1-сынып?а арнал?ан ?ліппемен ?оштасу ерте?гілігі
«Қош бол, құтты Әліппем!»
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, білімге деген құштарлығын арттырып, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып пен өлең жолдары жазылған плакаттар, әліппенің суреті салынған плакат, шарлар, гүлдер, хан тағы, Әліппе орындығы, әріптер қалашығы, әріптер т.б.
Барысы:
Мерекеге сай безендірілген залда хан тағы. Әуен ойнап тұрады. Бір кезде қасында уәзірлері бар хан залға кіреді.
Хан: Мұнда не болғалы жатыр?
Уәзірлер: Уа, хан ием! Қарашоқат орта мектебінің 1-сынып оқушылары Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілік өткіземіз деп дайындалып жатыр.
Хан: Оларға кім рұқсат берген. Менің рұқсатымсыз олардың ешбір мерекені өткізуге хақылары жоқ. Ертіп әкеліңдер маған оларды.
Уәзірлер 1-сыныптың 2-3 оқушысын ертіп келеді.
Хан: Сендерге кім мереке өткізуге рұқсат берген? Ешқандай мерекені тойламайсыңдар.
Оқушылар: Хан ием, біз білмей қалыппыз. Рұқсат беріңізші. Себебі бұл біздің сауатымызды ашқан, оқу мен жазуды үйреткен алғашқы оқулығымыз ғой. Әліппе болмағанда біз әріптердің басын қосып оқып, жаза алмас едік қой. Сауатсыз болар едік қой. Сол сауатымызды ашқан сүйікті оқулығымызбен салтанатты түрде қоштасуға рұқсат етіңіз.
Хан: Сауатымызды ашты дейсіңдер ме? Жарайды онда мен сендерге сұрақтар қоямын. Сол сұрақтарға жауап берсеңдер, ертеңгіліктеріңді менің қатысуыммен өткізіп, менің сұрақтарыма жауап беріп отырасыңдар.
Бірінші: мақал-мәтелдер айтыңдар.
Екінші: сұрақтар: 1. ҚР астанасы қай қала?
2. ҚР президенті кім?
3. ҚР мемлекеттік рәміздерін атаңдар.
4. Қазақ халқының қаһарман батырларын атаңдар.
Жақсы сұрақтарға мүдірместен жауап беріп өз сауаттылықтырыңды көрсеттіңдер. Сендерге мерекені тойлауға рұқсат беремін. Әуен қосылсын!
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын себу бүгінгі біздердің – ұстаздардың, ата-аналардың міндеті. Соның бір көрінісі ретінде бүгінгі «Қош бол, құтты Әліппем» атты ертеңгілігімізді көріп, тамашалаңыздар.
Аслан: Армысыздар, аналар,
Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі ән-жырымыз.
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.
Оқушылар: мен енді өзім-ақ оқып, жаза аламын. Мен кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендім.
Назерке: Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Мұғалім: Балалар мына сұраққа жауап беріңдерші.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол – сүйікті Әліппе.
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге қымбат дос «Әліппені» ортаға шақырайық.
Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе.
Ортаға Әліппе шығады.
Әліппе: Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар
«Әліппең» келді ортаға.
Білім денег ғажаптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың -
Қуанышы халықтың.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік?
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім: «Оқу инемен құдық қазғандай» демекші, білім сондай қиын жол. Біздің алдымызда «Әріптер қалашығы». Шатырлары көк, қызыл, қара түстермен боялған үйлерде әріптер тұрады. Балалар, сендер мына тұрған әріптердің үйлерін анықтауларың керек. (Оқущылар әріптерді үйлеріне орналастырады.)
Даниал «Алфавит сыры»
Аслан: Атыраудың айдыны
Алтай таудың айбыны.
Астанамыз – Астана
Болды әлемге әйгілі.
Алмат: Ғарышкері ғаламның
Намысты елі даламның.
Тоқтар сынды ағамның
Ізбасары боламын.
Даниал: Жайық, Еділ екі су,
Дұшпан тізе бүккен жер.
Жер жәннаты – Жетісу,
Елім туын тіккен жер.
Гүлжанат: Иба, әдеп асыл ғой,
Имандылық басы ғой.
Игі іске қазақ баласын
Үйрететін осы ғой.
Ақнұрхат: Қарағанды көмірі,
Қостанайдың егіні.
Даласындай жомарт қой,
Қазағымның көңілі.
Айдана: мақтанышым ұдайы,
Маңғыстаудың мұнайы.
Ел байлықтың қақпағы,
Мақтааралдың мақтасы.
Жақсылық: Қазақ батыр ел деймін,
Ұл мен қызды ел деймін.
Ата қоныс Оралды
Мен ешкімге бермеймін.
Назерке: Жаққан оты өшпеген,
Жұртым қалай өскен ең.
Қызықпасын өзгелер
Мен ешкімге бермеймін
Өз жеріміз – Өскемен.
