«Мектеп пен ата-ана ынтыма?тасты?ында?ы зияткер, ??зіретті т?л?аны ?алыптастыру жолдары»
БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары__________ Л.М.Култаева
«14»___сәуір 2015 жыл
Астана қаласы, №73 физика-текникалық
лицейдің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, педагогтердің біліктілігін арттыру курсының
І ілгерінді деңгейінің сертификатталған мұғалімі Сүлейменова Д.Ж.
Коучинг «Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығындағы зияткер, құзіретті тұлғаны қалыптастыру жолдары»
Коучинг сессияның тақырыбы «Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығындағы зияткер, құзіретті тұлғаны қалыптастыру жолдары»
Мақсаты Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін пайдалану арқылы мұғалім мен ата-ананың рөлін арттыру.Тұлғаның дамуына қолдау көрсету,ата-ананың мектеппен тығыз байланысын орнату.Құзіретті тұлғаны қалыптастыруда туындайтын мәселелерді анықтау. Психологиялық-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру
2. Әр отбасының, мұғалімнің бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету.
Міндеттері 1.Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын, жауапкершілігін арттыру.
2.Оқушыларды өмірлік жетістіктерге жетуге ұмтылдыру.
3.Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру
4. Оқу- тәрбие үрдісінде мектептің, ата-ананың тығыз байланысын үйлесімді жүргізу.
Күтілетін нәтиже Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңаша тәсілдерін ұғынады, тиімділігіне көз жеткізеді.
Оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда ата-ананың міндетін, ұстаздық жауапкершілікті түсінеді.
Сабақта туындаған негізгі идеялар Құзіретті тұлғаны қалыптастырудағы нақты мәселелерді анықтау.
«Топтастыру»
3 мин.
«Тұлғаны тану»
2 мин
Танысу.
«Шаттық шеңбері»
3 мин.
Сергіту сәті
5 мин.
Ой қозғау
2 мин. Видео көру. «Бала тәрбиесі»
Ой шақыру
5 мин.
Постер жасау.
7 мин.
Постер қорғау
4 мин.
«2 жұлдыз,1 тілек»
2 мин.
Психологиялық ой қорытуға арналған суреттер арқылы тұжырым жасау.
5 мин.
Рефлексия
Қорытынды
Түрлі пішіндегі фигуралар таңдау арқылы топқа бөлініп отырады.
Жоспарлы,еңбекқор, белгілі бір ережелерді ұстанады
-18415-28194000
-29210-16129000 Эмоционалды, сезімтал, өзгеге жақсылық тілеуші адамдар, қарым-қатынасқа бейім.
-20320-2794000 Көшбасшылар, энергиясы мол, мақсатына жете алатын, күшті адамдар.
453295778500 Өзгеруге бейім, жаңа өмір стилін ізденіп
жүреді.Өзгелер сұрауға қорқатын заттарды еш қиындықсыз сұрайды, батыл адамдар.
Қақтығыстар мен, кедергілер көп кездессе де алға ұмтылғыш.Тәуелсіз.
152790-596000 Қызық идеялар тастайды.алдауды білмейді, шыдамсыз.
. Баланың өмірге бейімделуіне мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқыту мен тәрбиелеуде жарасымдылық мектеп пен ата-ананың әлеуметтік ортаның бірлесіп жұмыс істеген жағдайында үйлесімділік табады. Ендеше, бүгінгі коучингімізді танысу тренингінен бастайық.Ортаға ата-аналар, мұғалімдер «Шаттық шеңберін» құрайды.Шеңберіміз-көктегі жылу беретін күн тәрізді дөңгелек. Шеңберге тұрып біз бір-бірімізге жылылық, жақсылық сыйлайық. Ата-ана, мұғалімдер есімдеріне сын есім қосып айту арқылы тілектер айтады.
Қазір біз орнымыздан тұрып қимыл-қозғалыс арқылы мына сұрақтарға жауап беріп көрейік. Еркін атмосфера орнату , жақынырақ танысу, мұғалім мен ата-ананың жеке тұлғаның қасиеттерін тану, білу мақсатындағы қарым- қатынас мәдениетін орнықтыру.
Газет, журналдардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты хабарларды оқып, қарап жүресіз бе?
-иә-қол шапалақтау
-кейде-аяқтарыңызды топылдату.
2. Отбасыңызда баланыңызды тәрбиелеу жауапкершілігі кімде?
-Әке- қолды алға созу,
-анасы-жымиыңыз
-екеуі де-қол шапалақтау.
3.-Баланың киімін, шаш үлгісін, күнделігін күнде тексеріп тұрамын ,-десеңіз-партаны ұрыңыз.
2.Видео көру . «Бала тәрбиесі» видеосын көреді.
