Планирование по географии «С?ра?тар?а жауап бер»
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Өтес орта мектебі ММ
(6 сыныптағы ашық көрнекі сабақ)
Өткізген: Нәдірова Гүлсім
2013-2014 оқу жылы
Сабақ: № Бекітемін:_________________ _____
Сынып: 6«А», «Ә», «Б» Оқу ісінің меңгерушісі күні
Мырзабайұлы Қ.
Тақырыбы: Өзендер
Мақсат-міндеттер:
Білімділігі: оқушыларға өзен,өзен жүйесінің бөліктері,олардың орналасу ерекшеліктері мен олардың шаруашылықтағы маңызы жайлы білім беру;
Дамытушылығы: оқушылардың дүниетанымдылық қабілеттерін, ойлау, сөйлеу дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту;
Тәрбиелігі: оқушыларды сүйіспеншілікке, алғырлыққа, ізгілікке, табиғатты аялауға, оның қамқоршысы бола білуге баулу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадан слайдтан суреттер, өзен туралы әндер, өзен туралы өлеңдер, сарқырамалардың бейне баяндары.
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ әдебиеті, тарих, сурет
Сабақтың жоспары:
I кезең Ұйымдастыру
II кезең Үй тапсырмасын сұрау
III кезең Жаңа сабақты меңгерту
IV кезең білім мен икемділіктерін бекіту.
V кезең қорытынды, үйге тапсырма
VI кезең бағалау кезеңі
Сабақтың барысы:
Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті.
I Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. Сосын мұғаліммен танысады.
II Оқушылар біздер өткен сабақтарда гидросфера тақырыбымен таныса отырып, мұхит сулары және олардың бөліктерімен таныстық.
Біз қазір онда қайда жүрміз? Біз мұхитта жүрміз кемемен, балалар жағалауға шыққыларың келе ме? –Иа! Ендеше жағалауға жету үшін алдымызда 4 асау биік толқын кездеседі, ол толқындарда үй тапсырмасы жасырылған. Егер үй тапсырмасының сұрақтарына дұрыс жауап берер болсаңдар сол толқындардан өтіп жағалауға жетеміз.
Ендеше мен сіздерден дүниежүзілік мұхит суларынан үй тапсырмаларын сұрайтын боламын. Дүниежүзілік мұхитта кемемен саяхаттап жүрміз. Біз жағалауға жетуіміз керек қой ол үшін барлықтарыңыз сұрақтарға, әр түрлі тапсырмаларға жауап бересіңдер. Сонда ғана жағалауға жетеміз.
Кеттікпе ендеше, кеттік.
1толқын «Сұрақтарға жауап бер»
Теңіз дегеніміз не?
Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз? (ішкі, шеткі, арал аралық)
Бұғаз деп нені атайды?
Шығанақ дегеніміз не?
2толқын . «Ең, ең, ең....»
№ «Ең, ең, ең....» жауаптары
1 Ең суық мұхит 2 Ең таяз мұхит 3 Ең жылы мұхит 4 Ең терең мұхит 5 Ең үлкен мұхит 6 Ең кіші мұхит 7 Ең енді мұхит 8 Тек солтүстік жарты шарда жатқан мұхит 9 Ең тұзды мұхит 10 Ең тұздылығы аз мұхит 11 Ең кең және терең бұғаз
3 толқын «сандар сөйлейді» -
361 млн шқ ²
11022-
180 млн
92 млн
75 млн
14 млн
4 толқын «мені анықта» ойыны Мұнда теңіз, көл, шығанақ, бұғаздардың суреттері беріледі, соған қарап оқушылар табу керек.
Мексика шығанағы , Дрейк бұғазы, Гвейнея шығанағы, Мозамбик бұғазы
5 толқын «Адасқан балық» . Тақтадағы суретте аквариумда жүзіп жүрген балықтардың суреті берілген. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, балықтың артындағы сұраққа жауап беріп, оны өздері қалаған көл немесе теңізге жібереді.
1-сұрақ.. Дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)
2-сұрақ. Дүние жүзіндегі ең ұзын бұғаз (Мозамбик)
3- сұрақ. Мұхит суының қандай қасиеттері бар?
4-сұрақ. Еуразия мен Африка материгін бөліп тұрған бұғаз (Гибралтар)
5-сұрақ. Дүниежүзілік су айналымы дегеніміз не?
6- сұрақ. .Судың қандай қасиеті 1 л. судағы заттың грамм мөлшерін көрсетеді?
7. Мұхиттың бетіндегі қандай толқындарды білесің?
8. Мұхиттағы толысу қайту құбылыстары ненің әсерінен болады?
Ендеше оқушылар біздер жағалауға жеттік. Түсеміз де құрлыққа енеміз. Ендігі жаңа сабағымызда балалар құрлықтағы сулармен танысатын боламыз.