Айбол: Сазы бар ғажап тым,
Сыр елі – жыр елі.
Семейі қазақтың
Жаралы жүрегі.
Рақымжан: Жарақты жаумен жұлысқан
Қылышты жаумен қырқысқан
Ең ежелгі астана
Қасиетті Түркістан.
(залға түлкі кіреді)
Түлкі: О, мұнда мейрам болып жатыр ғой. Мен мейрамды жақсы көремін.
Мұғалім: Түлкіжан, бүгін 1-сынып оқушылары «Білім бастауы - Әліппені» бітірді. Енді олар оқи да жаза да алады.
Түлкі: мен да оқи аламын.
Мұғалім: онда мына сөздерді оқып берші.
(түлкі берілген сөздерді оқи алмайды)
Түлкі: Оқымай-ақ қояйыншы, шаршап тұрмын. Балалар, сендер оқи салыңдаршы.
(Балалар берілген сөздерді оқиды)
Түлкі: Балалар, сендер жақсы оқиды екенсіңдер. Мені үйретесіңдер ме?
Оқушылар: Иә!
Түлкі: Алақай! Онда мен сендерге би билеп берейін.
(түлкі би билап береді.)
Түлкі: Жақсы, балалар! Маған орманға кету керек, сау болыңдар!
Ертегіден көрініс «Мақта қыз бен мысық»
Әліппе: Балалар, сендер менеі оқып отырып қандай өлеңдер үйрендіңдер?
Балалар Әліппеден үйренген өлеңдерін оқиды.
Жамеков Аслан «Жарқын жүзді ұстазым»
Мубаракова Назерке «Отан»
Маратова Гүлжанат «Отан»
Естилеуов Ақнұрхат «Әліппе»
Түймебаев Рақымжан, Қазиев Алмат «Санамақ»
Әліппе: Балалар, сендерге мен ризамын. Мені жақсы меңгеріпсіңдер. «Әріптер елінен» іздеген қымбат асыл қазыналарыңды алып келдім. Ол «Ана тілі» кітабы. (Әліппе Ана тілін ертіп келеді.)
Ана тілі:Туған елдің тілімен,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Балалар, енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсе үйретемін. Мені де Әліппені оқығандай жақсы оқисыңдар ма?
Оқушылар: Иә!
Назерке: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне, балаңыз.
Ақнұрхат: Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсеге үйреттің,
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Әліппе: Қош болыңдар, балалар! Сендерге көп рахмет.
Оқушылар: Қош бол, құрметті Әліппе!
(Әліппе сахнадан кетеді.)
Хор «Әліппе».
Түрік биі. Орындайтын Маратова Гүлжанат
Ән «Дос болайық бәріміз». Орындайтындар Жамеков Асылан, Түймебаев Рақымжан, Маханов Жақсылық.
Көрініс «Үш би».
Ән «Ертегілер». Орындайтындар Мубаракова Назерке, Маратова Гүлжанат, Қазиев Алмат
Ән «Ақ көгершін». Орындайтын Тлеужанов Даниал, Естилеуов Ақнұрхат
Жастар биі. Орындайтындар Мубаракова Назерке, Жамеков Асылан
Хор «Мұғалім – ол біздің».
Хан: Сырлы әріптер сыр түйіп,
Сабырмен саған қарайды.
Сырларын білсең бас иіп,
Керегіңе жарайды.
1-уәзір: қолыңа тұңғыш қалам ап,
«А» әрпін алғаш жазарсың.
Біліп ап «А»-ны саралап,
«Б»-ға көзді саларсың.
2-уәзір: Осылай барлық әріпті,
Есіңе түйіп аларсың.
Нұрлы әріппен жарықты,
Жүрегіңе жағарсың.
3-уәзір: «Әліппе» деген – алтын жол,
Апарар сені алысқа,
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа!
Мұғалім: Осы оқушылардың арасында Қазақстанымыздың клешегі, болашағы, мемлекетіміздің болашақ президенті, депутаты, халық қалаулылары да болуы мүмкін. Олар қандай мамандық иесі болмасын келешекте егеменді еліміз – Қазақстан Республикасының нағыз азаматы болатындарына үлкен сенім артамыз!
Ертеңгілік соңында ата-аналар балаларға батасын беріп, ақ тілектерін айтады.
Хан: Сырлы әріптер сыр түйіп,
Сабырмен саған қарайды.
Сырларын білсең бас иіп,
Керегіңе жарайды.
1-уәзір: қолыңа тұңғыш қалам ап,
«А» әрпін алғаш жазарсың.
Біліп ап «А»-ны саралап,
«Б»-ға көзді саларсың.
2-уәзір: Осылай барлық әріпті,
Есіңе түйіп аларсың.
Нұрлы әріппен жарықты,
Жүрегіңе жағарсың.
3-уәзір: «Әліппе» деген – алтын жол,
Апарар сені алысқа,
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа!