«Балаларды ойындар ар?ылы таби?атпен таныстыру» (баяндама)
Орал гуманитарлық- техникалық колледжісі
Педагогика, психология кафедрасы
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»
бөлімінің оқытушысы Бексариева Жазира Сабетбековнаның
Баяндама тақырыбы: «Балаларды ойындар арқылы табиғатпен таныстыру»
Жоспары:
І Кіріспе бөлім
ІІ-Негізігі бөлім
1. Ойын - балаларды табиғатпен таныстыру әдісі ретінде. Балалардың табиғат туралы ұғымдарын бейнелейтін рөлдік ойындар.
2. Табиғи материялдармен ойнау (құм, су, қар, т.б)
3. Балалардың сенсорлық мәдениетін дамыту мен табиғатты танып білуге маңызды
4. Желмен, сумен қозғалатын ойыншықтар
5. Табиғи материалдарды ( жапырақ, гүлдер, көкөніс, тұқым) ажыратуға, тануға ( сыртқы түрін, иісін, дәмін сипаттау, жұмбақтау) қатысты дидак тикалық ойындар.
6. Әрбір ерекшелік топтардағы балалармен жұмыс жүргізуге түрлі ойындардың орны.
7. Психологиялық ойын-жаттығуларды іс-тәжірибеде қолдану.
ІІІ-Қорытынды бөлім.
І Кіріспе бөлім
Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
ІІ-Негізігі бөлім
Дидактикалық ойынның түрлері.
Мектепке дейінгі ппедагогикада дидактикалық ойындарды негізгі 3 түрге бөлуге болады:
1.Заттармен ойналатын ойындар ( ойыншықтар, табиғи материалдар) ;
2. Қағазға басылған үстел үсті ойындары;
3. Сөздік ойындар.
Заттармен ойналатын ойындарда ойыншықтар мен заттар қолданылады. Балалар заттардың құрамымен және олардың белгілері – түсімен, көлемімен, пішінімен, сапасымен танысады. Балалардың заттар туралы жаңа білімді меңгеру деңгейіне қарай ойындатапсырма күрделендіріп отырады.
Сәби топтағы балаларға айырмашылығы аз заттарды ажырату қиын болғандықтан айырмашылығын бірден айыруға болатын заттар беріледі.
Естияр топта мұндай заттардың айырмашылығы аздау болу керек. Ойында балалар заттардың саны мен орналасу, алынып тасталған заттарды саналы түрде еске түсіру, байқау тапсырмаларын орындайды. Ойнай отырып балалар бөлшектердің бүтін құрастыруға, әртүрлі пішіндегі ою- өрнектерді құрастыруға үйренеді.
Қуыршақпен ойын кезінде балаларда мәдени гигиеналық дағдылармен адамгершілік сапалар қалыптасады.
Дидактикалық ойындарда әр түрлі ойыншықтар пайдаланып,балалар ағаштан жасалған ойыншықтар,пластмассадан,металдан,керамикадан жасалған ойыншықтарды топтастырады.Сонымен қатар балаларда ойыншық жасайтын материал білім қалыптасады.
Табиғи материалдармен ойынды тәрбиеші көбінесе серуен кезінде ағаштардың,түбірлердің,гүлдердің,тұқымдардың,жапырақтардың өздерін тікелей пайдалана отырып ұйымдастырады. Мұндай ойындарда қоршаған орта туралы, заттардың табиғаттағы орны туралы, білім, табиғатқа сүйіспеншілік қалыптасады.
Қағазға басылған үстел үсті ойындары-балалар үшін өте қызық. Олар әр түрлі:жұп суреттер, лото, домино.
Жұп суреттерді іріктеу ойынында ең қарапайым тапсырма әр түрлі суреттердің ішінен бірдей екі суретті, түс немесе форма жағынан бірдей екі суретті іріктеп алу түрінде беріледі.