1.Үстел үстіне бос банка, тас, топырақ, су қойылады. Әр топ сыни тұрғыдан ойлана отырып, берілген заттардан не жасауға болатынын, тақырыпқа сай мектеп өміріне жақын бір нәрсе құрастыру керек. (оқушыға байланысты) Әр топ құрастырған ойларын ауызша түсіндіреді.
Білімі мен тәрбиесі ұштасқан құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалім мен ата-ана рөлі қандай болмақ?
Топтарға жалпы тапсырма
-Құзіретті тұлға деген кім? )Құзіретті тұлғаға қандай қасиеттер тән?? Тұлға қасиетін ашатын сөздер тауып жазады. Сол сөздерден кластер құрастырады. (қабілетті, өмірге сүруге бейім, коммуникативті, мәдениетті, мақсатшыл, қызығушылығы жоғары, іскер, білімді, төзімді, ұстамды)
Топтық тапсырма:
1- топ Осы сөздердерді негізге ала отырып, құзіретті тұлға қасиеттерін ашу.
2- топ. Құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалімнің рөлі қандай?
3- топ. Құзіретті тұлға қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай? деген сұрақтарға ой бөлісіп, постер құрастырады. Тұжырымды ойларын ортаға салады.
Әр топ бір-бірінің постерін бағалайды.
Стикрлер таратылады,топ мүшелері кері байланыс жасайды.
Интерактивті тақтадан ой салуға арналған түрлі-түсті психологиялық суреттер көрсетіледі. Әр топ 1 суретке өз ойларын айтып, ой қорытындысын шығарады, тәрбиелік мәнін ашады.
Ш.Уәлиханов : «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген болатын
«Түсінісу теоремасы» Қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі – адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі.
-Бүгінгі коучингтен қандай ой түйдіңіз? -
- Жиналыста айтылған мәселелердің сізге пайдасы бар ма?
Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.Сондықтан, қымбатты ата-аналар, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына сай өзіндік ой-көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеп шығару мектеп пен отбасының тәрбиесі ұштасып, ортақ бір мүддеге бағытталғанда ғана жан-жақты, толыққанды жүзеге асады
.
.
.
Ата-аналармен өткізілген коучингтің рефлексивті талдауы
Мектеп Астана қаласы №73 мектеп-лицейі
Коучингтің тақырыбы «Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығындағы зияткер, құзіретті тұлғаны қалыптастыру жолдары»
Қатысушылар 7 «А» сыныбының ата-аналар ұжымы
Күні 14.04.2015
Сынып жетекшісі І деңгейдің сертификатталған мұғалімі Сүлейменова Д.Ж
Ата-аналарды қарсы алғаннан кейін коучингтің өту ерекшеліктерін топтастыру сәтінен бастадым.Ұйымдастыру сәтінен соң сабақтың мақсаты, міндеттері таныстырылды.Әр түрлі фигуралар арқылы топтастырғанда мінез –құлық ережелеріне баға беріп кеттім. Коучингте танысу үшін «Шаттық шеңбері» арқылы бір-бірін алақаннан алақанға сын есімдер арқылы таныстырып тілек айтты. Психологиялық көңілді ахуал орнату үшін бала мен ата-ананың арасындағы бірлікті білдіретін сұрақтар бере отырып қол шапалақтау , аяқ дыбысы арқылы белгі беретін сергіту сәтін өткіздім. Бұл сәт ата-аналарға ой салып әрі арамызда еркін атмосфералық жағдай орнауына ықпал етті.
Тақырыптың мәнін ашып, мазмұнын түсіндіру үшін ой шақыру мақсатында үстел үстіне бос банка, су, тас, топырақ қойылды. Бұл заттарды пайдалана отырып, әр топ өз ойларын құзіретті тұлғаны тәрбиелеу жолдарының кезеңдерін түсіндірді. Ата-аналардың тарапынан сәтті пікірлер мен құнды ойлар талқыға түсті. Ой түйіндеріне қарап бұл стратегияның пайдалы әрі қызықты болғанын білдім.
«Бала тәрбиесі» бейне сюжетін көрсете келіп, «Құзіретті тұлғаның» макетін жасауға флипчарт тараттым. Әр топ ұйымшылдықпен ойларын қағаз бетіне түсіріп, мазмұнды, мағыналы постер қорғап шықты. Құзіретті тұлғаны тәрбиелеуде отбасы мен мектептің ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс істей отырып белгілі бір мақсатқа жете алатынына көз жеткізді. Мен смайликтер таратып, мадақтау сөздер арқылы бағалап отырдым.Стикерлер таратылып, әр топ бірін-бірі «2 жұлдыз,1 тілек» стратегиясы арқылы бағалады.
Тұжырым жасау мақсатында психологиялық ой қорытуға арналған суреттер интерактивті тақтадан көрсетілді. Әр топ психологиялық ой қорытындысын жасау үшін пікірлерін суреттерге сипаттама беру арқылы қорытындылады. Ой қорытындыларын тақырыпқа сай,мағынасын ашып суреттен алған әсерін ашық жеткізе білді.
