімділігігі: Екі таңбалы сандарды ондықтармен және бірліктермен санау арқылы шығарып алуға машықтандыру; екі таңбалы сандарды оқу және жазудың ерекшеліктерімен таныстыру, олардың орнына және ретіне қарай салыстырумен таныстыру.
2. Дамытушылығы: Білім, білік дағдыларын кеңейту, ой-өрістерін, қиялдау қабілеттерін дамыту,3. Тәрбиелігі: Тақырыпқа берілген оқу материалдарын жинақтау, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар Көрнекілігі: тірек-сызбалар, суреттер, слайд, смайликтерСабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Көңіл- күйлерін қалай?
Керемет (қолдарын көтереді)
Сабаққа дайындықтарын қалай?
Тамаша (алақандарын соғады)
Ынталарын ше?
Ғажап (қолдарын көтереді)
Ендеше, бастайық!
О-о-о (бас бармақтарын көрсетеді )
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№3- есеп
Сәулеттің 98 теңгесі болды. Ол 25 теңгеге тәтті тоғаш және 30 теңгеге сусын сатып алды. Сәулетте неше теңге қалды?
Болды- 98 теңге
Алды- тоқаш- 25 теңге және сусын 30 теңге
Қалды- ?
Шешуі: 1) 98- 25 =73
2) 73- 30 = 43
Жауабы: 43 теңге қалды
(смайликпен бағалау)
ІІІ. Жаңа сабақ
Мысалдарды шығарып, жауаптарын өсу ретімен орналастырып, шыққан сөзді оқу.

С     0+8                                 Т    70-50
Т     50-20                              Ә   20-10
К     60+40                             Л     40+10
І      20+20                             І      90-30
                                                           СӘТТІЛІК!
-Сендер осы сандар туралы не айтар едіңдер?
-Сендердің жауаптарыңдағы ең үлкен сан қайсысы болды?
-Сендер  100 санын қалай сипаттар едіңдер?
Суретте неше жолақша бар?
Әр жолақша неше шаршыдан құрастырылған?
Суретте барлығы неше шаршы бар?
Он шаршыдан 10 рет алсақ, барлығы 100 шаршы болады.
Бұл бір жүздікті білдіреді.
(100 санының жазылуы көрсетіледі)
1002. Жасыл жолақша нешеу? Суретте неше көк шаршы бар? Барлығы неше шаршыбар?
1 онд. 4 бірл.
1 4
Жасыл жолақша нешеу? Суретте неше көк шаршы бар? Барлығы неше шаршы бар?
1 онд. 6 бірл.
1 6
Есте сақта.
 
Ондықтар БірліктерСанның оқылуы Санның жазылуы1 1 Он бір11
1 2 Он екі12
1 3 Он үш 13
1 4 Он төрт 14
1 5 Он бес 15
1 6 Он алты16
1 7 Он жеті17
1 8 Он сегіз18
1 9 Он тоғыз 19
2 0 Жиырма20
Сандарды салыстыруға болады.
2 онд. 5 бірл. > 1 онд. 7 бірл.  
25 > 17
  5 онд. 6 бірл. < 7 онд. 8 бірл.
56 < 78
1онд. = 10 бірл
10 = 10                                 
5 онд. 8 бірл. < 100 бірл.   
58 < 100     
№4- есеп. ауызша              
Сергіту сәті. (қысқы жаттығу)
Ал, оқушылар, математикалық жәрмеңке өтеді. Қош келдіңіздер!
І- жәрмеңке. Сандарды ата және оларды цифрлармен жаз.
2 онд. 2 бірл. = 22
5 онд. 5 бірл. = 55
8 онд. 8 бірл. = 88
3 онд. 3 бірл. = 33
6 онд. 6 бірл. = 66
9 онд. 9 бірл. = 99
1 онд. 1 бірл. = 11
4 онд. 4 бірл. = 44
7 онд. 7 бірл. = 77
ІІ- жәрмеңке. Өрнектердің мәнін тап.
10+ 30=40
40+20=60
20+70=90
40+40=80
100-90=10
70+10=80
50-40=10
30+30=60
100-80=20
ІІІ- жәрмеңке. Өрнектерді оқы және оның мәнін тап.
17- (5+5) =7
80+(40-20) =100
100- (60+20) =20
50+(40-20) =70
(40+20)-50=10
(15-9)-5=1
(смайликпен бағалау)
Кітаппен, тақтамен жұмыс.
№6- есеп. Теңдеулерді шеш.
Х+1=6
2+х=5
Х-2=4
Х-6=3
6-х=3
8-х=1
ІҮ. Бекіту
Есептерді шығару арқылы гүлдің бейнесін жасау.
Ү. Қорытындылау
Сұрақ- жауап арқылы
ҮІ. Үйге тапсырма
№5 (ә)
ҮІІ. Бағалау.
Жинаған ұпай сандары бойынша оқушылар бағаланады.