«Жалпыдамзатты? ??ндылы?тар – мектепті? бірт?тас педагогикалы? ?дерісіні? негізі»


Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары.
Тақырыбы:
«Жалпыдамзаттық құндылықтар – мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізі»
Мұғалім: Нұрмағанбетова А.Ш
Мақсаты: Мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізі жалпыадамзаттық құндылықтан туындайтындығын түсіндіру.
Міндеттері:
1. Мұғалімге «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық – педагогикалық, аксиологиялық негіздерін түсіндіру.
2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының және басқа пәндердің интеграциялануы туралы түсінік беру.
3.Мұғалім рөлі, оқушы, ұстаз, ата-ана арасында өзара түсінушілік,
жалпыадамзаттық құндылықтардың терең өрбуіне ықпал жасау.
Ресурстар:
Интерактив тақтасы, компьютер, презентация, Сауалнама.
«Менің атым – Қожа» үзінді.
Жоспар.
1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.

" Әр адам күн тәрізді, тек оған жарқырауға мүмкіндік беріңіз!"
Сократ.
Дәйексөзді қалай түсінесіздер?
 В.А.Сухомлинскийдің сөзі: «Мұғалім жақсы сабаққа өмір бойы дайындалады. Біздің мамандығымыздың рухани және философиялық негізі осында: оқушыларға білім ұшқынын шашу үшін мұғалім өз бойына телегей-теңіз нұр жинауы керек»,-дейді
«Егер мұғалім тек сабағына деген махаббатты көрсетсе, онда ол жақсы мұғалім. Егер мұғалім балаға  анасы, әкесі сияқты махаббатты сыйласа, онда ол барлық кітапты оқып, бәрін білетін мұғалімнен екі есе жақсы мұғалім»,-деген екен Л.Толстой.
К.Д.Ушинский: «Білімін үздіксіз жетілдіруден жалықпаған ұстаз ғана мұғалім болуға жарайды, ал біліктілігін шыңдаудан қалған күні мұғалім болудан да қалады».
  «Өзін-өзі тану сабағы- бірлескен асқақ өмірдің айрықша кезеңі. Өсіп келе жатқан бала мұғалімнің ісі, сөзі және ойымен Нұрланады, өзінің шынайы рухани табиғатын ашады, шабыттана отырып, өзінің рухани сыйын әлемге таратады.
  Әр адамның бойында туа біткен құндылықтар бар, соны қайта жаңғырту қажет. Рухани-адамгершілік-адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік сияқты жеке қасиеттерді қамтиды.
  «Өзін-өзі тануды» оқыту сананы өзгерту арқылы, яғни біздің шынайы табиғатымыз-руханилық, жалпыадамзаттық құндылықтар және осы құндылықтарға сәйкес өмір сүру тыныс алу сияқты, табиғи болу керек.
  "Мектепті емес, мұғалімнің рухани әлемін реформалау керек"
Ш. Амонашвили.
Ш.Амонашвили: «Ізгі педагогика манифестінде былай дейді:
Мұғалім – нұр сыйлаушы жан иесі, адам жанын тәрбиелеуші Ұстаз.Оқушы – нұрды іздеуші, шөліркеген жан.Сабақ – Ұстаз бен оқушының кезесуінен туатын бірлескен асқақ өмірдің айрықша жолы.Тәрбие– өсіп келе жатқан адамның рухани қорегі.Білім– адамның ең жоғарғы қабілетінің ашылуының тылсымы.Мектеп – бұл адам жанының көтерілуі үшін арналған баспалдақ.
Шабыттану– жан дүниенің шаттығы.
Өзін-өзі тану дегеніміз- адам өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалу үшін қажет.
«Менің атым Қожа» атты қазақ фильмінен үзінді көрсету.
- Не себепті Қожа Майқанова мұғалімге қарсы?
- Оспан Рахмановичтің бойындағы қандай қасиет?
- Қожаны өзіне тарта алды ма?
2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
Өзін-өзі тану рухани адамгершілік бағдарламасының аксиологиялық негіздерін алғашқы рет Сократ көтерді. Сократ бұл мәселені өз философиясының негізі етіп алды және оны игілік тұрғысында қарастырды.Табиғаттың 5 элементі. Кәзіргі кезде барлық бес элемент түгел ластанған, соның нәтижесінде адамдар қауіпсіздік сезімінен айырылып қалған.Тығыздығының төмендеуіне байланысты олардың қасиеттері да азая бастайды.
Топырақта (дыбыс, түйсіну, пішін, дәм, иіс)
Суда (дыбыс, түйсіну, пішін, дәм)
Отта (дыбыс, түйсіну, пішін)
Ауада (дыбыс, түйсіну)
Эфирде (дыбыс)
Адам ақыл-ойын жаңартса, сонда ғана бүкіл әлем жаңарады,өйткені ақыл-ой осы әлемнің негізі болып табылады.
Сол сияқты, сананы тазарту ол:
1. Күн сайын жағымды көңіл – күй.
2. Күні бойы адамдарға нұр сыйлау .
3. Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңе есеп беру .
Өкінішке орай, біздің және біздің балаларымыздың санасы жағымсыз ақпараттармен толы.Оның барлығы теледидар, интернет желісінен, т.б жерден келіп жатыр.Біздер оның барлығын алып тастай алмаймыз. Бірақ, біз әр баланың бойына табиғатпен берілген құндылықтарды аша білсек, сонда әр бала жаман мен жақсыны айырып, өмірден өз орнын табар еді.
Ақиқат: адамның шынайы болмысы,өмір энергиясының өнбойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық болмыстың бастапқы табиғат туралы ғылым. Ол тығыздала отырып материалдық әлем ретінде көрініс береді.
Дұрыс әрекет: жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін, және іс жүзінде қолданылатын құндылық. Іс –әрекетіңізді қадағалаңыз (ар-намысқа сәйкес, ұят болмайтындай әрекет етіңіз, көмектесіңіз,зиян келтірмеңіз, мемлекеттің заңына сәйкес әрекет етіңіз)
Ішкі тыныштық: ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты. Ақыл мен жүрек тең болғанда ішкі тыныштық орнайды. Ішкі тыныштық пен қуаныш бұл біздің шынайы ішкі табиғатымыз. Ой-ниетіңізді қадаңалаңыз ( тек жақсылық ойлаңыз, өкпе-реніш, қызғаныштан аулақ болыңыз.) Сүйіспеншілік: ол шынайы, риясыз, жүрегімізде гүл ашатын сүйіспеншілік , өмір беруші және демеуші қуатты энергия. Мінез –құлқыңызды қадағалаңыз (өзіңіздің шынайы табиғатыңыз болып табылатын мейірімділікпен бақытты көрсетіңіз.
Қиянат жасамау: не оймен, не сөзбен, не іспен қиянат жасамау . Жүрегіңізді қадағалаңыз (өзіңіздің шынайы рухани табиғатыңызды ұмытпаңыз.)
Құндылықтар бәйтерегі: Адам Ақиқатты танып, Дұрыс әрекетті Сүйіспеншіліктен нәр алып жасаса, оның жан дүниесінде Ішкі тыныштық хош иісті гүлі шешек атады.Адам жанына Ішкі тыныштық орнаса,ол еш уақытта Қиянат жасамайды.
3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының және басқа пәндердің интеграциясы.
Білімнің екі аспектісі: сыртқы және ішкі
Сыртқы интеграция – өзін – өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану (5Т, тыныштық сәті, аңыз әңгімелеу, ұлы адамдардың өмірінен өнеге болатын,мысалдар арқылы шабыттандыру, сабақтың қорытынды минуты т.б. ).
Ішкі интеграция – ол жалпыадамзаттық құндылықтар интеграциясы
Интеграциялау жолдары:
1.Ұлы ғалымдардың өмірінен және ғылымның даму тарихынан шабыттандыратын мысалдар келтіру.
2.Қазіргі ғылымның жаңалықтарымен таныстыру.
3.Әр оқу пәнінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау.
  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің басқа пәндермен интеграциясы- ол, ең алдыменен мектептегі білімді жандандыру, оның рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол-біртұтас білім, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзыттық құндылықтар негізінде жинақтау және әр алуандықтың біртқтастығын көре білу.Мәңгілік құндылықтар білім берудің ошағына айналуы керек, басқаша айтқанда, біз оқытатын нәрселеріміздің барлығының біртқтас екендігін көрсетуіміз керек.
«Балалар білімді аңсайды,бірақ олар жансыз білім емес , жанды білімді аңсайды»
Ш.А.Амонашвили.
Жансыз білім деген не?
Бұл білім хабарлана салсымен ұмытылып қалатын.
Бұл білімді оқушылар мектеп табалдырығынан аттағаннан кейін өзімен әрі қарай алмайтыны және ол үшін өкінбейді.
« Жансыз»білім – аяқтағы тас.
Жанды білім – деген,ол:
Адамды рухтандырады. Ғылымның көкжиегіне бастайды.
Өмірді жаңаша құруға жетелейді.
Іздену үшін ойларды шабыттандырады.
Нұрландырады және шабыттандырады.
Жанды білім-биікке самғайтын қанаттар. Жансыз білім-аяқтағы кісендер. Ш.А.Амонашвили: «Балалар-қорқынышы жоқ ғалымдар, қате жібереді, сынап көреді, іздейді, тіпті өмірлерін де қатерге тіге алады.Балалар оқуды сүймейді, оларда жалқаулық бар деп кім айтты?- бұл адасу.Ал біз, үлкендер не істейміз: біртұтас білімді ұсақ бөлшектерге бөлеміз, оларды ұзынынан-ұзақ нөмірленген жаттығулар, мысалдар, тапсырмалар, параграфтар тізбесіне айналдырамыз және де оларды орындап, жаттауға мәжбүрлейміз...».
 4. Мұғалімнің рөлі.
