?нші-сазгер а?ындар шы?армашылы?ына шолу
1
XIX ғасырдың II жартысындағы әдебиетте өте дарынды топ әнші-сазгер ақындар: Біржан Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Ақан Қорамсаұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлы, Естай Беркімбайұлы, Мұхит Мералыұлы, Сегіз сері (Мұхамедханапия) Баһрам Шақшақов, Иманжүсіп Құтпанұлы, Мәди Бәпиұлы, Әсет Найманбайұлы, Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы шығармашылығы маңызды орын алады. Олар әрі ақын, әрі әнші-орындаушы болды. Өз туындылары арқылы әлеуметтік мәселелерге үн қосты, қазақ қоғамындағы өзгерістерді жырлады, махаббатты, жастардың бас бостандығы мәселелерді көтерді, атақты «Жанбота», «Құлагер», «Ақ сиса» әндері заман әділетсіздігіне, билік иелерінің озбырлығына қарсылық ретінде туған. Әнші-сазгер ақындар шығармалары қазақ әдебиетіндегі азаттық, еркіндік аңсаған гуманистік идеяны толықтыра түседі. 2
МОДУЛЬ № 3 Әнші-сазгер ақындар шығармашылығына шолу 6 сағат{D7AC3CCA-C797-4891-BE02-D94E43425B78}БөлімСабақ саныСабақтың мазмұныУақыты Кіріспе 1- сабақ 2-сабақ 3-сабақ 4-сабақ1.Өнер тоғысын иеленген тұлғалар шығармашылығы – қазақ өнеріндегі гуманизмнің шыңы10 мин2.Жаяу Мұса 5 мин3.Мұхит Мералыұлы5 мин 4.Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы5мин 5.Естай Беркімбайұлы5 мин 6.Балуан шолақ Баймұрзаұлы5мин 7.Дәптермен жұмыс 10 мин1.Біржан сал Қожағұлұлы. Өмірі мен өскен ортасы.10 мин2.Ақын Біржан10 мин3.Жастарға өсиет10 мин4.Біржан - айтыскер ақын 10 мин5.Дәптермен жұмыс 5 мин1.Ақан сері Қорамсаұлы.Өмірі мен өскен ортасы 10 мин2.Ақан - лирик ақын 10 мин3.Ақанның Құлагері10мин4.Ақынның дидактикалық өлеңдері 10 мин5.Дәптермен жұмыс 5 мин1.Әсет Найманбаев. Өмірі мен өскен ортасы 10 мин2.Көп қырлы талант 10мин3.Қисса – дастандары 10мин4.Әсет- айтыскер ақын 10мин5.Дәптермен жұмыс 5 мин3
МОДУЛЬ № 3 Әнші-сазгер ақындар шығармашылығына шолу 6 сағат{D7AC3CCA-C797-4891-BE02-D94E43425B78}Бөлімі Сабақ саныСабақтың мазмұныУақыты Диалог5-сабақ1.«Қарлы кесек» ойыны90 мин6-сабақ2. «Кім білгір, кім алғыр» ойыны90 минҚорытынды 7-сабақ«Даланың ән шашуы-әнші- ақындар» әдеби - сазды кеш45 мин8-сабақ«Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері» шығарма 45 мин9-сабақТест 45 мин10-сабақСынақ45 мин4
5Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді. Т.Потанин.Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді. Т.Потанин. Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді. Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді. Г.Н. Потанин
Қазақ халқы — әнге бай, өнерлі халық. Халық өнерін, мәдениетін зерттеушілер бұл туралы көп пікірлер айтқан. Халқымыздың асыл қазынасының бірі-әнші - ақындардан қалған поэзия, әндер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып халқымыздың өзімен бірге туған. Дүниеге келгеннен ән тыңдап өскен, бесік жырын тыңдап уанған дала перзенті есейе келе аттың үстінде келе жатып та домбырасын жанынан тастамай ән салған. Мал соңында жүрген малшы да жапан даланың жалғыз әншісі болып, кейде ыңылдап, кейде аспандағы құсқа әнін қосып шырқаған қурайдан сыбызғы жасап, қарағайдан қобыз жасап, жанын толқытқан мұң мен зарын, сазы мен назын әуенге қосқан. Жүрегін ән тербеген бабаларымыздан қалған өлмес өнер заманнан заман өткізіп, бүгінгі күнге де жетіп отыр. Сөз құдіреті арқылы олар ел мен жерге, сүйген жарға деген махаббаттарын сырлы сезімдерін, тырнағын батырып, үстемдігін танытқан, жер аударып, түрмеген қамаған әкім – төрелерге өкпе - назын, ашуын да өлеңмен шығарып, әнмен жеткізді. 6
7Табиғат дарытқан өнерімен елге ерекше ұнаған жанды Арқа жағы «Сал, сері» деп, Сыр бойы «Сүлей» деп атаса, Маңғыстау өңірі өнерлі ер - азаматты «Қайқы» деген. ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Маңғыстауда аттары елге әйгілі жиырмаға тарта әнші –күйшілер болған. Олардың ішінде әнші-күйші сал-серілер сапында : Өскенбай мен Шолтаман, Әділ мен Тастемірді, Жылкелді мен Досатты, айтулы күйші-әнші Тұрсынды айтады. Олар ел ішінде «Адайдың жеті қайқысы » атанған.
