План внеклассного мероприятия по информатике на тему Поле чудес для казахских классов


Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
«Ембі қалалық №2 орта мектебі» ММ
«Ғажайып алаң» ойыны
Өткізген: Еренова Н.Б.,
Информатика пәні мұғалімі
2015-2016 оқу жылы
«Ғажайып алаң» танымдық ойыны
Мақсаты:Білімділік: Оқушылардың, информатика пәнін меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан - жақты болуға үйрету;Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын, танымдық қабілеттерін дамыту. Логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету;Тәрбиелік: «Оқу инемен құдық қазғандай», – еңбекті сүйе білуге, өз уақытын дұрыс пайдалана алуға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: қомпьютер, интерактивті тақта, проекторЖоспар:
Сәлемдесу, танысу
Ойын шартымен танысу
Ойын ойнау
Қорытындылау
І. Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,Табылғандай танымда, жат дауыста.Біреу озып келеді қатарынан,Біреу қалып жатады асығыста.Ойын толқын жатқанда асып, тасып,Біреу мығым, біреулер шалыс басып.Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Ғажайып алаң» ойынына қош келіпсіздер!ІІ. Ойынның шарты:
Ойынға әр оқу топтарынан өз еріктерімен 9 оқушы қатыстырылады. Оларды 3 оқушыдан 3 турға бөлеміз. Олардың міндеттері; тақтада жасырылған сұрақтарды тауып, дұрыс жауабын беру (әріптеп немесе бірден). Ойын кезекпен жүргізіледі. әрбір турда жасырылған сұрақтың жауабын тапқан оқушы финалға өтеді. 3 тур аяқталғаннан соң көрермендерге де сұрақтар беріледі. Финалға шыққан 3 оқушы финал сұрағына жауап береді. Финалдан жеңіп шыққан 1 оқушы ақтық сынға қатысады.
ІІІ. Ойын ойнау
1- ші үш ойыншыларға сұрақ: Ақпараттық процестердің бір түрі
Жауабы.: Қабылдау
2-ші үш ойыншыларға сұрақ: WINDOWS жүйесінің басқаруымен жұмыс жасайтын программа
Жауабы: Қолданба
3-ші үш ойыншыларға сұрақ: Мәтінді өзгерту процесі
Жауабы: Пішімдеу
Финалдын сұрағы: Арнайы құрылғылар немесе бағдарламалар-дың көмегімен қорғаушы
Жауабы: Брандмауэр
Суперойынның сұрағы: Файлдарды қысу, яғни олардың өлшемін кішірейту
Жауабы: Архивтеу
ІҮ. Қорытындылау