Тапсырма бірте бірте күрделенеді де,тек сырқы түріне қарай ғана емес, мағынасына қарай топтастырылады. Суреттерді жалпы белгілеріне қарай топтауға заттар арасындағы кейбір байланыс белгілері талап етіледі: «Бауда не өседі?» (орманда, бақшада) деген ойында өсетін орындарына қарай өсімдіктер топтастырылады. Немесе: «Содан кейін не болды?» ойынында ертегі мазмұнының кезектігіне қарай суреттер таңдалады.
Суреттердің құрамын, санын, орналасуын есте сақтау үшін ұйымдастырылған ойындар да заттар мен ойналатын ойындар сияқты өткізіледі.
Бұл ойын балаларда санның және реттің, заттың кеңістікте орналасу, өзгерісті байқай білу іскерлігін дамыту үшін маңызды.
Қиылған кубиктермен суреттерді құрастыру ойынның міндеті-балалардың логикалық ойлауын,бөлшектен бүтін зат құрастыру іскерлігін дамыту. Тапсырма бірте-бірте күрделендіріледі:
- сәби топта 2-4 бөлшек;
-естияр және ересек топтарда 8-10 бөлшек.
Әрекет, қимыл көрсете әңгімелеу, түсіндіру ойы.
Бұл ойында суреттегіні тауып,атау орнына балалар қимылмен, ым ишарамен көрсетеді, дыбыстайды. Бұл тапсырма сәби топтарында беріледі. Ал ересектер тобында міндет күрделене түседі: бір балалар әрекетті бейнелесе, екінші біреулер суреттегі адамдардың еңбегін бейнелейді. Мысалы, өрт сөндірушілер өрт сөндіреді,құрылысшылар үй тұрғызады,т.б
нында тәрбиеші білім беру мақсатын қояды. Мысалы, тек балалардың тілін дамыту ғана емес, сонымен қатар қиялын, шығармашылығын да дамытуды ойластырады.
Сөздік ойындар ойнаушылардың сөзі мен әрекетінен құрылады. Балалар өз бетінше әр түрлі ақыл-ой күшіне салмақ түсіретін міндеттер шешеді, әр түрлі заттарды белгілеріне, құрамына қарай топтастырады. Сәбилер және естиярлар топтарында сөздік ойындар негізінен балалардың тілін дамытуға, дыбыстарды дұрыс айтуға тәрбиелеуге, кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге,балалардың өз белсенділігін арттыруды жетілдітуге бағытталады.
Ересектер тобында балаларда логикалық ойлауы белсенді түрде қалыптаса бастайды. Мұндай дидактикалық ойындар барлық топтарда өткізіледі, бірақ ересек жас топтарындағы балалар тәрбиесі үшін маңызы зор, педагогты зейін қойып тыңдай білу іскерлігі, қойылған сұраққа жылдам жауап қайтару, қойылған міндетті шешуде алған білімін қолдана білу дамиды.
Педагогикалық құндылығы. Дидактикалық ойындардағы педагогикалық құндылық мынада:алдына қойылған міндеттерді шешу үшін балалардың назарын аудару, ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау, ережені ой елегінен өткізу, іс әрекеттердің жүйелілігі, қиыншылықтарды жеңу. Дидактикалық ойын балалардың түйсіну және қабылдау қабілетіндамытуға,ұғымдарын қалыптастыруға, білім меңгеруіне көмектеседі.
А.В.Запрожец дидактикалық ойын балалардың білімдер мен іскерліктерді игеру нысаны ғана емес,баланың жалпы дамуына көмектесетіндей,оның қабілеттерін қалыптастыруға қызмет ететіндей болуы керектігін айтқан.
Балалардың адамгершілік тәрбие міндеттерін шешеді,көпшілдікке тәрбиелейді.Тәрбиеші балаларды бірге ойнай білуге,өз мінез құлқын реттеуге,әділ және адал болуға,кешірімді және талапшыл болуға үйретеді.
