?штік ода? ата-аналармен ж?мыс


КММ «Майемер орта мектебі»


Тақырыбы:
«Үштік одақ: ата-ана, мұғалім, оқушы»


Мектеп психологы: Садыкова Э.Х
2015-2016 оқу жылы
Тренинг сабақтың тақырыбы: Үштік одақ: ата-ана, мұғалім, оқушы.
Мақсаты: Ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту,бала тәрбиесінің бағбаны-ата-ана мен мұғалім екенін ұғындыру. Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.Көрнекігі: Интерактивті тақта, ресурстар мен стикерлер.
Қатысушылар: Ата-аналар,оқушылар және мұғалімдер.
Ұйымдастыру.  Сәлемдесу
Үш топқа орналастыру
Жүрісі:
-Салеметсіздер ме,құрметті қонақтар?! Сіздерге ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту үшін қолдануға болатын тренинг көрсетемін. Барлығымыз ортаға шығып айнала шеңбер құрып тұрайық.Қазір мен сіздермен танысу және алдағы жұмыстарымызды жасауға психологиялық дайындық мақсатында «Байланыс» тренингін өткіземіз.юбӘр қатысушы өзін таныстырып, жіпті қолдарына бір орап келесі адамға береді, ол адам тура осылай қайталайды. Барлығы орап болған соң Қараңыздаршы мына жібіміз неге ұқсап тұр. Бұл адамдардың бір – бірімен қарым - қатынасы. Біздің мысалымызда бұл ата - ана, оқушы, мұғалім, үштігінің байланысы. Ал енді осы байланыс бір жерден босап шығып кететін болса, не болар еді? Қалай ойлайсыздар?Жақсы барлықтарыңызға рахмет, орындарыңызға бара берулеріңізге болады.Бұл жұмыс адамдардың арасындағы байланыстың жіптей жұқа, жіңішке екенін көрсетеді.
Үштік одақ жұмысымен өзектілігімен таныстырайын.Үштік одаққа тапсырмалар беріліп, плакат таратылады:Бұл тапсырманың мақсаты -Мұғалім ата - ана оқушы үштіктігін әр қырынан талдап, бір – бірінен не талап етілетінін анықтап алу үшін қолданылады.
Құрметті мұғалімдер Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар.
Отбасы туралы,мұғалімдер мен оқушылар туралы ойларын толықтыру,слайдпен жұмыс.
Тренинг әңгіме: "Шегенің ізі"Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: (қалай ойлайсыздар ары қарай не болады?)«Маңайындағылармен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты. Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. (енді не болды, кім қалай ойлайды?)Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған:
«Енді сол кісілермен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді. ( сіздердің ойыңызша бала не істер еді?) Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: (Әкесі не айтады?)«Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Адамдармен қарым - қатынасыңды бұзған сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырып.Қандай әсер алдыңыздар?Бұл тапсырманың мақсаты: Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.

ІІ бөлім.
«Білімдіге дүние жарық»  деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.
Оқушыларға:
І топ
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы?  (ата)
4.  Үйдегі алтын адам кім?  ( ана)
5. Бес дұшпанды атаңдар?  ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,  бекер мал шашпақ)
6. 30 минутты сағатқа айналдыр./ 0,5сағат/
7. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кгболса, 1,5 кірпіштің салмағын тап. /6кг/
ІІ топ
Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
18жасқа толмаған адам ( бала)
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева)
Бес асылды атаңыз  (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
Жарысқа қатысып жатып, сіз екінші болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз? (екінші)
Мэридің әкесінің бес қызы бар:1. Чача 2. Чече 3. Чичи 4. Чочо. Сұрақ: Бесінші қызының аты кім? (Мэри)
III топ
1.Отбасылар күні қай күн деп белгіленді? (8 қырқүйек)
2.Әкеден балаға берілет зат
3. Үш жұрт – (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)
4. Мемлекеттік рәміздерді ата  (  елтаңба, ту, әнұран )
5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
6. Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді?
7. Табақта 6 алма бар еді, табақтағы алмаларды 6 балаға бір-бірден таратып бергенде, табақта 1 алма қалды. Ол қалай?
Келесі бөліміміз  «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.
       Атаға қарап - ...............,  (ұл өсер) анаға қарап - ..................(қыз өсер)
Ананың көңілі балада, .......................... (баланың көңілі далада)
Ата-ананың қадірін - ................................(балалы болғанда білесің)
атаның баласы болма,.............................  ( халықтың баласы бол)
Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)
Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)
ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)
Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)
Туған үйдің түтіні жылы, ..............................( туған ананың күтімі жылы)
Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)
............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)
Сергіту сәті
«Жасырын хат»
Ерте-ерте-ертеде… әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір біріне хат жазған екен.Қалайша?
Олар сурет салуды біліпті.Бүгін біз соны үйренеміз.Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізесіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі. Берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салады.
Бүгін маған сағат алтыда телефон соқшы.
Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық.
Жексенбі күні сағат үште менің туған күніме кел.
«Мағынаны ашу»
«Бала обасының айнасы» Мақалдың мәнін аш
«Ана – балаға жастық, әке көрпе» Мақалдың мәнін ашу
«Тұлпар тайдан өседі» Мақалдың мәнін ашу«Ой қозғау»
Табысты мектеп моделін құру
Мінсіз мұғалім қандай болады?
Мінсіз оқушы деп кімді айтамыз?
Мінсіз оқушының ата-анасының моделін құру
Қорытынды.
Сабақтан алған әсері туралы пікірін стикерге жазып, «Ізгілік ағашына» жапсыруды тапсыру
Қатысқан мұғалімдерге, ата-аналарға алғыс жазылған конфеттер ұсынады.
«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасыБұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.
Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.
Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:
Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.
Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.
Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.
Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.
Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.
Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.
Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.
Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.
Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.
Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.
Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.
Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.