Сабағымыды бастамас бұрын мен сіздерге жұмбақ жасырайын. Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
III Жаңа сабаққа дайындық
Жаңа тақырыпты ашу алу мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылады. Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп жарыпты. ( Өзен)
Балдар енді Өзен? Өзен дегеніміз не деп ойлайсыңдар?
Қазақстанда қандай өзендер кездеседі?
Өзен дегеніміз – табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Біздің ғаламшарымызда миллионнан астам өзендер бар болса, ал Қазақстанда 85 мың өзен бар.
Өзендер неге ағады?
Өзендер қалай ағады таудың басынан ба тау басына қарай ма?
Бастау – өзеннің басталар жерін айтады. Әдетте өзендер басын таулардан алып көл, теңіз, мұхиттарға құяды. Саға - өзеннің теңізге немесе көлге, мұхитқа барып құятын жерін айтады.
Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алабы деп атайды. Өзен аңғары - өзен алқабындағы, ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жері.
Өзеннің жайылмасы – өзеннің толысып, тасу кезеңінде жағалауларын екі жағына да уақытша жиналатн сулы алап.
Өзеннің екі саласы бар: Оң Сол
Өзен жүйесінің бөліктері: 1- арна; 2-бастау; 3- атырау; 4- сала ;5- саға; 6-суайырық
Өз жерлеріңде қандай өзен бар?
Оқушыларға өзендердің екі суреті көрсетіледі: Балаллар музыка тыңдаймыз да слайдқа қарайық екі өзенді салыстыр қандай айырмашылық байқайсыңдар? Қалай таптыңдар Тау өзенінің жылдамдығы неге жазық өзеніне қарағанда жайырақ деп ойлайсыңдар?
Өзендер Тау өзені Жазық өзені
Балалар сіздер сурет сабағынан білетін Ә. Қастеев те өзенннің сұлулығына қызыққан. Біз жаңа суретшілердің өзенді қалай әдемі бейнелеген туындыларын көрдік тек суретшілер ғана емес ақындар да өзеннің сұлулығын асаулығына таң қалып өзінің өлең жолдарын арнаған.
Мысалы, Шу өзенін Ілияс Жансүгіров былай деп сипаттайды:
Шу әне, тауды тарпып, шыққан тулап,
Ойнақтап, ырғи, жосып таудан тулап.
Асқардың ақтарылған ағы емес пе,
Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап.
Адамдар үшін өзендердің шаруашылықтағы маңызы өте зор. Ерте замандардағы өркениеттің өзі Ніл, Тигр, Евфрат, Ганг, Хуанхэ, Янцзы өзендері бойында дамығандығы тарихтан белгілі. Құлап аққан өзен суынан электр қуатын өндіреді. Өзен кемелері жолаушы мен жүк тасымалдайды. Өзен суын фабрикалар мен зауыттар көп пайдаланады.
Өзендер неге ағады?
Өзеннің қоректену режимі айтылады.
Сарқырамалар туралы айту
Анхель, Ниагара, Игуасу сарқырамаларының бейнефильм көрсету
«Ең ерекше» Ніл – дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. (6671 км).Африка материгінде орналасқан.
Амазонка – дүние жүзіндегі ең суы мол өзен.Оңтүстік Америкада орналасқан.
Конго – экватор екі рет кесіп өтетін өзен.
Сергіту: Заман тобының «Өмір-өзен» әнін айту Балалар тапсырманы орындайды.
IV Өзен қалай пайда болады?Өзеннің басталатын жері қалай аталады?Өзеннің сағасы деген не?Өзен физикалық картада қалай бейнеленеді?
Мақал – мәтел айту өзен туралы:
Өрісіне қарай мал өсер, өзеніне қарай тал өсер.Көлдің көркі - құрақ, таудың көркі – бұлақ.Өткелін білмесең, судан өтпе.
Өзен ақса — көл, Дария ақса — сел.
Өзен бойы тұрғанда өзге жерге қонбаңыз.
Өзен жағалағанның өзегі талмас.
Өзен-суға жарасқан қамысы мен қоғасы, Қарияға жарасқан аузындағы тобасы.
Өзен суын жаңбыр тасытады, Адам қадірін еңбек асыртады.
Өзен ұзақ ағады бұлағы болса басында, Іздеген бақыт табады жалықпаса жасында
Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқушыларға оқып беру.(Судың дыбысы бар фондық музыка ойналып тұрады)
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
V Оқулықтағы осы тақырып бойынша берілген мәтінді оқу және түсіну
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
Көгілдір тамшылар – ол сіздер! Менің кішкентай тамшыларым, қазіргі мөлдір судың тамшысындай алған білімдерің өсіп, толғаннан кейін өздерің өзен жүйесіне айналып, «Білім» атты мұхит әлеміне жетсеңіздер екен деп тілеймін! Оқушыларды тамшылар арқылы бағаладым. Мұғалімді тыңдап, күнделігіне жазып алады.
VI Оқушыларды үзіліске жібереді. Үзіліске шығады.