Басшылық жасау. Дидактикалық ойындарға басшылық жасауда ойынның бағдарламалық мазмұнын таңдап алуды және ойластыруды,міндеттерді нақты белгілеуді, оның тұтас тәрбие үрдісінднгі орны мен ролін, басқа ойындармен және үйрету нысандары мен өзара байланысын ескеру қажет. Ойын барысында басшылық жасау танымдық белсенділігін, дербестілігін, бастамшылдығын дамытуға және көтермелеуге, ойын міндеттерін шешуде түрлі тәсілдерді қолдана білетін болуына бағытталуы тиіс.
Сәбилер тобындағы балалар ойыншықтармен, заттармен, материалдармен ойнауда оларды талқылатады, орнын ауыстырады, қайта жинайды, алмалы салмалы ойыншықтарды құрамдас бөліктерге бөледі, қайтадан құрастырады. Сондықтан балалардың еркін қимылдауы үшін жағдай жасалуы қажет. Олар бір әрекетті бірнеше рет қайталай береді. Мысалы, балаларға сақиналарды көлеміне қарай ажыратуды үйрету үшін: «Құмыраны жина» дидактикалық ойыны барысында балаларды қалай істегенде дұрыс болатынын білу ынтасы туады. Мұнда құмыраны жинау әрекетін орындау тәсілін көрсету, ойын әрекетін дамыту және ойын ережесін енгізу керек. Сақиналарды іріктеп алып, тәрбиеші бірінен соң бірін негізге кигізуді үйретеді. Педегог мұнараның дұрыс жиналғандығын тексеруді көрсетеді және балаларға өздері жасауды ұсынады.
Тәрбиеші ересек топ балаларының алдына күрделі міндет қоя отырып,дидактикалық ойынға ынтасын дамытады, біртіндеп олардың ойын әрекеті саналы бола бастайды, ойын әрекеті нәтижеге жетуге бағытталады. Дегенмен бұл топтарда да ойынға басшылық жасауда балалардың тиісті эмоциялық көңіл- күйі еркіндігі сақталатындай, олар ойынға қатысудан қуаныш,қойылған міндетті шешуден қанағат алатындай болуы тиіс.
Мазмұнының, дидактикалық міндеттердің, ойын әрекеттерінің, ережелерінің күрделенуіне қарай әр топқа қажетті ойындар жүйесі белгіленеді. Кейде жекелеген өте қызық ойындар болуы мүмкін,бірақ оларды жүйеден тыс пайдалануға болмайды.
Дидактикалық ойын жас балаларды оқыту үшін ең қолайлы болғанымен екі-үш жастан бастап сәбилерді қоршаған ортаның басқа да көптеген заттары мен құбылыстары еліктіре бастайды,ана тілін жедел үйрену басталады.Өмірдің үшінші жылында дидактикалық ойындар балалардың тілін дамытатын, танымдық қажеттерін қанағаттандыратын, білімнің, іскерліктің, дағдының мақсат қоя оқытудың белгілі бір бағдарламасын жүзеге асыратын болуы керек. Сабақ үстінде оқыту тәсілдері: зейін қоя жіне бақылай білу, оларды орындау ойдағыдай қаллыптасады.
Ойында көрнекіліктер, тәрбиеші сөзі, балалар әрекеттері ойыншықтармен, ойын құралдарымен, заттармен, суреттермен, т.б .дұрыс ұштастырылуы тиіс. Көрнекіліктер мыналар:
1)Балалар ойнайтын және ойынның материалдық орталығы болып табылатын заттар;
2)Заттарды және олармен не істеу керек екенін бейнелейтін, заттардың неге арналғанын негізгі белгілерін, материалды айқын көрсететін суреттер;
3)Ойын әрекеттерін және ойын ережелерін орындауды көрсету және түсіндіру.
Дидактикалық ойындардың арнаулы түрлері жасалған:сурет лотосы,сияқты суретпен ойнау,тақырыптық суреттері бар домино және, т.б.Ойын әрекеттерін көрсетіп беру, сын жүріс, мадақтау,бақылау белгілері-ойынды ұйымдастыру және оған басшылық ету үшін пайдаланылады.
Тәрбиеші балалардың зейінін бағыттау, тәртіптеу, олардың ұғымын анықтау, тәжірибесін кеңейту үшін түсіндіруду, көрсетуді пайдаланады.Оның сөзі балалардың сөздік қорын дамытуға ,үйренуді,игеруге көмектеседі,ойын әрекеттерін жетілдіруге жәрдемдеседі. Түсіндіру үшін көп сөйлеу, жиі-жиі ескерту, ойындағы қателіктерді қайта-қайта түзету балалардың ойынға ықыласын жояды.
Түрлі әдіс тәсілдер пайдалана отырып тәрбиеші балалар ойынына басшылық жасайды: ойынға қатысып, балаларды білдірмей бағыттайды, олардын бастамасын қолдайды, ойында балалармен бірге қуанады.Педагог балаларда ойынға сай көңіл күй туғызу үшін қызық бір оқиға туралы әңгіме айтып береді, ойын барысында сол қалыпты сақтап отырады. Ол ойынға қатыса отырып, балаларға отырып оларды белгілі нәтижеге жетелейді. Балалар іс әрекетіне қолдау көрсетуді педагог тікелей емес, жанама түрде жасайды, таң қалады, қалжындайды, ойынның алуан түрлі ұрымтал жайттарын пайдаланады.
Педагог үнемі мынаны есте сақтау:
1)үйрету сәттерін күшейтіп жіберіп, ойын бастамасын әлсіретіп алмау;
2)дидактикалық ойынға оқу сипатын беру
3)ойын қызығына түсіп оқыту міндеттерін алыстатып алмау.
Балалардың ақыл ой белсенділігі, ойын әрекетін ойдағыдай орындауы, ережелерді игеру дәрежесі, ойын кезіндегі эмоция, ойынға еліктеу-ойынның дамуына жағымды әсер етеді. Ойынның жаңа мазмұнын, ойындағы әрекеттерді, ережелерді игеру, ойын басындағы қарқын, әрине, алғашқы кезде баяу болады. Ал кейін ойын дамып, балалар қызығына түскен кезде, оның қарқыны шапшаңдайды. Ойынның аяғына қарай эмоциялық өрлеу төмендеп, ойынның қарқыны қайтадан баяулайды. Ойын қарқыны тым баяулатып, жіберугеде орынсыз шапшандатуға да болмайды. Қарқын шапшаң болса, балалар сасқалақтайдыда, ойын әрекеттері уақытылы орындалмайды, ойын ережелері бұзылады балалар ойынға беріліп үлгермей, тым қызынып кетеді. Көп түсіндіріп, көп ескертулер берілсе, ойынның қарқыны баяулап, ойын әрекеттері алыстап, ережелер уақытылы еңгізілмейді де, балалар оны басшылыққа ала алмай, ережені бұзады, қателік жібереді.
Педагог дидактикалық ойынға басшылық жасауда, балалармен немесе олардың өздері тығыз байланыс жасау қажет болса, балаларды шеңбер жасай қойылған орындықтарға отырғызып, пндагогтың өзі ортаға отырады. Кейде балалар шағын топтарға бөлініп әр жерге жайғасады, егер олар саяхат жасайтын болса, топ бөлмесінен шығып кетеді.Балаларды кішкене үстел басында отырғызып ұйымдастыруды да пайдаланады.
