Ерте?гілік Та?ырыбы: «Ана-?мір шуа?ы» мектепалды даярлы?


Тақырыбы: «Ана-өмір шуағы» ертеңгілігі
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыру.Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым -қатынасты ұлғайту .Анаға деген бала махаббатын ояту. Аналарын құрметтей білуге тәрбиелеу.Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын! Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Айгерім:Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құттықтап,
Ән маржанын шашайық.
Дүниеде ең қымбатты жан кім? Ол – ана
Дүниеде ең тәтті не? Ол – ананың сүті
Дүниеде ең жұмсақ не? Ол – ананың аялы алақаны
Ән:Ақ мамамРайымбек:Бала, бала, бала деп,Түнде шошып оянғанТүн үйқысын төрт бөліп,Түнде бесік таянған.Бұл кім?Балалар: Ана, ана, ана!Нұрали:Бүгін наурыздің 8 - іСұлулықтың негізіӘдемі сөз адамныңАнаға айтар лебізі.Төрежан: Анаң болса қасыңдаБасқа бақыт не керек
Мен анамды сүйемінҚұшағына енемін.
Әлімжан: Ана дейміз бәрімізде анқылдап,
Ана дейміз жас сәбидей жарқылдап
Ана дейміз бәйтерегі өмірдің
Ана дейміз алтын қазық алтын бақ
Еркежан: Ана деген асқақ ән
Орындайтын әрқашан
Анадай қымбат сыйлықты
Табалмайсың ешқашан
Елжас:Ақ анашым, аппағым,Өзің жайлы тақпағым,Өзің жайлы әнім де,Арнадым саған бәрін де.Нұрәли О: Ақ қабақты анашым,Күн сәулелі анашым.Әлпештеген баласын,Айналайын анашым.Ән: Айналайын ақ мамам.Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.Аяла: Әже деген көп шығар,Әжемдей жоқ шығар.Мейірімді бұл кісі,Қандай ғажап күлкісі.Ислам: Мені жақсы көреді,Күндей күліп жүреді,Көп ертегі біледі,Маған айтып береді
Олжас: Менің әжем мейірбан,Мені жақсы көреді.Қажетіне жарасам,Жас балаша күледі.
Толғанай М: Әлпештеген аялағанАқ сүт берген апатайым.Сәлем жазып бүгін саған,Мейрамыңмен құттықтаймын.
Жомарт: Әр сөзімді жаттаған,Жүрегінде сақтаған,Анашым деп мақтанам,Айналайын ақ мамам.
Еңсер :Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құрметтеп,
Мерекесін тойлаймыз.
ЕркежанА: Сенен өскен балалар,Батырлар мен даналарҚұттықтаймыз мейрамменҚұрметті аналар.
Аружан: Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін анама,
Ешкімде жетпейді.
Амина: Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіздер аналар.
Зор денсаулық,мол бақыт,
Тілейміз біз балалар.
Толғанай Қ: Әлемге тыныштық тілеген,
Жан ана жаныңа гүл егем
Балалық жүрекпен айтылған
Махаббат бесігі бұл өлең
Әділжан: Ақыл құйған санама,
Күннен артық расында.
Күн алыста ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Ақнұр:Құтты болсын ардақты ана,
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын асыл ана,
Қуанышты берекең.
Жүргізуші: Біз доспыз гүлдермен,Текке оны жұлмаймызТой күні бір - бірденАналарға сыйлаймыз.
Ән:Құттықтаймын мама мерекеңмен
Ән:Көңілді күн Серік АялаБи : Ха-Фа-На-На
Вальс: Ұлдар аналарымен билейді.
Тәрбиеші: Сүйкімді ғой балаларӨнерлі ғой баршасыМіне, осындай қойылымКөрсетті біздің балалар.Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!Міне, көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз аналар мерекесі өз мәресіне жетті,көріп тамашалағандарыңызға рақмет.
Автор: Сакенова Баян Ильясовна