1 сынып ?ліппемен ?оштасу ерте?гілігіні? сценарийі
Павлодар облысыШарбақты ауданы
Жаңа-ауыл жалпы орта мектебі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Әліппе, саған мың алғыс!»
Өткізген: 1 «А» сынып жетекшісі Абжатова Д.Ш.
2015-2016 оқу жылы
«Қош бол, сүйікті Әліппе!» әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі Мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау, білімдерін ортаға салу.Өнерлерін тамашалау, әліппе оқулығына оқушылардың ерекше құрметі, бағасы, мектеп өміріндегі оқулықтың орнын түсінуге,Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету.Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата - аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.Көрнекіліктер: : Интерактивті тақта, шарлармен безендіру,слайдтар
Сабақ барысы:
Мұғалім: -Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Біз сүйікті Әліппемен қоштаспақшымыз.Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Бүгінгі «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!
1 жүргізуші: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Оқу білім бастауы.Ілім, ғылым арқауыБүлдіршінге тіл ашқанКөкірекке нұр шашқан«Әліппе» тойы басталды» -2 жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатыпШәкірттерге ой түзеген сымбаттыКүн нұрындай сәуле құйған көңілгеАрмысыздар ұстаздарым сымбатты1 жүргізуші: Армысыздар әжелер мен аналарҰрпағыңыз күнде өзіңнен бата аларБүгін міне әліппемен қоштасадыАзамат боп кешегі сәби еркелер2 жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,Жан сәулесін тарататын баршаға.Шын пейілмен құрмет етіп, сендерді,Бүлдіршіндер шақырамын ортаға. (Залда салтанатты музыка ойналады. Сахнаға 1 а сынып оқушылары шығады) Сөз кезегін оқушыларымыздың өздеріне береміз.
Хормен: Үлкенге де сіз,Кішіге де сіз.Қонақтарды құрметтеп,Бас иеміз біз.Ағжан: Ұстаз ұғар қашанда Дамуын әр баланың. Жақсы оқитын сабақты Ағжан атты баламын. Амантай: Кең болсыншы еліміздің керегесі, Тату болсын, болмағай ерегесі. Таныстырсам өзімді, оу ағайын, Амантаймын Рашит ата немересі Ақнұр: Қыздар деген бола алады қыр гүлі, Қазақ қызы болу керек үлгілі. Жақсылыққа ұмтылатын әрқашан, Ақнұрмын Бекболаттың бір гүлі.
Дархан: Сабақтан еш қалмаған, Ерінбей оқып талмаған. Боламын дейді үлгіліДархан атты бір балаң. Вика: Жеңу үшін қиынды Еңбегіңді аяма. Алдарыңда тұрған қыз- Владимирқызы Виктория.
Рахат: Шәкіртінсіз ұстаз ісі Жарқырай ма,жана ма? Жеті өнер де жеткіліксіз Рахаттай балаңа. Айшат: Жақсы оқитын мен үлгілі баламын, Азамат боп мен де өсіп толамын. Бассам деймін даналардың тек ізін, Мен Айшат Асқарқызымын.Айдын: Жақсы әдепті, жақсы істі Бойыма әркез термекпін. Қиын-ау деп қайыспайтын, Ер мінезді Айдынмын. Гульдана: Гульданамын атамның баласымын, Әжемнің тәттісімін, дарасымын. Қашанда қатарластың алды болып, Сенімін ақтаймын анашымның.
1 Жүргізуші: Армысыздар, көрермендер, әз жандар! Бармысыздар, инемен құдық қазғандар! Әліппеге рахмет деп шырқайық! Ал, қанеки енді тойды бастайық!
Не үйреніп, не білдік, жырдан шашу шашайық! Мұғалім: Балалар, сендер Әліппені әнге қосып, 4 ай бойы дос болдыңдар. Әліппе сендерге көп нәрсе үйретті. Ал қазір біз осы Әліппенің арқасында ер жетіп қалдық. Әліппемен қоштасатын кез де келген сияқты.
Ағжан: Бар білімнің бастауын Әліппеден бастадым. Үйренуге талпындымҚұлшынып балғын жас жаным.
Амантай: Бірінші беттен елімнің Елтаңбасын таныдым. Көк байрақты қазақтың Ұрпағымын,сәнімін. Ақнұр: Келгенде алғаш мектепке Білмеуші едік әріп те. Оқимыз қазір ертекті Үйреткен оны «Әліппе». Дархан: Әліппемен қош айтысып қаламыз,Енді қолға Ана тілін аламыз.Ата-ана қуанышқа ортақ бол,Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Вика: Енді біз жаза білеміз Әріпті қосып,әріпке. Риза боп саған жүреміз Сүйікті біздің Әліппе.
