?ызы?ты ?рі та?ымды Алхимиктер жарысында келген с?ра?тар?а жауап


«Алхимик - 2015» таңымдық сайысы
І кезең. «Танымыңызды танытыңыз»
Атақты боламыз деп алдын ала суреттерін салуға тапсырыс берген кімдер еді?
49720559753500Жауабы: 1921 жылы Борис Кустодиевке әлі танымал болмаған екі жас ғалым келіп портреттерін салуға өтініш береді.Олардың бұл атақты суретшіге келген себептері: Кустодиев тек қана атақты адамдардың ғана портретін салатындығы еді, бірақ бұл жас ғалымдар болашақта атақты ғалымдар болатындарына кәміл сенім білдіріп, аз да болсада бұл суретшіге ақы ретінде өздерінің диірмен жөндегендері үшін алған бір қап бидай мен әтешті берді. Бұл жас ғалымдар Нобель сыйлығының иегерлері, физика және химия ғылымының саласында еңбек еткен Пётр Капица мен Никалай Семёнов еді.
Байкал көліндегі кремний айналымының өзгеріссіз жүзеге асуының себебі неде?
Жауабы:
Жыл сайын Байкал көліне құйылатын өзендер 600 мыңнан астам тонна кремнийді әкеледі екен. Бірақ, көлдегі судың құрамында кремнийдің мөлшері аз әрі өзгеріссіз. Кремний қышқылы көлде мекен ететін былқылдақ денелілер мен балдырлардың сыртқы қабықшаларының түзілуіне қатысып диатомдары құрайды екен. Көлде мекен еткен бұл балдырлар мен былқылдақ денелілердің мерзіміне сәйкес сыртқы қабықтарын тастап көлдің түбіне түсіп диатомды қатпарлар түзеді. Бұл диатомды қатпарлар көлдің түбінде бірнеше мың тонна диатомды қалдық боп кремний айналымының өзгеріссіз жүріп отыруына бірден бір себеп деп ойлаймыз.
Ерітіндідегі бұл шар тәріздес найзағай неден пайда болды?
Жауабы:
4972057556500 Химиялық стаканға жартылай дистильденген су құйып оның үстіне бір шай қасық натрийдің гидрокарбонатын NaHCO3 араластырып оған арақашықтығы 1 см болатындай етіп екі темір электродын батырамыз, электрод ретінде темір шегені немесе темір пластинка да алуға болады. Электр тоғын қосамыз, амперметр 3 А-ді көрсеткенде ерітінді көпіршіктене бастап буланады. Катодта шар тәріздес от пайда болады. Қуат 110 В болғанда катодта кішігірім от шашулар(искра) пайда болса, қуатты 220 В көтергенде орталығы ақ түсті , жан жағында сары от шаулар шар тәріздес найзағайға ұқсайды.
Катод (–): 2Н2О + 2е- = Н2↑ + 2ОН –
Анод (+): 2НСО3¯ – 2е- = 2СО2↑ + 2ОН –
Fe + 3ОН – – 3е- = FeO(OH)↓ + H2O
Бұл ақ-сары шар тәріздес найзағай – температурасы төмен сұйықтық.
Хрустальдан жасалған ыдыста маринадталған немесе тұздалған орамжапырақты сақтауға бола ма?
Жауабы:
Хрустальдан жасалған ыдыстарда маринадталған және тұздалған орамжапырақты сақтауға болмайды, себебі, маринадталған орамжапырақтың құрамында - сірке қышқылы болса, тұздалған орамжапырақта – сүт қышқылы болады. Бұл қышқылдар негіздік оксидтермен реакцияласып (PbO, CaO) тұздар мен қорғасын ацетатының ерітіндісін («қорғасын қанты») түзеді және бұл ерітінді өте улы әрі зиянды. Ағзаға түсіп сүйек құрамындағы кальциді синтездеп жіберіп, аурулар туғызады.
Ескерткіш қай ғалымға қойылған?
Жауабы:
39935152032000Біздің жауабымыз – бұл ағылшын ғалымы Джозеф Пристли, бұл мүсінде ғалым өзінің лабараториясында оттегіні алуда.