8Әнші-сазгер ақындарға халық «сал», «сері» деген атақ беріп, құрмет көрсеткен. Сал-сері дегеніміз кімдер? Сал-сері – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни, ақын, әнші, күйші, композитор, ойыншы, күлдіргіш, би, спортқа бейімі ерекше өнерпаз. Олар – халық мәдениетінің көрнекті қайраткерлері. «Сал» және «сері» – тектес, төркіндес, кіндіктес ұғымдар. Е.Ысмайылов «сері» сөзі араб халқының «сейір» немесе «серуен», «сайран салу» дегенінен туындады десе, «сал» ұғымын «салдырту», «салтанат» сөздерінен іздейді. Е.Тұрсыновтың пікірінше, «сері» – көне түрік тіліндегі «черік» сөзінен алынып, «әскер», «қол» деген мағынаны береді. Демек, «сері» сөзінің негізгі мағынасы «жасақ құрамындағы жауынгер», «жасақшы», «жорықтағы серік» дегенді танытады.
9«Ақындық, әншілік, өнерпаздық дәстүр жағынан сал мен серілердің арасында айырма аз болмағанымен, сыртқы жүріс-тұрысында, киіну, сыпайылық әдетінде бірқыдыру айырма барлығы байқалады» (Е.Ысмайылов). Салдың қылығы қызық. Ауыл не үй сыртында аттан түсіп, жер бауырлап жатып алады. Оған қыз-қырқындар келіп, басын көтеріп, шаңыраққа кіргізеді. Тамақты өзі ішпейді, қыздар ішіп-жегізуді міндетіне алады. Бір сөзбен түйіндегеңде, сал не істесе де, қандай еркелік көрсетсе де, ел төзімділік танытатын салт, дәстүр болған. Бұлардың киім киісіне келер болсақ, «салдар жұрттың ортақ салтында жоқ, ерекше, күлкілі, көз тартарлық әлемішті киімдер киініп, жарқылдақ моншақтарды тағынған. Бас киімінің, шапан, шалбар, байпақтардың шүберегі ала-құла, қырық құрау болады екен. Бөрік, тымаққа үкі, неше түрлі моншақ қадаған. Сырт киімді кейде бірыңғай ақ, қызыл-жасылдан, кейде қым-қиғаш әр шүберектен араластырып тіктірген, оған тоқыған шекпен де, құрым киіз де қоса тігілген болады» (Е.Ысмайылов).
10Біржан салды көрген Ілияс Мейірбанұлы: «Кең жағалы ақ көйлек, дөңгелек етекті оқалы қамзол, сыртында көк ала қаптал шапан, басында үкілі құндыз бөрік, үкісі бұлғақ-бұлғақ етеді. Қалтасында күрең шұға тақиясы бар екен», – деп жазады. Салдардан серілердің өзгешелігі мынау: серілерде өрескел мінез, оғаш қылық болмайды. Мейлінше сыпайы, орнықты, ибалы, сәнді киімге, бекзаттыққа үйір. Сал-серілер – ойын-сауықтың, той-думанның гүлі. Елдің жуан ортасында, халық арасында қаздай қалқып, үйректей жүзіп, қасына жыршыларын, ақындарын, әншілерін, күйшілерін, өлеңшілерін, ойыншыларын, домбырашыларын, палуандарын ертіп, топ құрып жүреді.