Рахат: Әліппем, менің әліппем,
«А» деген басты әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
Айшат: Әліппе- білім анасы,
Әліппе- кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?!
Айдын: Бар кітапқа бас болған
Әліппе- ғылым апасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Гульдана: Әсем ою-өрнекпен
Көмкерілген әліппем!
Сен болмасаң білімге
Бастайтын жолды біліп пе ем?
Мұғалім: Өсті міне бойларың,Өсті ақыл-ойларын.Қуанышқа ортақпын,Құтты болсын тойларын!-Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.- Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не?Хормен: Болашаққа жол ашқан,Ол сүйікті Әліппе.
Хормен ән: «Әліппе»
2 Жүргізуші: Рахмет,балалар! Әріптердің бәрін таныпсыңдар! Айттың әділ бағаны Әріпсіз сөз болмайды Буын онсыз толмайды Адам барлық әріпті Ардақтайды, қолдайды. Мұғалім: Балалар, ал енді осы уақытқа дейін не үйреніп, не білдік, қане ортаға салайық. Балалар мен қазір сендерге сұрақтар қоямын. Сұрақтың жауабын білетін оқушы қол көтеріп жауап береді. 1. Біздің елбасымыз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев) 2. Президент күні қай күн? (1 желтоқсан) 3. Біз қандай мемлекетпіз? (Тәуелсіз, егеменді) 4. Еліміз қалай аталады? (Қазақстан) 5. Ел ордамыз қалай аталады? (Астана)6. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? (Ту, елтаңба, әнұран) 7. Ең алғашқы қоңырау біз үшін қай күні соғылды? (1 қыркүйек) 8. Ең алғаш қолыңа алған кітабың? (Әліппе)9. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42) 10. У дыбысы қандай дыбыс? (Дауысты да, дауыссыз да) 11. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата (ю,я,ё) 12. Дыбыс бермейтін әріптер (ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі) 13. Сөз неден құралады? (Буындардан, дыбыстардан, әріптерден) 14. Сөйлем туралы не білесің? (Сөйлем сөзден тұрады. Сөйлемнің басы бас әріптен басталып жазылады. Сөйлем соңына нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі деген тыныс белгілері қойылады) 15. Бір аптада неше күн бар? Ата (7 күн Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі) 16. Жүзім, қарбыз, пияз деген сөздердегі ортақ әріпті табыңдар. (з әрпі)
Мұғалім: Міне құрметті қонақтар балалардың қандай білімді болып өсіп келе жатқандығының куәсі болған шығарсыздар. Динара: Дилара, 2 алмаға 2 алма қосқанда неше болады? Дилара: Қиын сұрақ қойдың ғой, ойланбай айта салайын. 4 Дұрыс па? Динара: Бәрекелді, сондай ауыр сұрақ емес еді ғой. Бірақ математик екеніңді мойындаймыз. Ал, достар! Өзім алуды болмаса қосуға берілген есептерді сиықты тез шығара бермеймін. Дилара: Достар! Одан да ұстаздарын «Математика» пәнінен білімімізді тексеріп көрсін. Мұғалім: Математикадан не үйреніп жатқандықтарыңды жария етуге дайын болсаңдар, мен сынақ жүргізуге дайынмын. -Ендеше тақтаға қарайық. Не берілген? (5+3, 9-7) -Өрнектер -Қандай өрнектер? -Қосынды және айырма -Өрнектердің мәнін кім табады? (5+3=8 9-7=2) -Ал енді қарайықшы. Біз өрнектің мәнін тапқанда өрнек неге айналды? -Теңдік -Теңдікті әр түрлі тәсілмен кім оқып береді? -1)5 қосу 3 тең 8. 2)5 пен 3-тің қосындысы 8-ге тең. 3) Бірінші қосылғыш 5, екінші қосылғыш 3, қосындының мәні 8-ге тең. 1)9 алу 7 тең 2. 2)9 бен 7-нің айырмасы 2-ге тең. 3) Азайғыш 9, азайтқыш 7, айырманың мәні 2-ге тең.
