Білім ба?ында ?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі


"Білім бағында" әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері  арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру.    Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Музыка:
Айсәуле:
----- 2014 жыл.Қыркүйек айы.Қол бұлғап шақырған аяулы мектеп анаға да қызыға қарайтынбыз
------ Иә,көңіліміз алып-ұшып өзімізді бейне бір ашық аспанда армансыз ұшып жүрген құсқа теңедік.
-------Елімізді көркейтер,болашақтың көктемі болуды армандадық. .
(Оқушылар алма жинап,ағаштарға іліп жүреді.
Музыка үнімен: Атасы немересін жетектеп келе жатады.
(5-6 ата-ана балаларын ертіп мектепке қарай келе жатады.
Автор: Жеті жасар баласын,Жетпісте шал жетектеп. Келе жатыр көшеде,
ҚАНАТ:
« Ата,ата қайда әлгі мектеп»-
Атасы:
Балам,балам, жақсы бол,Міне,сенің мектебің.Сабағыңа зейін салАқылды бол тентегім.
Қанат: Қыркүйекте келдім деСыныпқа кірдім қуанып,Қарсы алды ұстаз мейірімменҚадамымды құп алып.
1.Есбол«.Сәлем сөздің анасы» демекші армысыздар,ұстаздар,ата-аналар.
2.Торғын«.Бір күн таныстыққа қырық күн сәлем» дегендей біз осы қай жерде тұрмыз?
3.Абылай«Мектеп білім ордасы»демекші біз»Жаңа Ғасыр»білім бағында тұрмыз ғой.
4.Мұғалім:
Армысыздар,ата ұрпақтың жалғасы,
Армысыздар,жаңа атқан таң нұры.
Әліппемен қоштасатын бүгінгі,
Тамашалап көріңіздер балғынды.
Бүгін сіздер бізбен бірге «Білім бағындасыздар»
5. Білгішбек:
Ой, қандай керемет! Ойларың да,бойларың да өсіп Әліппемен қоштасуға жиналып қалғансыңдар ма?
Достар,
Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не?Хормен:
Болашаққа жол ашқан,Ол сүйікті- Әліппе
Музыка ырғағымен Әліппе келеді.
Әліппе:
Армысыздар, жас достар!Армысыздар, ата-ана!
Достарым,бүгін мені қалай таңқалдырасыңдар!
1-оқушы: 
Нұрмұханбет:
Әліппем менің Әліппем,Сені қолға алып мен.Есігін аштым мектептің,Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы:
Аяжан:
Келгенде алғаш мектепке,Білмеуші едік әріпте,Оқимыз қазір ертекте,Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы:
Арайлым:
Әліппе деген алтын жолАпарар сені алысқа.Жеңіл емес ауыр жолТырысып бақ намысқа.
4-оқушы:
Даниал:
«Әліппе» даңғыл жол аштыЖаңадан пәндер жалғастыӘліппе сырын ұқтырған Рахмет ұстаз алғашқы.
Ән:"Ұстазым" Аяжан,Абылай
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар
Ән: »Ананың тілі» Томирис, Толғанай.
Ана тілі: Томирис- Туған елдің тілімін,Ақылымен танылам.Түсіндірер бәрінеАна тілі мен болам.
Білгішбек:
Достарым,осы сендер қандайсыңдар?
----Талабы биік таудаймыз.
---- Көп оқимыз
-----Біз шеберміз.
-----Ақылдымыз.
----Үлкенге ізеттіміз.
---- Кішіге қамқормыз
-----Мың бұралған бишіміз
.Би: Айсауле, Мөлдір,Нурикамал,Нурила,Айсана,Аяулым.Аяжан,Айша.
Білгішбек:
Биік тауға қарасаң көңілін өседі,жасыл желекке қарасаң жүзін жарқын болады.Бұлақ көзің ашып жүр ,балаң қайырымды болады.
Көрініс:Қария мен бала
Бала: Ата, ата, арман деген не?
Қария: Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, . Арманына адаспаған жетеді,
Қария: Дос табу оңай ма?Бала: Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
Қария: Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың.
Қария:Үйдегі алтын қазығың кім?Бала :Ата, үйдегі алтын қазық - бала
Қария: Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем
Қария: Өмір сүру үшін не қажет?Бала :Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет
Қария: Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
Қария:Адамға ақыл беретін кімдер?Бала : Ата, ана тілі ғой ақыл беретін
Қария: Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата-ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
Бала:Түсіндім,ата.Енді мен ақылды боламын.