Бұpынғы дәстүpлi ата-аналар жиналысымен салыстырғанда бұл коучингте ой шақыру, өзіндік пікір қалыптастыру,ой тұжырымын жасауға сыни тұрғыдан көзқарасын білдіруде ата-аналар тарапынан белсенділіктің артқанын байқадым. Топпен жұмыс жасағанда ұйымшылдық, өзара пікірлесу , ортақ шешімге келуде бірізділікке бағыну ережесін ұстанды.
Топ мүшелерінің бipеуi суpет сaлсa, бipеуi жaзу жaзды, ендi бipеуi ауызша қорғауға шықты, бір-бірін толықтырып ұйымшылдықпен жұмыс істеді. Коучинг сoңындa ата-аналар орындалған жұмыс түрлеріне баға беріп, түйiн жaсaй aлды. Коучингтің соңында кері байланыс жасағанда ойларын жасырмай жазып, тілектерін ауызша да жазбаша жазып жатты. Кері байланыс сауалнамасын таратқанда коучингтен алған әсерінің көп болғанын, ата-ана үшін берер пайдасының зор екеніне көз жеткізгенін жазыпты. Көңілді, мазмұнды өткен іс-шара болғаны үшін маған алғыстарын жеткізіпті. Көңілді смайликтер тарата отырып, соңын әнмен аяқтадық.
Карандаштың 5 қасиеті
Бірде бала әжесінің хат жазып отырғанын көріп:
-Әже, сіз мен туралы жазып отырсыз ғой, иә? –деп сұрайды.
-Ия, сен дәл таптың ,мен сен туралы жазып отырмын.Мұнда менің не жазып отырғаным маңызды емес, немен жазып отырғаным маңызды.Мен сені өскенде мына карандаш сияқты болғаныңды қалаймын,- дейді. Бала карандашқа таңырқап қарайды, бірақ одан ешқандай ерекшелікті таппайды.
Ол: -Мен көріп жүрген карандаштардан өзгешелігі жоқ қой, -дейді
Әжесі: -Бәрі әр нәрсенің ішкі сырына үңілуге байланысты. Бұл қарандашта 5 түрлі қасиет бар.Ол саған өміріңе қажет болады, -дейді.
Біріншіден, сен ақылды боларсың, бірақ сенің бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа дейді ...... астарлы ой: сен әрқашан өз алақаныңның еркіне сен,ол сенің жол сілтеушің,- дейді.
Екіншіден, жақсы жазу үшін, мен ол карандашты ұштауым керек. Бұл кезде ол карандашқа жанына ауыр тиеді,бірақ ұшталған карандаш өте жіңішке жазады. ........ астары: қандай да болмасын қиындыққа төз және ол саған өмірлік сабақ болады,- дейді.
Үшіншіден, Карандашпен жазғаныңның кейбірін қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің. ...... астары: Есіңде болсын, өз қатеңді түзеу- барлық жағдайда жаман болмайды. Тура жолдан адаспауыңа көмектеседі,- дейді.
Төртіншіден, карандаштың сырты ағаштан жасалғаны, оның пішіні мәнді емес, оның ішіндегі графиті мәнді. ....... астары: Сондықтан әрқашан ішкі дүниеңде не болып жатқанын ойла,- дейді.
Бесіншіден, карандаш әрине, жазғанда артында із қалдырады........ астары : сен де карындаш сияқты өз іс-әрекетіңмен артыңда із қалдырасың. Қоғамға пайдалы іс істейсің. Әр қадамыңды ойлап бас,-дейді.
Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?
(Ата-аналарға кеңес ) Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.
Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.
Бала тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.
Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.
Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.
Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.
Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.
Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.
Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.
Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.
Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.
Коучинг сессия жоспары
Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты Мұғалімдердіңтоптықжұмыстыңережелерітуралыойларыннақтылау.
Ынтымақтастықжәнетоптықжұмыстыұйымдастырутуралыпікірлерінкеңейту
Оқу нәтижелері : Сабақтағы топтық жұмысты жүргізу жүйесін меңгеріп,өзсабақтарындапайдалану.Өзсабақтарындағы осы уақытқадейінгіжүргізгентоптықжұмыстуралыпікірлеріменкерібайланысорнатады. Мұғалімдердіңтоптықжұмысқадегенкөзқарасыөзгереді.
Негізгі идеялар : Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Мектепте 7 модуль аясында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану.
Жаттығулар
Рефлексия 10минут 1.Тренинг «Жақсы тілек – жан жылуы» Мұғалімдер ортаға шақырылып, бір-біріне жақсы тілек айтады.
2. топқа бөлу (Молекулалар) Музыка әуенімен билеп жүріп, коуч 1,2,3,4 сандарын айтып тұрады сол кезде музыка әуені тоқтаған кезде бір-бірін ұстап қалады. Сол бойынша топқа бөлінеді.