Ақан сері Қорамсаұлы(1843-1913)
Үйректің атқызбайды қасқалдағы,Шебердің былқылдайды бас бармағыБұл күнде ағаң болдым төр алдындаБір кезде Ақан едім аспандағы.Дүние,қызыл-жасыл кімді алдадың?Сен берген ризықтан құр қалмадымДәуренді мендей сүрген кім бар екен,Сонда да қызығыңа бір қанбадым,12
13ӨмірбаяныАқан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы — ақын, әнші, композитор.Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы, сонда) — ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған.
14Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл — арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған.
15Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. Жайлауға көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан сері өмірден де, өнерден де қол үзбейді. “Өнерді бойға біткен іркіп болмас” деп қарайды.
16Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған “Маңмаңгер”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер” әндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез келген жүректі толқытады. Әсіресе “Құлагердегі” экспрессивті интонация, толқыған мұңлы әуен, драмаға суарылған қайғылы оқиға шынайылығымен баурайды.
17ШығармаларыАқан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді.
18Ақан-лирик ақын. Ол – шебер лирик ақын. Оның әндерінде сезім дүниесі басым жатады. Ақын өз лирикаларына дәл келетін нәзік бейнелерді таңдай біледі. Ел ұғымындағы әрі көркем, әрі сұлу аяулы нәрселерді талғап ала біліп, соны айшық етеді. Көркем теңеу, метафора тағы басқа да көркемдік, нәзіктікті бейнелейтін сөздер мол болып келеді.
19Жастық, бозбалалық кезінде Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы – достық, махаббат мәселесі. Ол сүйіспеншілікке беріктік пен адалдықты, махаббат еркіндігін аңсайтын тамаша өлеңдерін әнге қосып айтқан. Эстетикалық сезімі, талғамы күшті, нәзік жанды ақын өмірдегі не бір сұлу, Ақынның «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек» т.б. лирикалық өлеңдерінен сұлулықты машықтай, сүйсіне жырлайтындығы айқын көрінеді. Ол адамның түсі де, ісі де, жаны да әдемінің бәрін әнге қосқан. Ақанның қыз – келіншектер бейнесіне арналған лирикалық әндер тобы біршама баршылық. Бұл әндерге «Ақтоты», «Үш тоты құс», «Балқадиша», «Сырымбет», «Терқатқан» және басқа көптеген туындылары жатады.
20 «Құлагер»-Ақан традегиясының шырқау шыңы. Қазақ тарихында Ақан сері мен оның сәйгүлігі Құлагер ерекше орын алады. Құлагер тағдыры бүкіл қазақтың тағдыры десе де болады. Тегі жағынан «Құлагер» лирикалық-психологиялық өлең түріне жатады. Өйткені өлеңде оқиғаны, оған ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты оның сезім дүниесіндегі күйінішін, психологиялық тебіренісін суреттеу жағы анағұрлым басым. «Құлагер»-Ақан традегиясының шырқау шыңы.
21Бұл өлеңде ат портретін, жүйрік қасиетін танытатын суреттеулер басым. Зорлықшыл қиянатқа қарсы ақын қатты назаланып, жан айқайын өлең жолдарымен білдіреді. Құлагердің өлімі Ақанды қатты толғанысқа түсіреді. Ол өмірде әділдік жоқ деген сияқты ойлар басына келіп, рухани дағдарысқа ұшырайды. Бұл ән – серінің жан ашуының туындысы. Ақанның ызалы үні баршаға ортақ сезіліп онымен бірге күйінеді. "Құлагер" – ат қайғысын ғана жырлаған өлең емес, озбыр зұлымдықты әшкерелеген туынды. Талай жарыста ел намысын, ел абыройын асырған Құлагердің мерт болуын Ақан Атығай, Қарауыл елдерінің қайғысындай қабылдайды.
