К?зді? ??рлысы мен ?ызметі (презентация)
Алматы облысы,Панфилов ауданы,Головацкий атындағы орта мектеп биология пәнінің мұғалімі Рысбаева.Г.Б
Көздің құрлысы мен қызметіСабақтың мақсаты: А) Оқушыларға біз көзбен заттарды көріп, түсін, пішінін, көлемін ажыратуға, көзбен заттың қозғалысын, бір орында тұрғанын анықтауды түсіндіру. Ә) Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын байыту. Б) Адамзат үшін көздің маңызды екеніне, оны күтуге, қорғауға үйрету.
Көз құрлысы
Қан тамырлары: Негізгі қанмен қамтамасыз ететін артерия көз артериясы.Ол ішкі ұйқы артериясының тарамы және көз ұясына көру тесігі арқылы енеді. Көз ұясында келесі тарамдарды береді- жас аретриясын, (жас безіне және қабақтарға), торлы, бұлшық етті (олар бұлшық еттер склераға бекінгеннен кейін қасаң қабыққа дейін жалғасады, бірақ енді олар алдыңғы кірпікті артериалар деп аталады (склера мен қасаң қабықты қоректендіретін); артқы кірпікті артериялар склераны артқы полюсінде тесіп өтіп көз ішіне енеді де қысқа және ұзын кірпікті артерияларға тарамданады. Қысқалар одан да ұсақ тарамдарға бөлінеді және өзара анастомоздар жасап, 3 деңгейде қан тамырларын құрайды-ірі қан тамырлар қабаты (склераға жанасады), ортаңғы және ұсақ (тор қабыққа жанасады). Қан тамырлары өздік тамыр қабатын құрайды-хориоидеяны.Хориоидея склеранаң көп бөлігін ішкі жағынан көмкере орналасып, тор қабықты қоректендіреді.
Көз гигиенасыКөз адамның маңдайдағы жұлдызыболғандықтан, оны қорғай білу абзал.1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу;2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру; ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек.3. Үстелге коятын шамның жарығын сол жақтан түсіру.4. Кітапты окығанда, іс тіккенде көзден 30-35 см қашықтықта ұстау.5. Теледидарды ұзақ қарамау, 2,5-3 м қашықтықтан көру.6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.8. Темекі тартпау, ішімдік ішпеу.9. Кітапты көлікте, жатып оқымау.10. Серуендегенде, орман-тоғай аралағанда көзді бұтақ тиюден сақтау.
Көз алмасы (лат. bulbus oculi Bulbus — алма, oculus — көз) — пішіні шар тәрізді, алдыңғы бетінен артқы жағына қарай сәл қысыңқы келген көру мүшесінің негізгі бөлігі. Көз алмасының қабырғасы: сыртқы — талшықты (фиброзды) қабықтан, ортаңғы —тамырлы қабықтан және ішкі — торлы қабықтан құралған. Фиброзды қабық мөлдір қасаң қабыққа және ақ қабыққа бөлінеді. Тамырлы қабық алдыңғы жағындағы нұрлы қабықтан, кірпікті денеден және өзіндік тамырлы қабықтан тұрады. Торлы қабықпигментті эпителиймен қапталған, үш қабатта орналасқан нейроциттер қатарынан түзілген жүйке ұлпасы. Оның бірінші қабатын жарық пен түр-түсті ажырататын фоторецепторлы (таяқша, құтыша) нейроцитгер, екінші қабатын биполярлы (қос өсінділі) нейроциттер, үшінші қабатын мультиполярлы (көп өсінділі) ганглиозды нейроциттер құрайды. Мультиполярлы нейроциттер аксондары көз алмасы мен аралық миды жалғастырып, көру талдағышының өтгізгіш жолын құрайтын көру жүйкесін (ми жүйкесінің II жұбы) түзеді. Көз алмасының мөлдір сәулесындырғыш ортасын — қасаң қабық, алдыңғы және артқы көз қуыстарындағы көз сұйықтығы (шылауық) және шыны тәрізді дене құрайды.[2]
Көз туралы қызықты 15 факт 1. Біздің миымызға жіберілген сурет шындығында төңкерілген.2. Жағымды заттарды көргенде адамның қарашығы 45 пайызға дейін ұлғаяды екен. 3. Адам көзінің мүйізгек қабығы акуланыкына қатты ұқсағаны сонша, акуланың мүйізгек қабығын көзге ота жасағанда алмастырушы ретінде пайдаланады. 4. Көзді ашып тұрып түшкіру мүмкін емес. 5. Біздің көзіміз сұрдың шамамен 500 реңкін ажырата алады. 6. Әр көз 107 миллион жасушадан тұрады және олардың барлығы жарыққа сезімтал. 7. Әрбір 12-еркек — дальтоник. 8. Адамның көзі тек үш спектрдің ғана аумағын қабылдай алады: қызыл, көк және жасыл. Қалған түстер осы түстердің үйлесімі болып саналады. 9. Адам көзінің диаметрі шамамен 2,5 см, салмағы 8 гр. 10. Барлық бұлшық еттердің ішінде көзді бақылайтын бұлшық еттер ең белсенділері. 11. Адам көзінің көлемі туғанда қандай болса, қартайғанша сол қалыпты сақтайды, ал құлақ пен мұрын өсуін тоқтатпайды. 12. Көз алмасының 1/6 бөлігі ғана көрінеді. 13. Орташа есеппен алғанда, біз бүкіл өмірімізде 24 миллионнан астам әртүрлі сурет көреді екенбіз. 14. Саусақ таңбаларының ерекше 40 сипаты болса, көздің сыртқы мөлдір қабығы 256 сипаттамаға ие. Сол себепті көздің ішкі тор қабығын түсіру қауіпсіздік мақсатында қолданылады. 15.Біздің көзіміз бір секундтың ішінде шамамен 50 затты көре алады
Үй тапсырмасы:Көздің құрлысы мен қызметі.69-бет кестені толтыру,Көз аурулары реферат.