2. Бейнеролик қарау («Тышқандар әрекеті») - 5 мин.
3.Тақырыпты анықтату, сессия мақсатын тапқызу
4.Топтың алтын ережесін жаздыру(жеке,жұппен.топпен). 5.«Интерактивтіоқыту» сөзіне ассоциация құру 3 мин
6.Интерактивтіоқытутуралымәтінтарату.
7. Түртіп алу (INSERT ) әдісі арқылы мәтінді белгілету.
8. Жеке,жұппен, топпен талдау 10 минут
9. Әр топ жұмыстарын презентация арқылы қорғайды бірін -бірі толықтырады
INSERT
Талдау
Сөз сөйлеу
Интерактивті оқыту туралы ойларын ассоциацияда толықтыру.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Топтық жұмыста:
1. Инсерт тәсілі арқылы " Интерактивті оқыту туралы топта талдау"
Кері байланыс Интерактивті оқыту, топтық жұмыс туралы ойларын стикерлермен «Екі жұлдыз, бір тілек арқылы» бағалау
Дереккөздер: www.cpm.kz
Оқуғаарналғантапсырма: Интерактивтіоқытутуралы 5 жолдытұжырымдамажазу
Коучинг сессияның тақырыбы Класс жетекшілік қызметтің жауапкершілігі туралы ойды нақтылау.
Ортақ мақсаты Әріптестер тобымен бірлесіп оқыту мен оқуда класс жетекшілік қызметтің жауапкершілігі туралы кәсіби пікір алмасу;
Оқытудың нәтижесі • Класс жетекшілердің қарқынды жұмыс істеуіне ықпал ету, тәрбие жұмысының тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал етеді.
• Класс жетекшілердің өзара кәсіби жұмысқа деген көзқарасы өзгереді.
• Ата-аналармен, оқушылармен, пән мұғалімдерімен тығыз қарым-қатынасты жетілдіру үшін тиімділігін қамтамасыз етуде әріптестерге көмек көрсетеді;
• Класс жетекшілердің қызметтегі жауапкершілігі мен мектептің дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс ұсынады
Негізгі ой Класс жетекшілік қызметті жауапкершілікпен ұйымдастыру, оқушының өміріне оң ықпал етуде алатын орны туралы
Жаттығулар 1.Тренинг « Шаттық шеңбері»
2. Әріптестерді топқа бөлу (пәндік терминдерге байланысты топтастыру)
3. «Класс жетекші» сөзіне ассоциация құру
4. РАТАЦИЯ әдісі бойынша 4 топта сұрақтарды талдау
• Мектеп дәлізінде ілулі тұрған ереженің мақсаты нені көздейді?
• Класс жетекшінің апталық циклограммасына, бір ай бойы атқаратын міндеті мен қызметіне не жатады?
• Класс жетекшілік қызметтің жауапкершілігін қалай түсінесіздер?
• Класс оқушыларының дамуына қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?
Класс жетекшілер жеке, жұппен,топпен ойларын постерге түсіреді.
Мәтіндерде жазылған материалдармен танысады, ойларын толықтырады,
5. Презентация «Класс жетекші» сөзіне жазылған ассоциацияны толықтырады Мұғалімдер постерлерге жазылған ойларын қорғайды.
Рефлексия Класс жетекшілік қызметтің жауапкершілігі туралы ойлары мен ұсыныстары туралы стикерлермен «Екі жұлдыз, бір тілек арқылы» бағалау
Дереккөздер:
www.cpm.kz
Коучинг сессия жоспары
Сабақтың тақырыбы Ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті қалыптастыру
Ортақ мақсат Ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру; Ата-аналардың міндеттерін ұстануды қалыптастыру.
Оқытудың нәтижесі Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал етеді.
Ата-аналардың балаларымен әңгімелесу арқылы баланы ашуға деген көзқарасы өзгереді.
Ата-аналардың балалармен тығыз қарым-қатынасы жетілдіру үшін тиімділігін қамтамасыз етуде ата-аналарға көмек көрсетеді;
ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс ұсынады;
Негізгі ой Ата-аналармен мектеп қарым-қатынасын нығайтуды ұйымдастыру туралы
Жаттығулар 1.Тренинг « Шаттық шеңбері»
Дөңгеленіп тұрайы
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық.
Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық.Мына үлгі бойынша. Менің атым Назия.Наздай қылығым бар намысшыл, нағыз нақ сүйердің өзімін. Сіз ше? Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық
2. топқа бөлу (әке, ана, бала, ұстаз туралы өлең жолдар.айту)
3. «Бала» сөзіне ассоциация құру
4. РАТАЦИЯ әдісі бойынша 4 топта сұрақтарды талдау
• Ата- ананың міндетіне не жатады?
• Үлгілі ата-анаға тән қандай қасиеттер бар?
• Баланың дамуына қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?
• Балаларыңызға уақытыңызды қалай бөлесіз?
