«?нші т?лдер» 1в сынып Ана тілі
Атырау қаласы, Дамбы селосы
Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Супыгалиева Камшат Маратовна
Сабақтың тақырыбы: «Әнші төлдер» 1в сынып
Ана тілі
І. Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері.
Жарқын, жарқын үніміз
Болашақтың күніміз
Балалық шақ үйінің
Жайнап тұрған гүліміз.
Оқушылар бір- біріне жақсы тілектер тіледі.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
«Төлдер»өлеңін жатқа айту.
Топтастыру әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту.
Ойын «Тез есепте»
Ойын арқылы жаңа сабақтың тақырыбы шығады.
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыбы: Әнші төлдер
Өлеңнің авторы туралы мәлімет.
IV.Оқулықпен жұмыс.
Мұғалім өзі оқып, өлеңді түсіндіреді.
Дәптермен жұмыс.
37- жаттығу.
Сөздерді көшіріп жазу.
Жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызу.
V. Сергіту сәті.
VI. Ойын «Ойланып жауап бер»
Әр топқа тапсырмалар беріледі. Әр топтың топ басшысы сол берілген тапсырмаларды қорғайды.
1 топ. Малдың толдерін тап. (Суретпен жұмыс)
2 топ. Төлдер қалай дыбыстайды.
3 топ. Төрт түлік малдың атасын айту.
4 топ. Төрт түлік туралы 5 мақал айту.
VII. Ойын «Қораптағы тәттілер»
Жауап менікі, кәмпит сенікі
VIII. Ой толғаныс
Бүгін Ілияс Жансүгіровтың өлеңімен таныстық.
Бұзау деп қай малдың төлін атайды?
Сиыр иесін қалай атаймыз.
Жуан дауыстыны ата?
ІХ. Қорытындылау.
Х. Бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма. Әнші төлдер. Бөрте лақ жаттау.