Мектепалды даярлы? тобыны? балаларына 8-наурыз?а арнал?ан ерте?гілікті? сценарийі
МКҚК «Болашақ» мектепке дейінгі қазақ гимназиясы
«Бекітемін»
МКҚК «Болашақ» мектепке дейінгі
қазақ гимназиясың әдіскері Амирова Н.А _________
«____» ______________2016ж
№5 «Ақыл» мектепалды даярлық тобына 8-наурызға арналған
«Шуағын шашқан аялы алақан» атты ертеңгілігінің сценарий
Тәрбиешілер: Шаухаева Г
Амирова Н
Әдіскерлер: Амирова Н
Нурмаганбетиова А
Құрық селосы
2016ж наурыз
Шуағын шашқан аялы алақан!
Вальс: Көктемгі вальс
Сәлеметсіздер ме, құрметті , ақ жаулықты әжелер, асыл Аналар, қызғалдақтай, қадірлі ұстаздар, құлпырған қыздар!Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келді. Бәйшешек нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік жарса,ал біздің асыл аналарымыз да, соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді. Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән: Ай дидарлы анашым!
Жүргізуші:
Ардақты әжелерім, аяулы аналарым,Мейірбан аппақ көңіл даналарым.Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,Құттықтайды сіздерді балаларың,
Ж.Дария
Аналар – ау менің шалқар көлдерімКөлдерім мен асқар - асқар белдерімМына өмірде қуанышты жүргенімСенің арқаң мына өмірге келгенім.
Інкар:
Мерекеңіз құтты болсын анажаным,Өзіңменен атып келеді әрбір таңым.Өмірде сенен асқан жан бар ма екен,Алтын анам, аяулы менің, ақ мамам.
Бағдаулет:
Бал бөбегін баптаған,Анам үшін мақтанам.Аялайтын біздерді,Көп жасасын жақсы адам.
Ақерке:
Мына өмірде бақыт жоқ қой мен білсем,Анашымның еркелеткен сөзінен.Еркем, күнім деп қана күліп жүрсең,Бұдан өзге бақыт жоқ қой мен білсем.
Рахман:
Анам менің – өмірдегі тірегім,Анам менің – кеудемдегі жүрегім.Егер менің қасымда сен болмасаң,Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
Жүргізуші:
Дүниенің жарық күні – анамыз,Дана болсақ анаменен данамыз.Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын,Анаға арнап тағы бір ән саламыз.
Ән: Анажаным! (Інкар, Аяру, Еркенұр, Хиуаз)
Жүргізуші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.Әйелдер күні бүгін халықаралықЖарыққа бізді әкелген аналарды.Бүгінгі мерекемен құттықтайық.
Аяжан:
Сеніміңді ақтайды,Еркелеткен баламын.Аман жүріп әрқашан,Мұңаймашы анашым. (Аяжан, Назерке, Бағдаулет, Алмас, М.Нұрасыл шығып кетеді)
Индира:
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам. (шығып кетеді)
Айша:
Біз ананың гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүреміз.(шығып кетеді)
Али:
Ана деген - асқақ ән,Орындайтын әрқашан.Анадай қымбат сыйлықтыТаба алмайсың ешқашан.(шығып кетеді)
А.Нұрасыл:
Жамандықтан сақтандырып,Жақсы ісімді мақтан қылыпМәпелеген ақ мамамдыЖүрсем деймін шаттандырып.
Махаббат:
Айналайын анашым,Асқар таудай панасың.Күн көзіндей күлімдеп,Құшағыңа аласың.
Жүргізуші:
Мың бұралып би билеп,Ән де салып береміз.Осылайша шаттықпен,Біздер өсіп келеміз,
Би:Гүлдер мен аралар! (Назерке, Аяжан, Индира, Айша, Алмасалександр, Али, Бағдаулет, М.Нұрасыл)
Жүргізуші:Көктемнің шуақты күндеріндей, сан - алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!
Ән: Көктем!
Жүргізуші: Ана барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен дариды.Ана - ұлы адам,ана құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын аяулы АНАЛАР!
Қыдыр:
Ерлік еткен біз үшінЕңбек еткен біз үшінЕркелеткен біздердіАнамызға мың алғыс.(қыдыр,А.Дария, Нұрай шығып кетеді)
Толғанай:
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым. .(шығып кетеді)
Ерасыл:
Аяулы да алтын нұрлы анашым,Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.Сен – асқарсың, сен - аспансың, биіксің,Сен - дарқансың, сен – жомартсың, данасың. .(шығып кетеді)
Тоғжан:
Ұрпаққа бақыт сыйлағанТілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,Тіршіліктің тынысы мен ажарыАқ анашым әрқашан да бол аман! .(шығып кетеді)
Аян: Ана деген - ақылшың,Анаң барда батырсың.Қасыңда кім болса да,Тек анаңа жақынсың!
