Ашы? саба?: Шаянт?різдестер класы


Приозерск қаласының № 2 МББК” КММ – ні Биология пәнінің мұғалімі: Қосаева Қызғалдақ Тулеукуловна 7 “Б” сынып ашық сабақ Сабақтың мақсаты: Өрмекші тәріздестердің құрылысының өзіне тән ерекшеліктері, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайында түсінік қалыптастыру.Міндеттері:• Оқушылармен бірлесе отырып сабақ барысында өрмекшітәріздестер класының өзіне тән ерекшеліктерін анықтау, өрмекшілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын көрсету.• Салыстыруға, түйіндеуге, сараптауға және қорытынды жасауға үйрету.• Дамытушылық тапсырмалар арқылы танымдық іс - әрекеттерін дамыту.• Байқағыштыққа тәрбиелеу.• Қосымша мәліметтермен жұмыс жасау мотивациясын қалыптастыру.• Еңбек ету мәдениетін тәрбиелеу.Сабақтың тақырыбы: "Өрмекші тәріздестер" Үй тапсырмасыБуынаяқтылар типіне жалпы сипаттама?Буынаяқтылар типінің неше класы бар?Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшелігі?Шаянтәріздестер класы туралы не білесің?Шаянтәрізділердің табиғатта қандай маңызы бар?Шаянтәрізділердің қандай түрлері паразиттік тіршілік етеді? Өрмекшіні әдемі деп айтуға келе ме? Неліктен? Өрмекшіні көргенде сіздерде қандай ассоциациялар қалыптасады? Неліктен адамдарда өрмекшілер жайында мұндай түсініктер қалыптасқан?Әрқайсыңызға өрмекші қандай жамандық көрсетті? Қолдарыңызды көтеріңіздер.Өрмекші жайында не білгілеріңіз келеді? Жаңа сабақСабақтың тақырыбы:«Өрмекші тәріздестер класы» Арахна есімінен өрмекшілердің латынша атауы арахнида шыққан.Өрмекшілер жайындағы ғылым арахнология деп аталады. Топтық жұмыс 1 топ: шаршылы өрмекші мысалында өрмекшілердің сыртқы құрылысына байланысты жұмыс жасайды.2 топ: өрмекшінің өрмек тоқуымен танысады.3 топ: өрмекшілердің ішкі құрылысымен танысады.4 топ: өрмекшілердің көбеюімен танысады. Оқушылардың топтағы жұмыс істеу алгоритмі. 1. Әр оқушы мәтінді оқып шығады.2. Барлық оқушылар таблица түрінде тірек конспектілерін құрады, терминдерді жазады, тақырыптың маңызды түсініктерін дәптерге түсіреді, салыстырмалы таблицамен жұмыс жүргізеді. Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі.3. Әр топтан бір оқушы өздерінің таныстырылымын (презентациясын) тақта алдында қорғайды.4. Тақта алдындағы әр топтың таныстырылымы 1 топтың презентациясы: «Өрмекшітәріздестердің сыртқы құрылысы»Баскөкірек бөлігіҚұрсақ бөлігіЖүруге арналған аяқтарХелицераларыКүйісаяқПедипальптартұтқыаяқ 2 топтың презентациясы: «Өрмекші өрмекті қалай тоқиды» Сергіту сәті 3 топтың презентациясы: «Өрмекшілердің ішкі құрылыстарының ерекшеліктері»ЖүрегіЖүйке жүйесіЗәр шығару жүйесіАуызыАс қорыту жүйесіӨкпе қапшығыЖыныс мүшесіӨрмек тоқитын безі 4 топтың презентациясы: «Өрмекшілердің көбеюі» Өрмекшітәрізділер Сабақты қорытындылау.Дұрыс жауаптарды таңдап өрмекшінің атауын тап.1) өрмекшілердің денесі баскөкірек және бунақталмаған құрсақтан тұрады (Қ)2) өрмекшілер суда еріген оттегімен тыныс алады (О)3) өрмекшіде бірнеше жұп қарапайым көздер бар (А)4) аулайтын өрмегін өрмекші жақаяқтарымен тоқиды (М)5) өрмек өрмекшіге қорғаныш құралы, ұрпағын шығаратын және қорғайтын құрал қызметін атқара алады. (Р)6) барлық өрмекшілер ауадағы оттегімен тыныс алады (А)7) ас қорыту өрмекшінің сорғыш қарынында жүзеге асады (Н)8) өрмекшілерді 3 жұп аяқтары болады (В)9) өрмекшітәріздестер – гермафродиттер (Е)10) қантарату жүйесі – ашық (Қ)11) өрмекшілерде 4 жұп жүретін аяқтары бар (Ұ)12) зәр шығару мүшесі – мальпиги түтікшесі (Р)13) өрмекшілерде екі жұп мұртшалары болады (Н)14) өрмекшілердің тыныс алу мүшелері – трахеялар мен өкпе (Т) Синквейн құрастыру(бес жолды өлең)І. Атауы:ІІ. Ол қандай?(екі сөзден аспау керек)ІІІ. Ол не істейді?(үш сөзден аспау керек)Іv. Сөйлем құрастыру:V. Синонимы: І. Өрмекшілер.ІІ. Қорқынышты, улы.ІІІ. Тоқиды, аулайды, шағады.Іv. Өрмекшілер – құрлық жыртқышы.v. Арахнидалар. Балалар өрмекші туралы пікірлерің өзгерді ме?Рефлексия.Бағалау.Үй тапсырмасы: 46 оқу, өрмекшінің табиғаттағы және адам өміріндегі өміріндегі пайдасы туралы шығарма жазу. Назарларыңызға рахмет!