Қария: Жүр, балам.Енді екеуіміз серуендеп қайтайық.
Ән:" Гүлдерайым" Дариға
Би: Торғын
" Күз вальсі"халықаралық спорттық би байқауының 1-орын жүлдегері.
Нурикамал:
5.Сан жақсылар оқыған,
Құтты екенсің мектебім.
Оқығаның тоқыған
Құт мекенім,мектебім.
6 .Адижан:
.Бастап сызық,иректен,
Бар әріпті үйреткен.
Икемі аз қолымда,
Сүйемелдеп сүйреткен.
Дариға :
7.Мектеп –үлкен анашың,
Баураған барлық баласын,
Тәртіппен алсаң білімің,
Өмірден жол табасың.
Нүрилә:
8.Ол не? деген сұраққа,
Бұл не? деген сұраққа.
Жауап табу үшін мен,
Келдім саған, мектебім.
9.Ән:»Мектебім»Даниал,Нұрмұхамед,Айдын,Айшуақ,Арайлым,Айша
10 Айгерім:
.Далада ағып жатқан бұлақ,тау-тастан шығып жатқан бастау,сусағанның шөлін
қандырып,ыстықтағанның ыстығын басады.
11 Айсұлтан:
.Иә,--Айгерім, алыс жолдан шаршап жеткен кісі бұлақтың басында жай тауып,ағаш
көлеңкесін саялап демалады емеспе?
12. Мөлдір:
Ал,ол үшін бұлақ та ,бастау да таза,суы мөлдір,әрі салқын болуы керек қой.
13 Ерсұлтан:
.Иә, достар,.білім деген бастаудың көзін ,бұлақтың жолын ашып берген Әліппеге мың алғыс.
Ән :«Рахмет,саған Әліппе» Мөлдір,Айгерім. ( соңына қарай әліппе кетеді(
1.Айшуақ:
.Бабалар мұрасы
Аталар мирасы
Бар байтақ даласы,
Біз қазақ баласы.
2 Аяжан:
.Әкелер түлеткен,
Ағалар гүлдеткен.
Бар ауыл баласы,
Біз қазақ баласы.
3.Ерасыл:
Дәстүрді сақтаған,
Жадына жаттаған.
Жеті ата бабасын,
Біз қазақ баласы.
4. Торғын:
.Көксеген келді күн,
Тәуелсіз ел бүгін.
Бар Отан анасы,
Біз қазақ баласы.
Ән: «Мен қазақтың қызымын» Адина
5.Омар:
.Халықтық салт нұсқа,
Сөз сайыс айтысқа.
Бар ынта таласы
,Біз қазақ баласы.
6 Амирлан:
.Оқу да,өнер де,
Үздік те,шебер де,
Ұрпақтар жалғасы,
Біз қазақ баласы.
7. Абылай:
.Бабалар мұрасы,
Аталар мирасы.
Құлпыртар даласын
Біз қазақ баласы.
8. Толғанай
.Ежелгі жерінің,
Егемен елінің.
Отаны анасы
Ертеңгі панасы
Біз қазақ баласы.
9. Айша:
.Жерінде бабасының
Еліңде атасының
Көңілінде әжесінің
Қолында анасының
Жолында ағасының
Тапқан өз жарасымын
Біз қазақ баласымыз.
10. Есбол :
Бұтағы бабасының
Ұрпағы атасының
Шуағы әжесінің
Тұяғы әкесінің
Тілегі анасының
Біз қазақ баласымыз.
Ән: «Здраствуй,Столица» Адина,Аружан, Аяулым ,Нурәли,Амирлан,Адижан,Айсултан
1 Айсауле: Бағбан болсаң бақ өсір,
2Торғын : Бағбан –ол ұстаз,
3Адина : Біз, Шәкірттер сол бақтың жемісі емеспіз бе?
4 Білгішбек: Көзің ашқан бұлағың -шәкіртің, жақсы істерін-шырағың, ал жасыл бағым –мектебім.Достарым,мен сендерге ақ жол тілеймін,қанаттарын талмай көк аспанда самғаңдар.
Соңы: Ән:« Ақ көгершін» Ерхан
Алматы қаласы Әуезов ауданы "Жаңа Ғасыр" №175 гимназия
Сыныбы: 1 "М" сынып
Сынып жетекшісі: Канапьянова Асылгүл Сламбековна