Жасушалар. ?лпалар. М?шелер. М?шелер ж?йесі


Сыныбы: 6Тақырыбы: Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесіСабақтың мақсаты:Білімділік – тірі ағзалар, оларға тән белгілер, көптүрлілігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биология ғылымы, оның ботаника, зоология сияқты ірі салалары, еліміздің өсімдіктері мен жануарлары, оларды зерттеген ғалымдарымыз жайында қысқаша шолумен түсінік беру;Тәрбиелік – табиғатты қорғаудың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігіне, оны аялап сақтауға деген ынтасына жол ашу;Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.Құрал - жабдықтар: электронды көрсетілімдерСабақтың типі: жаңа білім беруСабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндауСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.2. Оқушы назарын сабаққа аудару.II. Үй тапсырмасын тексеруБіржасушалылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызыIII. Үй тапсырмасын бекітуТест сұрақтары:1. Сулы ортада мекен ететін жануарлар?а) балықтарә) құстарб) аңдар2. Қазіргі кезде қарапайымдылардың қанша түрібелгілі?а) 50 мыңә) 70 мыңб) 100 мың3. Адам мен жануар ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайтын қарапайымдылардың бірі?а) дизентерия амебасыә) кірпікшелі кебісшеб) эвглена4. Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі?а) дизентерия амебасыә) эвгленаб) лейшмания5. Безгек ауруын қоздыратын паразитті кім ашты?а) Левенгукә) Т. Шваннб) А. ЛаверанІІІ. Жаңа сабақӘрбір жасушада сыртқы қабықша - жарғақшасы болатыны мәлім. Ол цитоплазмадан тұрады және жасушаға келіп түсетін, одан сыртқа шығарылатын заттарды үнемі реттеп, тіршілік процесінде үлкен қызмет атқарады. Ядроның да төңірегіндегі цитоплазмадан бөліп, әрі онымен зат алмасуын қамтамасыз ететін қабығы болады. Ядроның іші ядро сөліне (кариоплазмаға) толы. Цитоплазмада пішіні жіп, дән немесе таяқша сияқты әр түрлі болатын митохондриялар болады. Цитоплазмаға сырттан келген күрделі органикалық заттарды жай заттарға ыдыратып, организмнің тіршілік процестеріне жұмсалатын қуатты өндіретін - осы митохондриялар болып саналады. Өзіне тән мөлшері, пішіні бар, дененің белгілі бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын жасушалар тобын ұлпа дейді. Жануар организміндегі ұлпаларды негізінен 4 топқа бөлуге болады: эпителий, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпалары.Эпителий ұлпалары дененің сыртқы жамылғысын түзіп, оны тұтас жауып тұрады және ішкі мүшелерқуыстарын астарлайды. Сөйтіп өзінен төменжатқан жасушаларды тікелей зақымдаудан, химиялық зиянды заттардың әсерінен,бактериялардың өнуінен, кебуден қорғайды.Асқорыту мүшелерін астарлайтын эпителий қоректік заттар ерітіндісін сіңіріп, өткізеді.Дәнекер ұлпалары сүйекті, шеміршекті, майды, сіңірдіқан, ұлпа сұйықтығын түзеді. Талшықты дәнекер ұлпалары организмнің барлық мүшелерінде кездеседі.Сүйек ұлпасы тірек қызметін атқарады. Ал шеміршек ұлпалары буынаралық байланыстарғақатысып, қаңқа сүйектеріне беріктік қасиет береді.Қан мен лимфа ұлпалары - сұйық. Олардың ішінде жасушалар еркін жүреді және организмге оттегін, басқа да заттарды тасымалдайды.Бұлшықет ұлпаларының үш түрлі тобы бар. Олар: көлденең жолақты, бірыңғай салалы және жүрек бұлшықеттері. Бұл ұлпалар жиырылып, босаңсу арқылы әр түрлі мүшелерді қимыл - қозғалысқа келтіреді. Сол арқылы бүкіл дененің қимыл - қозғалысынқамтамасыз етеді.Жүйке ұлпасы - нейрон деп аталатын жасушалардан тұрады. Әр нейронның денесі және ұзын, қысқаөсінділері болады. Нейронның ұзын өсіндісі - аксон, ал қысқа өсінділері дендрит деп аталады. Нейрон денесінен қозу аксон арқылы әр түрлі мүшелерге өтеді. Дендрит арқылы қозу нейронның денесіне қарай өтеді. Аксонның көрші жатқан нейрон дендридінің қабықшасымен байланысып, қозу өтетін жерін тоғысу (синапс) деп аталады.Көпжасушалыларда жасушалар құрылымдық және қызметтік жағынан топтасып, мүшелер мен мүшелер жүйесін құрады. Мысалы: Жүрек бұлшықет, талшықты дәнекер және жүйке ұлпаларынан, әрбір ұлпа миллиондаған жасушадан тұрады. Егер жүректегі бұлшықет ұлпалары зақымдалса қанайналымы жүйесінің жұмысы бұзылады немесе тоқтайды. Көпжасушалыларда мынадай мүшелер жүйелері қалыптасқан: асқорыту, тынысалу,қанайналым, тірек - қимыл, зәр шығару жүйелері және т. бV. БекітуСәйкестендіру кестесіҚұрылысы бірдей және талшықтар болғандықтан, эвглена мен вольвокс қай топқа біріктіріледі (циста)Қарапайымдылардың қолайсыз жағдайлардан қорғайтын қабық (Талшықты қарапайымдылар)Өзіне тән мөлшері, пішіні бар, дененің белгілі бір бөлігіндеүйлесімді қызмет атқаратын жасушалар тобы (ұлпа)Жүйке ұлпасы (Дәнекер ұлпа)Сүйек, шеміршек қай ұлпаға жатады (көбеюге)Ядро неге қатысады (нейрон)VI. Үйге тапсырма беруЖасушалар, ұлпалар, мүшелер, мүшелер жүйесіVII. Бағалау