5. Презентация
Жағдаятарды талдау
«Ана туралы монолог» бейнежазба көрсету
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Талдау
Сөз сөйлеу
Рефлексия Ата-аналармен өткізілген коучингтің өткізілуі туралы ойлары мен ұсыныстары туралы стикерлермен «Екі жұлдыз, бір тілек арқылы» бағалау
Дереккөздер:
www.cpm.kz
Коучинг сессия жоспары
Сабақтың тақырыбы: Заман талабына сай білім берудің бағыттарының тиімділігі
Сабақтың мақсаты : Оқыту мен оқудағы жаңа ұғымдарды меңгерту және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау.Заман талабына сәйкес жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру. 7 модулді пайдалануға деген қызығушылығын арттыру.Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері : 7 модулді пайдалану арқылы оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтынын түсіну.
Негізгі идеялар : 7 модулді пайдалану мүмкіндіктері күннен күнге жетіліп, танымдық және метатанымдық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді.
Жаттығулар: Тренинг: «Менің көршімнің жетістіктері» оқу жылынан бастап қол жеткен жетістіктерін айтады
От,Су,Күн,Ай суреттері арқылы топқа бөлу.
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.
(мұғалімдер осы атауларға сай топтарға бөлу)
1.Миға шабуыл Ассоциация
Жеке жұмыс заман талабына сай білім берудің бағыттары бойынша топта жоба жасайды
1 топ «Мінсіз оқушы»
2 топ «Мінсіз ұстаз»
3 топ «Мінсіз мектеп»
4 топ «Мінсіз сабақ»
Тренинг: Өзіңді таны
2. Жасалған жоба бойынша SWOT талдау жасайды.
Презентациялау.
4. Рефлексия. Бейне жазба: "Әлем өзгереді, бізде өзгереміз" осы бейне жазбаны қарай отырып, эссе жазғызу. Автор орындығы.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Педагогикалық және мазмұндық білім. Топпен бірлесіп берілген тапсырмалар бойынша шығармашылықпен үлгі жасау.
Постермен жұмыс. Топпен презентация.
Дереккөздер: Стикерлер , қаламдар , плакаттар ,бейне жазбалар, мәтін
Оқуға арналған тапсырма: 7 модулдің тиімділігі .
Коучинг сессия жоспары
Сабақтың тақырыбы: Оқудағы көшбасшылықтың маңызы
Сабақтың мақсаты : Оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың мәнін қабылдауға мүмкіндік жасау. Көшбасшылыққа жету жолдары туралы тарихи оқиғаларымен өздігімен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау. Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері : Кәсіби даму барысында көшбасшылықтың мұғалімдер әлеуетін көтеруге ықпал ететінін түсінуі
Негізгі идеялар : Көшбасшылық арқылы оқудың жоғары мәдениетті деңгейін көтеру.
Жаттығулар: Тренинг «»
1,2,3,4 сандарына сәйкес топқа бөлу
«Шыңғысхан» сөзіне ассоциация жасайды.
М.Шахановтың «Отырар дастаны» өлеңін оқыту
Ассоциацияны толықтыру арқылы коучингтің тақырыбы пен мақсатын анықтату.
«Бағытталған оқу» стратегиясы арқылы «Қар адам» әңгімесін оқу.
Шыңғыс хан киносынан үзінді көрсету арқылы жаңа туған баланың көшбасшылыққа бейімділігін анықтату.
1-топ РАФТ жазу. 2-топ Эссе жазу. 3-топ Газет шығару. 4-топ «Отырар дастанынан» көрініс көрсету
Шыңғысханның көшбасшылық қабілетіне баға беру.
Бүгінгі сабақтағы көшбасшылықты анықтау.
ХІІІғасыр мен ХХІ ғасыр көшбасшысын венн диаграммасымен салыстыру.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Педагогикалық және мазмұндық білім. Топпен бірлесіп берілген тапсырмалар бойынша шығармашылықпен жұмыстану.
Постермен жұмыс. Топпен презентация.
Дереккөздер:
Стикерлер , қаламдар , плакаттар ,бейне жазбалар, мәтін
Оқуға арналған тапсырма: «Оқытуды басқару және көшбасшылық» мұғалімге арналған нұсқаулық
Коучинг сессия жоспары
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Сабақтың мақсаты : АКТ туралы ғылыми ұғымдарды түсіндіру және оларды қабылдау.Компьютермен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру.АКТ -ны пайдалануға деген қызығушылығын арттыру.Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері : АКТ пайдалану арқылы оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтынын түсіну.
Негізгі идеялар : АКТ пайдалану мүмкіндіктері күннен күнге жетіліп, танымдық және метатанымдық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді.
Жаттығулар: 1. Тренинг: "Билайн, актив, теле2" (мұғалімдер осы атауларға сай топтарға бөлу)
2.Бейне жазба: АКТ - ны пайдалану.