Жұмбақ есептер 5-тен 4-ті алайық Қанша қалды санайық Қарайық та санайық Санайық та табайық (1)
Бесбайда бар 5 іні Естайда бар 2 іні Қоссақ 5 пен 2 ні Қанша болар шешуі? (7) Шығармақ боп кеше есеп Жиналғанда 5 есек 3-еуі ұйықтап отырды Ынталысы неше есек? (2) Қазып жүр құмды 5 мысық 3-і жатыр күн ыстық 2-і жүр шомылып Барлығы қанша санап шық? (10) Мұз айдында жеті бала. Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала. Жағалауда тұр қарап. Енді осы бар баланың Санын айтсаң –жарадың! (9) Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз, Қонбады оның нешеуі? Кәне, кім тез шешеді? (5) Жаңа ғана шалғында, Алты бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма, Жатып қапты біреуі. Нешеуі енді жайыл0ып, Айт, жүргенін айырып. (5) 1 Жүргізуші: Жарайсыңдар,балалар математикадан да сауат алып қалыпсыңдар ғой.Енді айтыңдаршы кім сендерді сауатты оқып, жазуға үйреткен, көп еңбек сіңіріп, санауды үйреткен? Бәрі бірге: Ол біздің мұғалім апай ғой. 2 Жүргізуші: Ендеше барлығымыз мұғалімге арнап ән айтайық. Бәрі бірге орындайтын ән: «Мұғалім ол біздің» Мұғалім: Рахмет балалар.Әліппені оқуға тек қана мен емес, ата-аналарыңның да көмегі көп тиді сондықтан ата-аналарымызға да рахмет айтайық. Бәрі бірге: Рахмет сіздерге ата-әже, әке-ана! Мұғалім: Біздің аналарымыздың құрметіне «Аяулы анашым» әнін орындап береді. Қабыл алыңыздар! Ән: «Аяулы анашым» Орындайтын Ақнұр мен Рахат 1 Жүргізуші: Рахмет . Осы ана сүтімен дарыған ана тіліміз біздің қай тіл? Оқушылар: Қазақ тілі, Ана тілі 2 Жүргізуші: Біз Әліппені бітірген соң не істейміз? Шынымен де не оқимыз? Қиналатын түгі де жоқ. Достарым. Ана тілі деген досымыз бар. Мұғалім: Балалар мен сендермен қоштасамын. Енді сендер қолдарыңа басқа кітап алатын боласыңдар. Ол кітап ана тілі деп аталады. Ендеше жаңа достарыңыз ана тілін қарсы алыңыздар.
...................: Білімге жолды бастаған Әліппем саған,мың алғыс! Оқы деп ұран тастаған Әліппем саған, мың алғыс ..................: Қош бол,құтты «Әліппе» Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен Тақылдатып сөйлеттің. .....................: Қош бол құтты Әліппем! Тіл тұсауын кестін сен. Аяулы анам болып сен Айыбыңды кештің сен. Ән: Рахмет саған, Әліппе! орындайтынАғжан мен ГульданаМұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Сіздерге Ж, Қ, А, О, Т әріптерін береміз. Мен қойған сұрақтарға тек сіздерге берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер. -Балаңыздың аты кім? -Балаңыздың досы кім? -Балаңыз қандай? -Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді? -Балаңыз бос уақытында немен айналысады? Ата-аналарға қойылатын сұрақтар:1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.) 2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді) 3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады? 4.Үй тышқанның неше құлағы бар? 5.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз) 6.Самат,Марат,Қанатты орындыққа әртүрлі ретпен қалай отырғызуға болады? ( а)Самат, Марат, Қанат. ә)Самат,Қанат,Марат. б)Марат,Самат,Қанат. в) Марат,Қанат, Самат. г)Қанат,Самат,Марат. ғ)Қанат,Марат,Самат.) 7.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау) 8.Үш ағайындының ішінде Асқар, Айдардан ұзын, ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жарас Асқардан аласа) 9. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам) 10. жанар меАнар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (төрт баласы бар)
Мұғалім: Ертеңгілігіміздің соңында балаларымыздың мың бұралған биін тамашалаңыздар! Би: Мектеп вальсі (барлығы)
ІІ бөлім:
Мұғалім: Ал енді балалар әліппемен қоштастық. Енді қолымызға ана тілін алатын боламыз. Ана тілдің құрметіне Амантай бізге «Қара жорға» биін билеп беремін дейді. Қабыл алыңыздар!
Викторияның орындауында «Қошақан» әнін қарсы алыңыздар!
«Жаяу» би (Айшат, Дархан, Айдын, Гульдана)
ІІІ бөлім:
Мұғалім: Балалардың білімі құтты болсын, Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын. Білімдерін әрі қарай дамытатын, Ерінбейтін енбекқор күшті болсын! Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін ортаға мектеп директоры Сарубал Айтымқызын шақырамыз. (директор сөз сөйлейді)Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі. ( ата-ана сөз сөйлейді)
Мұғалім: Қымбатты шәкірттерім! Білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауларыңызбен құттықтап, білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын демекпін. Мектебіміздің мақтанышы болыңдар!Мерекеміздің соңын да слайдпен аяқтағымыз келіп тұр. (слайд көрсету)