Атмосфералы? ?ысым 7 сынып


Сабақтың тақырыбы: “Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға атмосфералық қысым, қалыпты атмосфералық қысымды есептер шығаруда қолдана алуға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға. Негізгі мақсатқа табандылықпен жетуге, өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге және үлкен жетістікке жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ой- өрісін дамыту, өз бетімен шешім қабылдау, қорытынды ой- пікір білдіру, белсенділік, танымдық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: «Саяхат» сабақ түрінде жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, сөзжұмбақ, есептер шығару
Сабақтың көрнекілігі: поршень, ыдыс, су, торричелли қондырғысы.
Сабақтыңбарысы:
I. Ұйымдастыру
II. Психологиялық дайындық
III. Үй тапсырмасын тексеру
IV. Жаңа сабақ ( Білімділер саяхатқа шығады)
V. Есептер шығарту (Достар аралы)
VI. Сөзжұмбақ шешу (Демалыс аралы)
VII. Өз бетімен жұмыс ( Білім аралы)
VIII. Үйге тапсырма,бағалау (Олжа аралы)
IX. Қорытынды ( Физика елі )
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру
II. Психологиялық дайындық
«Бес» болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену!
III. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қысым деп нені айтамыз?
2. Қысымды қалай белгілейміз?
3. Қысымның өлшем бірлігі қандай?
4. Қысым сұйықтармен газдарда қалай түседі?
5. Газдың көлемін арттырса,қысым қалай түседі?
6. Қатынас ыдыстарға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
7. Мұнаралық су құбырының құрылысы қандай?
IV. Жаңа сабақ. Білімділер теңізіге саяхатқа шығады.
Жердің бетін ауа қабағы – атмосфера қоршап тұрады. Атмосфера – грекше атмос – бу, ауа және сфера – шар деген екі сөзінен құралған.
Атмосфера – газ, сондықтан ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады. Соның салдарынан Жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.
XVII ғасырда итальяндық ғалым Э. Торричелли жасаған тәжірибені қарастырайық. Онда ұзындығы 1 м, бір жағы бітеу шыны түтік сынаппен толтырады. Содан кейін түтіктің аузын жауып, оны төңкереді де, сынап құйылған ыдысқа батырады. Сынаптың ішінде түтіктің аузын ашады. Сонда сынаптың кішкене ғана бөлігі ыдысқа төгіледі. Ал түтік биіктігі 76 см сынап бағаны қалады. Э. Торричелли алғаш рет сынап бағанын атмосфералық қысым ұстап тұрады деп ой түйді. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін де алғаш байқаған Торричелли болатын. Кейін Торричелли қондырғысы атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланыла бастады.
Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1мм сынап бағаны ( 1мм сын.бағ.) алынады.
1мм сын.бағ.=133,3 Па
V. “Достар аралы”
1. Піскек цилиндрдің түбіне тығыз орналастырылған. Піскекті цилиндрден суырып алу үшін қандай күш жұмсау керек? Атмосфералық қысым 750 мм сын.бағ.
2. барометр таудың етегіндегі қысымның 760 мм сын. бағанына,ал оның ұшар басындағы қысым 722 мм сын. бағанына тең екенін көрсетеді. Таудың биіктігі қандай?

VI. Келесі арал белгісіз, атын табу үшін сөзжұмбақ шешеміз. «Демалыс аралы»
Демалыс деген сөз шығады. 1. Бір зат молекуласымен екінші зат молекуласының бір – бірімен араласуы.(Диффузия)
2. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты.(Атмосфера)
3. Күшті өлшейтін құрал. (Динамометр)
4.Заттың үш күйінің бір түрі.(газ)
5. Заттың ең ұсақ бөлшегі.(Молекула)
6. Белгілі бір бетке түсетін күш. (Қысым)
7.Қысымның өлшем бірлігі. (Паскаль) 26924072390005740416858000259715685800
2597159715500
9455159906002597159906000
26924010858500
2269490148590019265901485900192659014859000
1564640190501250315190501250315190500250190190500
2597154953000
-1212857048500-1212857429500
-121285952500
-12128410096500
125031515430500-12128515430500
12503152857500192659032385005835653238500-1212853238500
19265901047750012503151047750058356510477500-12065010477500
12407901581150058356515811500-12128515811500
-12128543180000-11176019367500
VII « Білім аралы». Өз бетімен жұмыс.
Мына физикалық шамаларды дұрыс болатындай етіп бос орындарды толтыр.
Атауы Белгіленуі Өлшем
бірлігі Формуласы
Ауырлық күш =mg
Көлем М V=a
Қысым =ρ g h
Тығыздық ρ кг/ ρ=m/

Тест.
1. Белгілі бір бетке түсетін күш
А) Ауырлық күші Б) Серпімділік күші С) Қысым
2. Қысымды өлшейтін құрал?
А) Динамометр Б) Мензурка С) Барометр
3. Қысымның формуласы қандай?
А) P=F/S Б) P=S m С) P=S v
4. Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым
А) Ньютон Б) Торричелли С) Архимед
5. Атмосфералық қысым 750 мм.сын.бағ тең, Торричелли түтікшесіндегі сынап бағанының биіктігі?
А) 500 мм Б) 650 мм С) 750 мм
6. Қысымды қалай белгілейміз?
А) P Б)S С)ρ
7. Гидравликалық машинада күштен ұтыс алу мынаған тәуелді
А) Кіші поршеннің ауданына Б) Үлкен поршеннің ауданына
С) Үлкен және кіші поршеннің аудандарының қатынасына
8 Қысымның өлшем бірлігі қандай?
А) Метр Б) Паскаль С) Ньютон
9. Бөлменің еденіне түсетін атмосфералық қысым 400кПа. Бөлменің төбесі мен қабырғасына түсіретін атмосфералық қысым?
А) 400кПа қабырға мен төбеге. Б) 400кПа қабырғаға 0 төбеге.
С) 0 қабырғаға, 400кПа төбеге.
10. Атмосфералық қысым 1 мм сын.бағ. қанша Паскаль бар?
А) 230 Па Б)130 Па С) 133,3Па
VIII. «Олжа аралы» Бағалау. Үйге тапсырма: § 50. § 51.
IX. Қорытынды «Физика елі»
Жарық болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз,
Елін сүйіп ер жетер.
Біз болашақ гүліміз.