Саба? жоспары Термодинамика негіздерін тарауын ?айталау ж?не есептер шы?ару(9 сынып)
Мерзімі: 07.12.16ж
Сынып: 8 сынып
Сабақ тақырыбы: Термодинамика негіздерін тарауын қайталау есеп шығаруСабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Термодинамиканың І бастамасын изопроцесстерде қолдану және ІІ бастамаларының заңдылықтарын қайталау, жылу мөлшерінің шамасын, физикалық мағынасын және есеп шығарудағы басты формулалардың негізін, қолданысын қайталау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық көзқарастарын жетілдіріп, белсенді жұмыс жасау қабілеттерін дамыту,есте сақтау қабілеттерін бақылау.
3. Тәрбиелік: өз бетімен еңбектену іскерліктерін арттыра отырып оқушылардың танымдық белсенділіктері мен ой өрісін дамытып, шығармашылыққа, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Қайталау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Деңгейлік тапсырмалар құру
Сабақтың көрнекілігі:Слайд
Ұйымдастыру кезеңі:
I - тур.Өткен тақырыптарды қайталау үшін слайдпен жұмыс.(5-минут)
II-тур. Сұрақ – жауап.(15мин)
1. Жылу туралы не білеміз?
2. Жылу алмасу дегеніміз не?
3.Жылу беру процесі неше түрге бөлінеді? Түрлері.
4.Термодинамиканың бірінші заңы қандай түрде жазылады?
5.Изотермиялық процесте не тұрақты? Графигін салыңыз.
6. Макроскопиялық ішкі энергиясы осы денелердің күйін сипаттайтын қандай параметрлермен анықталады?
7. Термодинамиканың екінші заңы ?
8. Изобаралық процесте не тұрақты?
9.Адиабаталық процесс дегеніміз не?
10.Қайтымсыз процес дегеніміз не?
III-тур. Есептер шығару (15мин)
1.Тұрақты қысымда газға 0,04 кДж жылу мөлшері беріледі.Осының нәтижесінде газдың ішкі энергиясы 20Дж артты.Газдың атқаратын жұмысы неге тең?
2.Массасы 2кг гелийді 80 % -қа дейін изохоралы қыздыру үшін қандай жылу мөлшері қажет?
3.Изотермиялық ұлғаю кезінде газ 50Дж жұмыс істеді.Оған қанша жылу мөлшері берілген?
4.Карно циклі бойынша қыздырғыштың температурасы 800К жеткенде ПӘК 60% болады.Суытқыштың температурасы қандай.
IV - тур. Қатесі бар физикалық диктант (10мин)
Дұрсы – (1), қате- (0)Мысалы: Изотермиялық процесте қысым тұрақты.(0)
1.Дененің ішкі энергиясы оның жылулық күйін сипаттайды,ол бір күйден екінші күйге өтенде өзгереді.2.Жылу беру процессінің 5 түрі бар.
3.Изобаралық ұлғаю кезіндегі газ жұмысы газ қысымын оның көлемінің өзгерісіне көбейткенге тең.
4.Изобаралық процесс жылу алмасусыз жүретін процесс.
5.Табиғаттағы барлық процесстер қайтымсыз.
6.Кез-келген жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффицентті әрқашан бірден үлкен болады.
7.Изотермиялық процесстерді алғаш рет Шарль ашқан.
8.Көлем тұрақты болғанда газдың берілген массадағы қысымы абсолют температураға тура пропорционал:
V.Қортындылау:Термодинамика тарауын қайталай отырып оқушылардың өткенін есіне түсіруге және есеп шығарып шамаларды есіне түсіруге көмектестім.
6.Рефлексия
Білемін Білдім Білгім келеді
Бағалау.Оқушылардың сабаққа қатысуына,Сұраққа жауап бергеніне,есеп шығаруына қарай бағалау.