Мұғалім – бұл ақылдың шектеулігін жоятын, сонысымен жер бетіндегі тыныштыққа ықпал ететін және өзіңді-өзің ұстай білуге үйрететін адам.
"Мұғалім –баланың бойына руханилық білім нәрін себетін басты тұлға". А.Байтұрсынов
Ы.Алтынсарин: «Мұғалім –білім берудегі ең маңызды адам. Ең озық педагогикалық оқу құралдары, үкімет қаулылары, өте қатал инспекторлық бақылау маңызы жағынан мұғалім дәрежесімен теңесе алмайды. Сондықтан, мен үшін мұғалім әлемдегі барлық асыл заттардан да қымбат». Адольф Дистервег: « Мұғалім рухын бірде бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да».
Ø «Егер мұғалім өз ісін сүйіспеншілікпен атқарса, ол жақсы мұғалім болады.
Ø Егер оның өз оқушысын туған әке-шешесі сияқты сүйген болса, ол барлық кітапты оқып шыққан, бірақ не ісін, не оқушыларды жақсы көрмейтін мұғалімнен артық.
Ø Егер мұғалім өз ісіне және балаларға деген сүйіспеншілігін
біріктірген болса, ол – КЕМЕЛ МҰҒАЛІМ».
Лев Толстой
Ø..Үлкендер балаларға ашуланбауы керек, өйткені бұл баланы түземейді, керісінше бұзады.
Ø …Қысыммен, қиянатпен қол жеткізгеннің барлығы да осал, күмәнді және сенімсіз.
Ø Денсаулық – бұл басты өмір игілігі.
Ø  Көптеген балалар ойыны – үлкендердің байсалды әрекеттеріне еліктеу. Януш Корчак
Педагогтің стилі
Авторитарлық стиль
Либаральдық стиль
Гуманды стиль
Мұғалімнің үш түрі
Шағымданушы
Түсіндіруші
Қанаттандырушы
.   Мұғалімдерге арналған екі ереже бар:
Оқушыға үйрететініңді, алдымен өзің орындай біл.
Бірінші ережеге қара
Жолдауды жеткізу
Сөйлеу - 10%
Мета-жолдау (жасырынжолдау) -90%
Мұғалімнің басты қасиеттері
6 жастан 14 жасқа дейін балаларда дене, ақыл –ой және эмоциялық даму жалғасады. 14 жастабұлүдерістұрақталабастайды.
Бір жасар баладағы әдеттердің өзгеруіне 2,5 ай; 3 жасар балаға – 11 ай; 6 жасар балаға – 8 жыл қажет болады.
Оқушының, мұғалімнің, ата-ананың өзара әрекеттестігі маңызды.
Мұғалімге қажетті екі қасиет:қарапайымдылық (бұл өз кемшіліктерін түсіну үшін қажет) және жетілу тілегі (ертеде мұғалім баланың алдына бармас бұрын өз ойын тазалап алған).
Адам өміріндегі ең басты жалпыадамзаттық құндылықтарды (ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау) оқушылардың бойына сіңірудің маңызды үлгісі болып осы құндылықтары бар мұғалімдер болып табылады. Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі жоғары адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады. Балалар, біздің болашағымыз, бақытымыз! Ендеше, осы балаларға жанды білім беріп, жағымды қасиеттерді бойларына сіңіре білейік, сонда ғана бұл әлем сақталып қалмақ! Шығармашылық жұмыс
Сумен тәжірибе. 5.Үй тапсырмасы. 
Сіздерге өз пәніңізді өзін-өзі тану пәнімен интеграциялауды қолға алып, нәтижесіндегі өзгерістерді бақылап отыруларыңызды сұраймын. Пікіріңізді және өз бойыңыздағы, оқушыларыңыздың бойларындағы өзгерістері туралы жазбаша мәлімет бересіздер. 6.Семинардың қорытынды минуты
Топпен ән айту.
Өмір жолы
Сөзімен әні: Е.Айдар
Құт көріп тәңір
Болумен әмір
Жаралып іште денеміз
Өмірге біздер келеміз
Ақ пенен қара
Бақ пенен нала
Күреске бірден енеміз
Жеңілеміз де жеңеміз
Қайырмасы:
Бұл өмір сынақ
Біреулер жылап
Біреулер шыдап көтерер
Имандық бір тек
Жаманнан бүркеп
Жақсыға "жүр" деп жетелер
Жақсыға "жүр" деп
"Жүр" деп жетелер
Жақсыда болсын
Жаман да болсын
Ұяда нені көреміз
Ұрпаққа соны береміз
Белгісіз бақыт
Байқатпай уақыт
Аялдамаға келеміз
Мұратқа сөйтіп жетеміз Минусовка
Жиналыстың қорытынды минуты
Мұғалімдер сабаққа деген пікірлерімен жазбаша парақшаларға бөліседі.
Анкета толтыру
Тік отырып, денемізді босатып, терең тыныс алып, көзімізді жұмайық. Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Рахмет,Көздеріңді ашуға болады.
№53 ОМ директоры : Романова Ж.О
Мұғалім: Нұрмағанбетова А.Ш