Сын т?р?ысынан ойлау да?дыларын дамыту ар?ылы топты? ж?мысты тиімді ?йымдастыру.


№2 Коучинг сессия жоспары

Тақырыбы:Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту арқылы топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру.
Мақсаты:Сын тұрғыдан ойлау моделін енгізу арқылы топтық жұмыс барысында белсенділігін, сұрақ қоюды, дәлелдерді талдай білуге, мағынаны анықтау үшін стратегияларды дұрыс қолдана білуге үйрету.Оқушылардың оқуға белсенді қатысуын ынталандыру.
Күтілетін нәтиже:Сын тұрғыдан ойлау моделін енгізу арқылы топтық жұмыс барысында белсенділігі артады ,сұрақ қоюды, дәлелдерді талдай білуге үйренеді, мағынаны анықтау үшін стратегияларды дұрыс қолдана біледі.
№ Кезеңі уақыты Коучтың іс-әрекеті Коучингке қатысушылардың іс-әрекеті Ресурстар
1 «Тоғыз монете» логикалық сұрақ 5мин «Миға шабуыл»
Ой толғау Жеке формада логикалық сұрақты шешу. Сурет,тапсырма жазылған слайд.
2 Топқа бөлу 5мин «Тәртіппен орналастыру» әдісін қолданамыз. Үш түрлі түстегі мүсінді құрастырады. Кеспе түрлі -түсті қағаздар
3 Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауын қадағалап үйренуіне жол ашу 20мин Сыни тұрғыда ой қозғау . Сұрақты топ, бірігіп шешуге кіріспекші болады. видеопроектор
4 Сергіту сәті 3мин Есімнен сөйлем құрастыру сөйлемнің әр сөзі олардың есімінің келесі әрпінен басталуы қажет видеопроектор
5 Топтық жұмыс.
«Адам болып қалу» 15мин Тапсырма берілген слайдты ашып,әңгімені жалғастыру. Топ болып әңгімені жалғастыру. Слайд, қалам,дәптерлер
6 Сергіту сәті 2мин «Жұмыр қылыш».. Сергіту сәтіне сәйкес бой жазу видеопроектор
7 . Топтық жұмыс.
«Шал.Шалдың үш ұлы». 10мин Шалдың осылай мирас қалдырғаны дұрыс па? Бейнекөріністен алған әсерлерімен ой бөлісу. Жағымды.Жағымсыз. Слайд
8 Ақылды етікші. 6 ойлау қалпағы әдісі бойынша талдау 10мин Ақылдың 6 қалпағы бойынша кішкене түсінік беру. Талдауды топ болып шешеді Слайдтар, плакаттар, кестелер
9 «Әлемнің жеті кереметі» бейнеүзінді 10мин Ой толғау топтың күшін түсіну. Сұрақты топ, бірігіп шешуге кіріспекші болады видеопроектор
10. Бағдаршам.
«Ғажайып қолданыс » жаттығу. 5мин Топтарға бағдаршам беріледі,затты басқа мақсаттаррда қалай қолдануға болатынын анықтау туралы тапсырма беріледі.Әр топқа 10 мин. Уақыт беріледі. Бір-бірінің айттқандарын қайталауға болмайтынын ескерькен жөн. Идеяны айтқаны үшін – ұпай, ал көрсетіп бергені үшін – 10 ұпай беріледі.
Бір-бірлеріңізге қолдау көрсете алдыңыздарма? Слайд,бағдаршам суреті бар қағаздар..
11. Рефлексиия 5мин Сабақ Сізге ұнады ма?
-Сабақтың ең ұтымды жерлері қандай болды?
-Сабақ тақырыбының (проблеманың) Сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?
-Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? Неліктен?
-Осы тақырып (мәселе) бойынша тағы да не білгіңіз келеді?
-Бұл проблеманы шешуде Сіздің үлесіңіз қанндай болды деп есептейсіз?
-Сабақта қандай әрекеттерр атқардыңыз?
-Топ жұмысы қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз?
Неліктен?
Слайд,стикерлер.