3. АКТ- ның пайдасы туралы мәтін.
Мәтінді ЖИГСО әдісімен талдау. Презентация.
Тренинг: Шыршамен билеу.
4.Компьютермен жұмыс. 3-слайд жасап презентациялау.
1- топ: Құттықтау парағы
2- топ: Жарнама жасау
3- топ: Мақтау қағазы
Презентациялау.
4. Рефлексия. Бейне жазба: "Әлемді 20 жылдан кейін қалай елестетесің" осы бейне жазбаны қарай отырып, эссе жазғызу. Автор орындығы.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Технологиялық , педагогикалық және мазмұндық білім. Топпен бірлесіп, компьютерде слайд жасау.
Постермен жұмыс. Топпен презентация.
Дереккөздер:
Стикерлер , қаламдар , плакаттар ,бейне жазбалар, мәтін
Оқуға арналған тапсырма: АКТ тиімділігі .Коучинг сессия жоспары
Коучинг сессиясының тақырыбы: Талантты және дарынды балалармен жұмыс жүргізу жолдары.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
үлестірмелі материалдар.
бейнесюжеттер . “ Менің атым Қожа” фильмінен үзінді.
Мақсаты: Қазақстандағы мұғалімдердің білім саласын дамытуда Кембридж университетінің бағдарламасы аясында қалыптасқан талантты және дарынды оқушыларды оқыту тәжірибесін қолдану арқылы оқу үдерісінің даму деңгейін қалыптастыру. Әдіскер ұстаздар арқылы қала мектептеріне іс- тәжірибе тарату.
Оқыту нәтижесі: 1. Талантты және дарынды оқушыларды анықтау, дарынын әрі қарай жетілдіру жолдары.
Талантты баланың оқуына ықпал жасау.
Талантты балалардың бойында кездесетін түрлі қиындықтарды жеңе білу барысындағы психолог пен ұстаздар арасындағы ынтымақтастық
Негізгі (түйінді) идеялар: Талантты және дарынды балалардың деңгейі мен оқу қарқынына бейімделген әрі келісілген білім беру ортасын құру. Оларға қалыпты жұмыс істеу мүмкіндігін жасау.
Тапсырмалар: Тапсырманың сипаты
Берілген тапсырманы орындаудағы қолданылған тәсілдер
Түрлі- түсті фигуралар таңдау арқылы топқа бөлу, жағымды атмосфера орнату.
1 тапсырма: Бейнесюжет көрсету /ақын бала Жамбыл; шахматшы Жансая /
- Жамбыл мен Жансаядай оқушының дарынын әрі қарай жетілдіру үшін қандай қолдау көрсетер едіңіз?
Мінсіз оқушының қасиеттері. Үлестірме материалдар арқылы ұстаздардың пікірін анықтау.
Дамыған елдердегі мінсіз оқушының ерекшелігін көрсету
Топтық жұмыс, жұппен жұмыс.
Ротация.
2 - тапсырма: Дарынды және талантты баланың сипаты. Ассоциация жасату арқылы анықтау.
“Менің атым Қожа” фильмінен үзінді көрсету.
Сіздіңше, Қожа қандай бала? Қожаның болашағын қалай елестетер едіңіз?
3- тапсырма. Сұлтан секілді оқушылардың шырағын жаға алып жүрсіз бе, әлде..... топтық жұмы
постер ге түсіру
Эссе немесе хат.
4-тапсырма: Венн диаграмасы.
« Дарынды баланың болашақ тағдыры ұстаздың қолында ма
Рефлексия
1. Бүгінгі сабақты «Екі жұлдыз, бір тілек » әдісімен қорытындылайды. 5 мин
Топ мүшелері ынтымақтастықта, сыйластықта және бір- бірінің қабілеті мен үлесін құрметтейді; нәтижеге жетуге бірлесіп ұмтылады, бір- бірін жетелейді.
топтық жұмыс
Ресурстар: Постер,маркер,түсті қағаз,желім,тақта
Коучинг сессия жоспары
Сабақтың тақырыбы: Таланты және дарынды балаларды оқыту. Инклюзивті оқыту.
Сабақтың мақсаты : Жаңа заман талабына сай оқыту әдісін өзгертудің ақиқаттығын түсіндіру.
Инклюзивті оқытудың ерекшелігін әріптестерге ұғындыру.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,50-57 бет
Оқу нәтижелері : Жаңа оқыту әдістемесі бойынша талантты және дарынды балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды бірге оқыту қажеттілігін мұғалімдердің есіне сала отырып, әрбір оқушы бойында бір-біріне деген құрмет,достық,сыйластық секілді адами құндылықтарды қалыптастыра білу мұғалімнің міндеті екендігіне олардың көзін жеткізу.
Негізгі идеялар : Талантты және дарынды оқушыны анықтау кімнің еншісі екендігін пікірлесе отырып анықтау. Инклюзивті мектептің қарапайым мектептен айырмашылығын түсіндіру.
