Коучинг жоспары Информатика саба?ында о?ушыларды? сыни т?р?ыдан ойлауын дамыту ?дістері


Коучинг өткізу жоспары №4
Күні: 03.03.2014 жыл Коуч: Нусипалиева Рауан
Сабақтың тақырыбы: Информатика сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту әдістері
Жалпы мақсаты: Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту жолдары мәселесіне көңіл аудару;
Сыни ойлауға бағытталған іс-шаралармен таныстыру.
Оқытуда күтілетін нәтижелер Сыни тұрғыдан ойлаудың балалардың оқуы үшін маңызды екендігін түсінеді.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту бойынша іс-әрекеттерді жоспарлайды.
Дереккөздер
Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІ деңгей
Cpm.kz порталының материалдары
Ресурстар Стикерлер, қаламдар, қағаз А1, А3, желім.
Түйінді идеялар: Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. 
Сыни тұрғыдан ойлау – ағылш.critical thinking –негізделген қорытынды жасай отырып заттар мен оқиғаларды талдауда қолданылатын және негізделген баға мен түсініктеме беруге, алынған нәтижелерді оқиғалар мен проблемаларды дұрыс қолдануға мүмкіндік беретін пайымдау жүйесі.
Жаттығулар мен бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер:
Жаттығулар Жаттығудың мазмұны Жұмыс әдісі Уақыт
Сергіту сәті
Топқа бөлу Қатысушыларға мектеп ұжымының атынан келген қорапша беріледі. Одан семинарға қатысушыларға арналған ашық хат шығады. Қатысушыларға қорапшадан түсі екі түрлі, тілек жазылған қағазы бар конфет таратылады. Сол қағаздың түсі бойынша қатысушылар топқа бөлінеді. Ұжымдық 3 мин
Ой қозғау Мұғалімдерге адамның ойланып, шешім қабылдауындағы олқылықтарын сипаттайтын сурет беріледі.
Жетектеуші сұрақтар:
Сурет бойынша қандай ой түйдіңіздер?
Осы жағдайдың орын алуына не себеп деп ойлайсыз?
Суретті мектептің білім беру жүйесімен байланыстырып сипаттап беріңіздер? Суретпен жұмыс 2 мин
Тақырыпқа шолу Сыни тұрғыдан ойлау дегенді қалай түсінесіз?
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің қажеттілігі неде?
Қатысушыларға сыни тұрғыдан ойлауға байланысты мәліметтер таныстырылады. Презентация 2 мин
Синквейн Ашық сұрақтар:
Сіз «Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері» тақырыбын өттіңіз делік. Келесі сабақта өткен тақырып бойынша материалды қалай қайталайсыз?
Қандай сұрақ қояр едіңіз?
Сіздің қойған сұрағыңыз оқушыларды сыни ойлауға итермелейді деп ойлайсыз ба?
Қатысушылар «Компьютер» сөзіне синквейн құрайды. Талқылау
8 мин
Көзбен көру арқылы сыни ойлауды дамыту Ашық сұрақтар:
Сіз «Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері» тақырыбын өттіңіз делік. Осы тақырыпта оқушылардың сыни ойлауын қандай тапсырмалар арқылы жүзеге асырар едіңіз?
Топтарға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді компьютер дамуның бес кезеңі бойынша сұрыптап, орналастыру керек. Топтық жұмыс
10 мин
«Алты қалпақ» әдісі «Алты қалпақ» туралы аңызбен таныстыру. Ол үшін әр топтан үш адамнан шығарып, аңызды айта отырып, қалпақ таңдату және не үшін таңдағандарын сипаттап кету. Сондай ақ әр қалпаққа сипаттама беру. Әңгімелеу 3 мин
Әр топ үш қалпақтан алып орындарына барады. Оларға 6 түрлі пікір жазылған кесте беріледі. Олар сол пікірдің тұсына сәйкес келетін қалпақты жапсырады. Топтық жұмыс 5 мин
Әр топ өздерінде бар қалпаққа қарай «Интернет» сөзіне байланысты пікірлер айтады. Топтық жұмыс 10 мин
Кері байланыс Кері байланыс парағын толтырады. 2 мин