Ойында балалар бастама көрсетсе, сұрақтары мазмұнды болса ойындағы ойды кенеттен кеңейтіп және байытып жіберуге болады. Ойынды белгіленген уақыт ішінде өткізу керек. Уақыт ұту үшін тәрбиешінің түсіндірмелері қысқа болу керек. Суреттеп және әңгімелеп беру қысқа, нақты болса ойын ойдағыдай дамиды.
Педагог ойын соңында келесі ойынның бұданда қызықты болатынын айтып, балаларды ойынды жалғастыруға дайындайды, ынталандырады. Ол келесі жолы мынадай әрекетті қоссақ жақсы ойнайтын боламыз немесе жаңа ойында Айнұр ұйымдастырушы болады дейді.
Оқыту формаларының бірі ретінде дидактикалық ойын күн тәртібіндегі оқуга бөлінген уақыт кезінде откізіледі. Бұл екі оқыту нысандары арасындағы арақатынасты дұрыс белгілеу олардың өзара байланысын және біртұтас педагогикалық әрекеттегі орнын анықтау манызды. Кейде дидактикалық ойындар оқудың алдында өткізіледі, мұнын мақсаты – сабақтың мазмұны болатын нәрсеге балалардын ынтасын туғызу. Балалардың дербестігін күшейту ойында игерілген нәрсені сабақта қолдану, қорытынды шығару қажет болса, ойын мен оқу кезектесу мүмкін.
Қимыл белсенділігін, түрлі әсер алуын, бір-бірімен тікелей араласуын қамтамасыз ету мақсатында дидактикалық ойындарда топ бөлмесіндегі, залда, орманда, далада т.б. жерлерде откізген дұрыс.
Ойын құралдары. Ойыншықтар мен ойын құралдары-дидактикалық ойын орталығы.
Дидактикалық ойын үшін педагог әр түрлі ойыншықтар, суреттер, басқада түрлі заттар жинақтап, оларды белгілі жерде сақтайды. Дидактикалық мақсатта әрбір балалар бақшасында қуыршақтар, оның күнделікті тұтынуына қажетті барлық заттары болу керек. Ойын барысында топтағы барлық балалар оны көру үшін қуыршақтың бойы 40-50 см болу тиіс. Қуыршақтың күнжделікті тұтынатын заттары мыналар:
а)іш киімдер,күндізгі көйлектер, кішкене шалбарлар,жұқа шалбарлар, қысқа шұлықтар
б)көйлектер, қалың сәтен, жібек көйлектер, алжабқыштар, қыстық, маусымдық, жазғы пальтолар, шаңғы кастюмы
в)бас киімдер, бөрік, қалпақ, орамал
г)аяқ киім, етікғ сандал, жұмсақ аяқ киім
д)төсек және ас үй үшін, қалың корпе, жұқа корпе, жастық, ақ жайма, сейсеп,жастық тыс, сүлгі, орамал, дастархан.
Балаларға сенсорлық тәрбие беру және олардың тілін дамыту мақсатында бұл заттардың түрлі түсті, қызыл, сары, жасыл, ашық жасыл т.б. әр түрлі материалдан, жұқа, жұмсақ, қалың, жалтыр, т.б. болуға, ал түймеліктер, түймелер , ілгіштер, баулар өзінің мақсатына сай және бала қолының шамасы келетіндей болуы тиіс.
Қуыршақтан басқа дидактикалық ойынға көлік құралдары, жануарлар, құстар, ыдыс аяқтар т.б. бейнелейтін коптеген ойыншықтар пайдаланылады. Мұндай ойыншықтармен Сипап кор, ойыншықтар дүкені, басқада жұмбақ жасыру ойындарын, алуан түрлі техникалық ойыншықтар мен техникалық құралдарды: компьютер, кино, телевизор, магнитофон және т.б. пайдалану қажет. Олар педагогтын дидактикалық міндеттерді ойдағыдай шешуіне көмектеседі, баланың қазіргі заманғы талаптарына сай келеді, ойынды жоғары дәрежеге көтереді, ережелер мен ойын әрекеттерін түрлендіреді.