Жаттығулар: 1. Тренинг «Мен өзіме және басқаларға тілеймін»
2.Топтастыру.
3. . Бейне жазба көрсету.(талантты бала)
4. . Ротация жасату.
1. Талантты және дарынды бала, ол кім?
2. Таланттың көзін ашатын тек мұғалім бе, әлде.....
3.Сіз талантты оқушымен қандай жұмыс түрлерін жүргізіп жүрсіз?
5. “Инклюзив”сөзіне ассоциация жасату.
6 “Танец”видеосын көрсету.
7.Инсерт.Инклюзия туралы мәтін.Топ бойынша талдау .
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
Жеке,жұппен,топпен ротация әдісі арқылысұрақтарға жауап іздеу. Әр қатысушы өз көргендерін және білгендерінен нәтиже жасап , талқылау және жазу. Жұппен және топпен талқылау.Рафт әдісін қолдану.Эссе жазу.
Қажетті құралдар:
Стикерлер , қаламдар , плакаттар
Оқуға арналған тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық .
Коучинг сессия жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары.
Сабақтың мақсаты : Ақпараттық құзіреттілігі дамыған,сыни ойлау тұрғысынан жаңа,тың шешімдер қабылдай білетін ұрпақ тәрбиелеуге дайын мұғалімдер қауымдастығын құру.
Оқу нәтижелері : Мұғалім – оқушы әлеуметтік өзара әрекеттестігі оқумен қалай байланысты екендігін және осындай қарым –қатынастың мүмкіндіктерін қалай кеңейтуге болатынын түсіну.Мұғалім-оқу үдерісін басқарушы,оқушы-белсенді ізденушіге айналатындай жағдай жасау.
Негізгі идеялар : Сын тұрғысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технологияларды сабақта күнделікті қолдана білуге дағдыландыру.
Жаттығулар: 1.Би терапиясы.Әріптестермен би билеу сәті.
2.Топқа бөліну,орналасу сәті.
3.Жеребе бойынша мемлекет аттары жазылған қағаздарды алып,топ ішінде дайындалу.
4.Әр топтан ортаға шығып,өз мемлекеттерімен таныстыру.
5.Спартандық бала туралы мәтін таратып беру.
6.Кубизм әдісі бойынша әр топқа тапсырма беру.
7.Постер қорғау.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
Топпен жұмыла жұмыс істеу,”миға шабуыл”.Кубиктің қырлары секілді әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар орындау.Эссе,бес жолды өлең жазу.
Дереккөздер:
Стикерлер , қаламдар , плакаттар ,бейне жазбалар.
Оқуға арналған тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Коучинг сессия жоспары
Коучинг сессиясының тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану жолдары.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
үлестірмелі материалдар.
бейнесюжеттер .Мақсаты: Қазақстандағы мұғалімдердің білім саласын дамытуда Кембридж университетінің бағдарламасы аясында қалыптасқан оқытудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдану арқылы оқу үдерісінің даму деңгейін қалыптастыру. Күнделікті сабақты жоспарлау барысында қажетті критерийлерді меңгертуге ықпал ету. Топпен ынтымақтаса ықпалды жұмыс жасауға дағдыландыру..
Оқыту нәтижесі: Оқыту процесін ұйымдастыру барысында кездесетін түрлі қиындықтарды жеңе білу мақсатында психолог пен ұстаздар арасындағы ынтымақтастық. Оқытудың жеті модулін сабақ барысына кірістіре білуге бағыт беру
Негізгі (түйінді) идеялар: Топпен ынтымақтаса жұмыс жасаудың заман қажеттілігі екенін ұғынады.
Тапсырмалар: Тапсырманың сипаты
Берілген тапсырманы орындаудағы қолданылған тәсілдер
Түрлі- түсті фигуралар таңдау арқылы топқа бөлу, жағымды атмосфера орнату
Сергіту сәті. Жайлы музыкаға билеп,көңіл көтеру сәті. 2.Тренинг.Жұмсақ ойыншықты қолдан- қолға өткізіп, музыкамен сүйемелдеу, музыка тоқтаған сәтте ойыншық қолында қалған адамға 3 сұрақ қою.
3.Топқа геометриялық фигуралар арқылы бөлу.
4.Ой сергек. Бір адам күнде жұмысқа барар кезде
9-қабаттан төменге лифтімен түседі екен де,жұмыстан қайтарда 5- қабатқа дейін лифтімен барады да, ары қарай жаяу көтеріледі екен, неге? ( себебі, ол лилипут екен). 5.Соңғы 100 жылда пайда болған ғылым мен техникадағы жаңалықтарды атаңыз, әр топ бір жаңалықты алып,3 пайдалы, 3 зиянды жағын жазып шығуы керек. 6. Мәтін таратып беру. Әр топқа тапсырма беру.