Жүргізуші:
Әрқашан аналарымыз аман болсын,Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз деп «Анама сыйлық» сахналауын тамашалаңыздар.
Қонжық: Қыдырәлі
Түлкі:А.Дария
Көжек: Ерасыл
Көктем: Нұрай
Гүлдер: Тоғжан, Толғанай
Қоян: Ерасыл мама
Көктем: Ерте, ерте, ертеде орманда көжек анасымен өмір сүріпті. Көжек өз анасын өте жақсы көреді екен. Бір күні көжек серуендейге шығыпты.
Көжек: Сәлеметсізбе Күн! Сәлеметсізбе көктемгі табиғат! Мұнде не мереке болып жатыр? (қонжық келеді)
Қонжық: Салем көжек!
Көжек: Сенің қолыңдағы не?
Қонжық: Менің қолымдағы бал! Балды анама сыйлыққа берем.
Көжек: Бүгін сенің анаңның туылған күні ме?
Қонжық: Сен білмейсің бе? 8-наурыз көктемнің алғашқы мерекесі.
Көжек: Ол қандай мереке?
Қонжық: Халықаралық әйелдер күні! Сол үшін мына балды анамы сыйлаймын.
Көжек: Ой білмеймін. Менің ешқандай сыйлығым жоқ.
Қонжық: Тез ойлан! Бір дыбыс естіп тұрмын. Мен кеттім.
Түлкі: Мұнда қандай аңның иісі шығып тұрған?. Менің қарным ашып тұр.Ах қоян!
Қандай тәп-тәттісін! Қазір мен сені жеймін.
Көжек: Енді мен істеймін? Маған кім көмектеседі?
Көктем: Көжек қатты қорқады. Көжекке кім көмектеседі?
(дауыс естіледі)
Гүлдер: Мұнда кел! Мұнда кел! Мұнда кел! Сені біз құтқарамыз.
Көжек: Сендер кімсіндер?
Гүлдер: Біз гүлдерміз!
Көжек: Мені түлкіден тығып қойындаршы!
Түлкі: Көжек қайда кетті? Мұнда тек гүлдер бар. Мен орманға барып, қоянды тауып, қарнымды тойдырайын. (түлкі кетеді)
Көжек: Гүлдер сендерге көп -көп рахмет! Сендер сондай әдемісіңдер! Менің үйіме жүріңдер. Анамды мерекесімен құттықтайық.
Гүлдер: Жарайды. (Гүлдер мен көжек үйіне келеді)
Көжек: Анашым! Анашым! Анашым! Сыртқа шығыңызшы. (анасы сыртқа шығады) 8-наурыз меркеңіз құтты болсын анашым! (құшақтап бетінен сүйеді)
Қоян: Мына өмірде бақыт жоқ қой мен білсем,
Көжегімнің құттықтаған сөзінен.
Көжегім, күнім деп күліп жүрсем,
Бұдан өзге бақыт жоқ қой мен білсем!
Жүргізуші:
Ана деген – асыл жандар болаттайАна деген – мөлдір жандар бұлақтай.О, адамдар қадірлей біл ананыЖат қылыққа ақыл ойды тоналтпай.
Ән: Мама!
Бейне таспа: «Ана-бақыт, ана-гүл»
Жүргізуші:
Ұйытқысы жанұяның берекеміз,Аналар құтты болсын мерекеңіз.
Ана туралы монолог: «Менің анашым» Хиуаз, Каусар, Еркенұр, Алия шығып кетеді)
Нұрай:
1.Ана шырақ ұрпағымен жағылған,
Өз анасын бар періште сағынған.
Құдіретін сезінгендер бас иіп,
Ана деген үш әріпке бағынған.
2.Аман болса ана деген ардағым,
Күндей болып нұрланады жан-жағым.
Қуанышпен бар қайғысын өмірдің,
Ана ғана көтереді салмағын.
3. Ана-деген жылағанда жұбатқан,
Ана-мөлдір жаралғандай бұлақтан.
Қорған болып аймаласа перзентің,
Тәңірінен амандығын сұратқан.
4. Ана-деген түн ұйқысын төрт бөлген,
Ана ғана өткізеді өткелден.
Жадыратса жаздай етіп жаныңды,
Шуағы ыстық аумайтұғын көктемнен.