Ауызша ойналатын ойындарға ойыншықтар, ойын құралдары қолданылмайды. Балалар сөздермен өздерінде бар ұғымдарды пайдаланады. Бұлар – жұмбақ жасыру, қарсы қою, жіктеу ойындары және т.б.
Дидактикалық ойындарға басшылық мынада:
-дидактикалық міндеттерді – таным мазмұнын дұрыс белгілеу;
-белгіленген ойын міндеттері арқылы дидактикалық міндеттерді жүзеге асыру;
-ойын әрекеттерімен ережелерін ойластыру
-үйрету нәтижелерін алдын ала көріп білу.
Қазіргі таңда тұқым қуалаушылық, жанұядағы тәрбиенің жетіспеушілігі, денсаулығының дамуында кемшіліктің және бұдан басқа да себептердің салдарынан психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық қабылдауларында жетіспеушіліктердің бәрі бала мектепке барғанда жиі байқалады. Осы түйіткілді жеңу үшін дидактикалық ойындарды пайдалана отырып,сенсорлық тәрбиені жүйелі түрде жүргізіп, қолдың және көздің үйлестірлуіне жағдай жасап, заттың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастырып, бала мектеп табалдырығын аттамас бұрын қабылдау және ойлау қабілеттерін дамыту керек.
Ойын арқылы баланың түрлі қабілетерін дамытуға болады. Соған орай дидактикалық ойындар арқылы балалардың сенсорлық қабілетерін дағдылындыруға болады.
Сенсорлық дамуы - бұл баланың даму үдірісіндегі сыртқы ортаны қабылдап және айналадағы болып жатқан заттарды, коршаған ортадағы өзгерістерді көз алдына елестетіп сезінуі. Бала өмipгe таза кіршіксіз ақ қағаздай келеді: оның көзі, аузы, құлағы бар, оның нәзік денесі, сезгіш немесе тітіркеніш болады. Бұл тек қана алдағы айнала коршаған әлемді қабылдаудың алғы шарты. Сенсорлық тәрбиені толық өту үшің, сенсорлық тәрбиеге нақты бағыттау керек.
Сенсорлық тәрбиенің дамуына дидактикалық ойының маңызы ерекше. Ойын арқылы бала заттардың түсін, пішінін, көлемін, дәмін және сезгіштік қабілетін біле алады.
Балабақша балалар үшін сабақта дидактикалық ойындарды қолдана отырып қызықты да мазмұнды етіп жүргізу тәрбиешінің өзіне, шығармашылық ізденісіне, әр түрлі әдістемелік әдіс – тәсілдерін, сабақта тиімді пайдалана білуіне байланысты. Сондықтан да өз басым көп дидактикалық ойындар арқылы балалардың сенсорлық қабілетеріне көңіл бөлгенді жөн көремін.
Не артық?
Мақсаты: Балаларды суретке қарап,оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:әр түрлі құстар мен үй жануарлары бейнеленген суреттер.
Ойын шарты: үлгідегідей әр түрлі берілген суреттерден ненің артық екенін табады.Берілген суретті топтастырып,олардын жалпы атауын айтады.Неліктен артық екені түсіндіріледі.Жеке және жалпы ұғым туралы мағына береді.
Қайысы қайда тіршілік етеді?
Мақсаты: Суреттен көрген заттардын аттарын атап,олардың қайда өмір сүретінін айтқызу.Сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктер: теледидар,әр түрлі жануарлар,құстар суреттері.
Ойын шарты: әр түрлі аңдар,құстарды көосетіп,олардың қайда өмір сүретінін сұралады.Олардын немен қоректенетінін айтқызады.Балалардын сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін,тапсырманы түсіндіруге болады. Олар туралы баланың білетін өлең,жұмбақтарын айтады.
Қарап алда есіңе сақта.