1-топ.Білу, түсіну.Шығарманың авторы кім? Бұл аударма ма, әлде төл туындысы ма? Мысалдың қандай ерекшелігі бар?
2-топ.Қолдану. Қозы құтылуы үшін не істеуі керек еді?
3-топ.Талдау.Қасқыр неге жауыз? Қозының орнында болсаң не істер едің?
4-топ. Жинақтау.” Айлалы батыр алдырмас ” дегенге қосыласыз ба? Қозыны қалай құтқарар едіңіз?
5-топ. Бағалау. Қасқыр- жауыздықтың, ашкөздіктің, жыртқыштықтың жиынтық образы
Топтық жұмыс, жұппен жұмыс.
Блум таксономиясы
Рефлексия
1.Бүгінгі сабақты «Екі жұлдыз, бір тілек » әдісімен қорытындылайды. 5 мин
Топ мүшелері ынтымақтастықта, сыйластықта және бір- бірінің қабілеті мен үлесін құрметтейді; нәтижеге жетуге бірлесіп ұмтылады, бір- бірін жетелейді.
топтық жұмыс
Ресурстар: Постер,маркер,түсті қағаз,желім,тақта
Коучинг сессия жоспары
Коучинг сессиясының тақырыбы: Блум таксономиясы арқылы М. Мақатаевтың “ Аққулар ұйықтағанда” поэмасын оқыту.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
үлестірмелі материалдар.
бейнесюжеттер . “Аққу ” күйі, “ Аққу- арман” әні
Мақсаты: Қазақстандағы мұғалімдердің білім саласын дамытуда Кембридж университетінің бағдарламасы аясында қалыптасқан оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер қолдану арқылы оқу үдерісінің даму деңгейін қалыптастыру. Шебер класс мүшелері арқылы қала мектептеріне іс- тәжірибе тарату.
Оқыту нәтижесі: Топтықжұмыстардыжүргізеотырып, жырдыңтақырыбын , идеясынанықтайды, бастыкейіпкерлердіңіс- әрекетінебағабереді. Ананыңбаласыүшін неге болса да дайынекендігінекөзжеткізеді. Диалогарқылыауызекітіліндамытадыжәнемақсат пен күтілетіннәтижегесәйкесбағалауәдістерінтиімдіжүзегеасыруарқылысынитұрғыдаойлайбіледі, ақпараттықтехнологиялардыөздеңгейіндепайдалануғаикемдейді.
Негізгі (түйінді) идеялар: Оқушылардың деңгейі мен оқу қарқынына бейімделген әрі келісілген білім беру ортасын құру. Оларға қалыпты жұмыс істеу мүмкіндігін жасау.
Тапсырмалар:
1. Білу. Шығарма авторы кім? Шығарманың жанры қандай?
2. Түсіну. Шығарманың идеясы не? Кейіпкерлерге мінездеме бер.
3. Қолдану. Ананыңорнындаболсаң, не істередің?
4. Жинақтау. Ананың әрекетін құптайсың ба?
5. Талдау. Қалайойлайсың, егеранааққудыатпағандабаласытіріқалармаеді?
6. Бағалау. Сіздіңойыңызша, анажауыздықтың, қатігездіктіңжиынтықбейнесіме, әлде... Тапсырманың сипаты
Берілген тапсырманы орындаудағы қолданылған тәсілдер
« Жіпорамы» тренингібойынша топ мүшелеріжұптасады да, бір- біріне 3 түрлісұраққояды, сұрақтарқарапайымнанкүрделігеқарайқойылуыкерек, жүргізушіжіпорамынқолынаорайды да әріптесінтаныстырады, әріқарайжалғасабереді, соңынанжүргізушігежіпайналыпкелгенкездебарлық топ мүшелерібірденегеайналады, яғни, болашақта осы топ мүшелерібірлесежұмысжасайдыдегенсенімпайдаболады
Қатысушылар топқа бөлінеді.( Мұқағали, аққу, өзенсуреттерібойыншатопқабөліну. )
Сабақтың мақсатын мұғалімдер өздері шығарады
1-топ. Білу,
2- топ. Түсіну.
3-топ. Қолдану.
4-топ. Талдау.
5-топ. Жинақтау.
6-топ. Бағалау.
Ортаға шығып постер қорғайды
Топтық жұмыс, жұппен жұмыс.
Блум таксономиясы
топтық жұмыс
постер ге түсіру .
Эссе немесе хат.
Рефлексия
2. Бүгінгі сабақты «Екі жұлдыз, бір тіле» әдісімен қорытындылайды. 5 мин
Топ мүшелері ынтымақтастықта, сыйластықта және бір- бірінің қабілеті мен үлесін құрметтейді; нәтижеге жетуге бірлесіп ұмтылады, бір- бірін жетелейді топтық жұмыс
Ресурстар: Постер,маркер,түсті қағаз,желім,тақт