Окушы ?стаз ж?не ата-ана арасында?ы ?зара байланыста?ы ынтыма?тасты?


Мектептің өмірлік маңызды ақпараттарды,қауіпсіздік шаралары туралы білімдерді тарату және оқушыларға табиғат апаттары және басқа төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету орталығы ретіндегі ролі жоғары екені сөзсіз. Сондықтан да мектеп осы міндеттерді жүзеге асыруға қолайлы орын болып саналады.
Мектеп әкімшілігінің мүшелері,педагогтар,сынып жетекшілері,психологтар бұл жұмыста шешуші рол атқарады.Әсіресе барлық аталған педагогтік қызметкерлер санаттары жұмысының өзара әрекеттестігі және үйлесімі өте маңызды.
Даярланған мамандар өзінің күнделікті мектептегі және мектептен тыс жұмыстары шеңберінде оқушыларды осы проблема бойынша қазіргі заманға сай және үздіксіз үйрету жұмыстарын жүргізе алады.
Тәрбие процесі де оқушыларда мәдениетін қалыптастыруға бағытталуы тиіс . Өмір сүру қабілетін тәрбиелеумен тығыз байланысты болғандықтан,әрбір сынып жетекші оқушылармен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру жұмысын жоспарлы түрде жүйелі жүргізу керек.