Мақсаты: балаларды көрген суреттерді есіне сақтап,көз алдына елестете отырып ,әр қайсысын ретімен атап шығуға ,үй жануарларының,аңдардын және құстардың жалпы аттарын айтқызу.Оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үй жануарлары,аңдардың,құстардың суреттері.
Ойын шарты: әр түрлі суреттері теледидардан көрсетіп шығады. Балалар бірінші суреттен үй жануарларын, екінші суреттен жабайы аңдарды атайды. Үшінші суреттен құстарды атап шығады.
Жалпы және жеке ұғымдарды бекітіп,оларға қамқоршы болу үшін не істейтінін сұрайды.
Жалпы атауын ата.
Мақсаты: балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе,ең соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешу арқылы тапқырлыққа,шапшаңдыққа баулу.
Көрнекіліктер: жемістер,ойыншықтар,оқу құралдары,үй жиһаздары.
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға хатқалтаның ішіне салынған жемістер ойыншықтар,оқу құралдарының,үй жиһаздарының суреттері бір-бірнеше сериялары дидактикалық материалдарды таратып береді. Осы материалдардың жалпы атауына сәйкес топтастыру қажет.Өзінің топтағанын дәлелдеп айтуы тиіс.
Мысалы: алма,өрік,алмұрт,жүзім жемістерге жатады.Өйткені;олар жеміс ағаштары.
Жер,су,ауа.
Мақсаты: балаларға берілген тапсырманы тез шешуге,жылдам жауап беруге, ауада,суда не болатынын дұрыс айтуға төселдіру.Қоршаған ортаға қамқорлық сезімін тәрбиелеу.Шапшаң жауап беруге баулу.
Көрнекіліктер: асық
Ойын шарты: балалар дөңгеленіп тұрады.Бір бала ортаға шығып,баланың кез-келген асықты лақтырып жіпереді де, «жер», «су», «ауа» деген сөздің бірін айтады.Егер бала « жер» десе,асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды,адамдарды,өсімдіктерді атайды. Ал «су» сөзі айтса балық,балдырлардын аты аталады. Ауа дегенде құстарды айтуы тиіс.Осылай ойын жалғаса береді.
Үй жануарлары.
Не қалай дауыстайды?
Мақсаты: үй жануарлары туралы түсініктерін жалғастыру.Әңгіме құрастыруға үйрету.Өзара көмекке достыққа тәрбиелеу.
Ойын барысы: берілген ертегінің суретін немесе мултьфильммін көрсетіп әңгімелеуге болады. Мыс: Жылқы қалай кісінейді?Түйе қайтіп боздайды?
Психологиялық ойын-жаттығуларды іс-тәжірибеде қолдану.
Сергіту сәтінде балалардың көңіл-күйін және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
1.«Жунглидағы жаңбыр»
Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.
2. Жағымды сөздер. Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.
3. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
4. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы. Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.
5. «Сөзден сөзді ізде» ойыны. Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:
«Трансформатор» «Талдықорған»
форма қорған матор тал т.б.
6. «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.
7. «Қолдағы хат». Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.
8. «Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.
9. «Тасбақалардың жүгірісі». Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.
10. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»
Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.
11. «Тыныштықты жақсы көретін патша» Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.
Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.
ІІІ-Қорытынды бөлім
Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткенЕңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы ролі туралы алғашқы пікірлерін айтқан Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов.
Әдебиеттер:
Вереттеникова С.А. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру.-М, 1980
Сағымбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы. 1995ж.
Стороженко П.Н. Как вырастить циеты. Москва. 1978 ж.
Бейсенов Ә.С. Экология бағдарламалары Алматы 1998ж
Мырзабеков Ж.М. Особо охраняемые природные территорри Казакстана, Алиаты 2000ж
Шілдебаев Ж.Б. Қызықты экология оқу құралы Алматы 2000ж
Веретенников С.А. Ознакомление дощкольников с природы. Москва, 1980ж