Газ өтетін құбырдағы газдан неліктен бұзылған еттің иісі шығады?
Жауабы:
Газ өтетін құбырдағы газдардын иісі мүлдем болмайды, сондықтан олардың құрамына «одорант» (латынша - «иіс») қоспасын қосады. Себебі құбырдан газ шығатындай төтенше жағдай болса бірден жағымсыз одоранттың иісі шығуы тиіс. Бұл қоспаның өзіндік жағымсыз, бұзылған еттің иісіндей иісі бар. «Одорант» ескерту ретінде пайдаланылатын зат.
Кеншілердің торғай дауысымен жер астынан көтерілуінің себебі неде?
Жауабы:
Кеншілердің өздерімен сайрағыш торғайды алып жүру себебі: бұл құс жер астындағы ауа құрамындағы метанды анықтауда қолданылған еді. Себебі сайрағыш торғай бұл улы газға өте сезімтал құс. Құстың даусы шықпай қалғанда кеншілер жер астынан лезде жоғарыға көтерілілген.
Сайрағыш торғай бұл қызметі 1989 жылға дейін атқарған.
ІІ кезең. «Тапқыр, әрі ұшқыр болсаңыз»
Қар жана ма?
Жауабы:
Қар жана ма? Иә, арине! Ол метанның гексагидраты СН4*6Н2О. Бұл «қар» жанғанда орнында тек көлкілденген су ғана қалады. «Қалауын тапса, қар жанар» деген осы да!
Еңбекқор элемент қайсы?
Жауабы:
50673033274000Біздің ойымызша, еңбекқор элемент бұл – темір элементі, себебі Темір барлық ірі өнеркәсіп пен машина жасау өндірісінің негізгі металы болып табылады. Сонымен қатар, 1958 жылы Брюссель қаласында бұл элементтің құрметіне «Атомиум» атты ескерткіш қойылған екен. Ол ескерткі өте үлкен, әрі диаметрі 18 метр болатын тоғыз металдық шардан тұрады, бұл бейне темірдің кристалдық торын 165 миллиард есе үлкейтіп ұқсатып салынған модель. «Атомимум» ескерткіші – бұл темір элементінің ұлылығын дәріптейтін ескерткіш болып есептелінеді екен.
Темір туралы тағыда бірнеше қызықты деректерді айта кетсек: Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген, олар б. з. д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару - жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес хеттер патшасына (б. з. д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б. з. д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.
Делидегі б.з.б. ІҮ - Ү ғасыр ғасырда 415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы 6, 5 тонна 99, 72% таза темірден тұрады, осынша уақыт таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр.
1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель Эйфель мұнарасының құрылысын аяқтады. Париж эмблемасынасына айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады.
Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады,оның орташа құрамы 0, 01 - 20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.
Көшедегі шамдар сары түспен жану үшін қандай заттың буы қолданылады?
Жауабы:Қала көшелерінде кездесетін сары түсті шамдарды жағу үшін Натрий элементінің буы қолданылады екен, натрий бу шамы (NL) - электр жарық көзі. Натрий буы газ разряды ретінде қызмет етеді. Осы шамдардың спектрінде натрий резонанс радиациялық болып табылады. Натрий элементімен қоса басқа элементтер қосады, содан шамдар жарқын қызғылт сары - сары жарық береді.
NL ( монохроматты сәулелену ) бұл , атап айтқанда, ерекшелігі - түсі нашар сапасы жарық болып табылады .

«Алхимик - 2015» сайысының қатысушылары Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Өмірлік орта мектебінің оқушылары,
«Менделеев шәкірттері» тобы.
Топ мүшелері: Сыздыков Алмат, Қайырбек Жақсылық, Нурмат Саяжан, Шиганов Бекзат, Әуелбек Бегімбет, Бондарева Анастасия, Шариполлинова Меруерт
Топ жетекшісі: химия пәні мұғалімі Құрмашова Айгүл Жанабергенқызы