5. Анаң болса жүзіп өтер кемең бар,
Анаң болса қартаймайсын деген бар.
Тірі кезде қадірлесең анаңды,
Шын өкініш жауламайды санаңды.
6. Ұзақ өмір жасай берсін аналар,
Аналарды қаділесін балалар.
Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған,
Аман болсын ақ жаулықты аналар.
Жүргізуші:
Вальс: Әкем-өмір тірегім" (Хиуаз, Каусар, Еркенұр, Алия)
(Бағдаулет, Нұрасыл, Нұрболат шығып кетеді)
Жүргізуші:
Аялайық аналарды әрдайым,Қуанышқа бөлейікші өздерін.Әжелердің, аналардың, қыздардыңМұң шалмасын күлім қаққан көздерің,
Ән: Асыл әже, әз әже.
Әжелер породиясы(Бағдаулет, Нұрболат, М.Нұрасыл)
Назерке:
Менің әжем, бұл әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Ахад:
Әжем менің, ақ әжем
Ақыл беріп үйреткен.
Аппақ әжем, пәк әжем,
Мейіріммен тербеткен. (шығып кетеді)
Аяру:
Әжем менің асыл жан,
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді,
Әжеме ешкім жетпейді!
Бейбарыс:
«Жаным, күнім» дегенді,«Құлыншағым» дегенді,«Ботақаным» дегенді,«Қошақаным» дегенді,«Айналайын» дегенді,«Толған айым» дегенді,Ойлап тапқан аналар! (шығып кетеді)
Хиуаз:
Жалғызым жанашырым жаным анам,Ойласам сенсіз менің күнім қараң.АЛЛА - ға мың шүкірлік етемін мен,Қасымда әрқашанда болса анам.(шығып кетеді)
Алия:
Ақ анашым, аппағым,Өзің жайлы тақпағым.Өзің жайлы әнім де,Арнадым саған бәрін де! (шығып кетеді)
А.Дария:
Ана десем, алғыс алам халқымнан!Ана десем, теңіз болам шалқыған!Ана десем, ашылады қабағым,Ана десем, әділдікті ұғамын.
Ән: Апа мен саған бір сыр айтайын. (Қыдыралы, Дінислам, Ерасыл)
(Тоғжан, Аяжан, А.Дария,Махаббат шығып кетеді)
Би: Ленти биі (Ахад, Бейбарыс, Хиуаз, Каусар, Інкар, Алия)
Дінислам:
Шырылдап дүние есігін мен ашқандаҚасымда болдың алғаш сен анашым.Ақ сүтіңнен мен алғаш дәм татқандаМейіріммен жақсы көрген баласын.(шығып кетеді)
А.Нұрасыл:
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып. (шығып кетеді Рахман)
Еркенұр:
Жан көрмедім мейірімді сенен асқан,Күлімдесе жүзінен арай шашқан.Баласына бар қамқорлық жасайды ана,Мен ананың сонысына мақтанам.
Кәусар:
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды атанған.
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам!
Нұрболат:
Анаң болса қасыңда,Басқа бақыт не керек.Аналардың жүрегі,Мейірімді ғой керемет.
Ән: Әжелер әні (Тоғжан, Аяжан, А.Дария, Махаббат)
Ән: Егер мен сұлтан болсам. (А.Нұрасыл, Дінислам, Разман)
Ата-анамен ойын: Айтса айта берсін.
1.8-наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?
2.Жарыңыздың осы мерекеге сыйлаған ең алғаш сыйлығы есіңізде ме?
3.8-наурыз мерекесі қайдан шықты?
4.8-наурыз мерекесі біздің елімізде қай жылдан бастап өтіліп келе жатыр?
5.8-наурыз мерекеде өз анаңызға қандай сыйлық жасар едіңіз?
(әуенмен сыған қызы келеді)
Сыған қызы: Саламатсыздар ма!Мен сыған қызымын.Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын.Бүгін мереке болғандықтан тегін пал ашамын.(Әр ата-ананың қолына қарап пал ашады)
Жүргізуші: Аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.
Тосын сый: Алло әніне породия.
Жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралындаЛайым мұң қонбасын жанарыңаОсымен ертеңгілігімізді аяқтайықГүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, ардақты аналар, аяулы әжелер, мейрамдарыңыз құтты болсын!Міне, құрметті абзал жанды аналар, әжелер. Сіздерді тағы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып. Бүлдіршіндердің дайындаған гүл шоғын қабыл алыңыздар. Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рахмет! (балалар өз сыйлықтарын тарту етеді)