22Ақан сері шығармашылығының бір шоғыры – дидактикалық өлеңдері. Ақын достық, қастық ерлік, ездік, жақсылық, жамандық туралы мәселелерге өз көзқарасын білдіреді. Өмірдегі жағымсыз әрекеттен аулақ болуға үндейді. Заман ағысы мен қоғамдық өзгерістердің сыры жайлы ойлана келіп, Ақан бір кез заман адамының сипатын беруге ауысады. Оның «Заман адамы» атты ұзақ толғауы – өз замандасын мінездеуге құрылады. Ақан замандасы – өз дәуірінің ұнамсыз мінездерін бойына жинаған ел басшылары – болыс-билер, байлар мен ауылнайлар. Солардың әрекет-тіршілігін, мінез-құлықтарындағы өзгерістерін айта отырып, ақын оларды мінеп, сынайды. Сыртынан жылтыраған, бірақ іші надан адамдар типін ол: Жұпар мен гүл майының иісін білмес, Зұлматтың тұмауымен біткен мұрны. Іші зұлмат болған соң керегі жоқ, Қаншама болса-дағы жүзі нұрлы, – деп суреттейді. «Жақсы мен жаман » деген өлеңінде : Білінер жер жақсысы қыс келгенде Көрінер көлдің көркі құс келгенде Кімнің алыс – жақыны сонда ашылар, Басыңа қиын –қыстау іс келгенде,- деп Ақан жақсы мен жаманның жігін айырып, жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасытып, жаманның жамандығын бетіне айтып құтын қашырады. Бұлай айта білу де – ерлік.Ақан сері шығармашылығының бір шоғыры – дидактикалық өлеңдері.
23Ақанның есімі халық арасына өзінің әсем әндерімен тарады. Ол үлкен лирик ақын болды. Жасынан сұлулықты сезініп, әсемдікті ардақтаған жан махаббат бостандығын аңсаған сазды да сырлы өлеңдер жазды, өмірінің соңғы кезінде өзін ұқпаған ортадан алшақтап, жалғыздықпен мұңдасты. Өз заманының қатыгездігіне мойынсынбай, ерлік, тапқырлық танытты. Ақан сері туралы кезінде С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, І.Жансүгіровтер зерттеп, әдебиеттен өз орнын ашып берді. Адами сүйіспеншілік сезімін асқақтата жырлаған әнші – ақын, сазгер кейінгі ұрпаққа қалдырған өлмес өнерімен жұртшылық жадынан ұмытылмақ емес. Ірі талант кесек тұлға Ақан классикалық туындылар – І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері -Ақтоқты» пьесасының С.Жүнісовтің «Ақан сері » романының бас кейіпкеріне айналды.
24«Ақан сері - заманның озып туған, талай тамаша тарлан тұлғалардан асып биік тұрған,бірде күлісіп, бірде бүрісіп ғұмыр кешкен сал-серілердің падишасы» Серік Негимов.
25«Тәңірдің берген бағына кім таласады?Ақан-ел сүйген, елмен туысқан ақын» Мұхтар Әуезов
26«Ақан өзіне-өзі мәңгі жоғалмас ескерткіш соққан ұлы ақын, әнші, халқымның сал-серілік салтының озығын өзінің бөлек болмысымен биікке көтерген...асқақ тұлға» Сәкен Жүнісов.
27 Ән ақын өмірінің трагедиялық сәтін бейнелеумен қатар, сол қоғамдағы өнер адамдарының тағдырын қамти отырып, өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіз бет-бейнесін ашады. Ақан серінің музыка туындылары қазақ өнерінің өркендеуіне зор ықпалын тигізді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларында кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады.
28Музыка және әдебиеттегі үлесіҚазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды.Әуезов «Казак халкының эпосы мен фольклоры» атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің ақындық өнерін жоғары бағалап, оның жел жетпес жүйрігіне арнаған «Құлагер», қыран бүркітіне арнаған «Көк жендет» әндерін жоқтау өлеңіне жатқызған
29Ақан серіге орнатылған ескерткіш