Семинар «Жалпыадамзатты? ??ндылы?тар – мектепті? т?тас педагогикалы? ?дерісіні? негізі»


Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары
Мектеп: «Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп»КММ
Семинарды тыңдаушылардың саны: 15 Мерзімі: 06.10.2016 Мұғалім: Баймагамбетова Айнур Адильбаевна
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің негізі»
Мақсаты: Мұғалімдерге жаллпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің негізі екенін түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Адамзаттың жалпыадамзаттық құндылықтары туралы жалпы түсінік беру, олардың өзара байланыстарын көрсету.
2. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің негізінде жалпыадамзаттық құндылықтардың қасиеттерін жарыққа шығару.
3. Мұғалімдерді өзіне-өзі сенімді болуға, өзін-өзі бағалай білуге, сабырлыққа, төзімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ресурстары:
(материалдары, дерек сөздері)
Ұйымдастыру Сәлемдесу, сауалнама тарату
Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
Жоспар: (Баяндама, әңгімелесу, ойын)
«Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру. Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.
Қазіргі замандағы жаһандық мәселелер .
Жаһандық мәселелердің рухани-адамгершілік сипаты.
Әлемде рухани-адамгершілік білім беру қажеттілігі.
Рухани – адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлі.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы
Өзін-өзі тану пәнін оқытудың аксиологиялық негіздері
Құндылықтар ұғымына түсінік
Т.И.Петракова ұсынған құндылықтар жіктемесі.
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар.
Жалпыадамзаттық құндылықтардың адам тұлғасының даму деңгейіне сәйкестігі.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды пәндердің мазмұнына интеграциялау.
Білім берудің екі аспектісі.
Жанды және жансыз білім.
Интеграция ұғымы. Жанды білім беру
«Менің атым Қожа» атты қазақ фильмін көрсету.
-Не себепті Қожа Майқанова мұғалімге қарсы?
-Оспан Рахмановичтің бойындағы қандай қасиет Қожаны өзіне тарта алады?
«Сәлемдеме беру» ойыны.
Шарты : Мұғалімдер әуен қосылған сәтте немесе ән айтқан кезде, қолдарындағы сәлемдемесі бар қорапшаны бір-біріне береді. Әуен аяқталғанда, қолында қорапшасы бар мұғалім, оның ішінен бүктелген қағазды алып, соның ішінде жазылған тапсырманы орындайды. Әр қағазда бір құндылықты көрсету тапсырмасы болады.       
Тапсырма:
Шындықтың маңыздылығы туралы әңгіме айтыңыз.
«Сүйіспеншілік» тақырыбында  ән айтыңыз.
«Мейірімділік» тақырыбында өлең оқыңыз.
Өміріңізде болған қиыншылықты айтып, оны құндылық арқылы қалай шешкеніңізді айтыңыз.
Сабақта болған ыңғайсыз оқиғадан құндылық арқылы қалай шешімін тапқаныңызды айтыңыз.
Қиын баланы өзіңіздің бойындағы қандай құндылық арқылы өзгерткеніңізді айтыңыз.
 «Сүйіспеншілік гүлі» ойыны . Шарты Бұл іс әрекетке барлық мұғалімдер қатысады. Әр мұғалім гүл түрінде кесілген түрлі-түсті қағаз алады. Сол гүлге өздерінің бойындағы ең жақсы қасиеттерін жазулары тиіс, содан кейін барлық гүлдер плакатқа әдемі бақшаның  ішіне жапсырылады. Плакат тақтаға ілінеді.
Қорытынды : Балаларға жанданған білім беріп, осы гүл тәрізді әдемі болып өсіп, мұғалімдердің жағымды қасиеттерімен ол гүлдерге шабыт беру.
Талдау
Үй тапсырмасы.  Мұғалімдерге интеграция, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы қосымша оқып танысуға тапсырылады.
Жиналыстың қорытынды сәті.  Мұғалімдер семинардан алған әсерлерін айтып, пікірлерін жазады.
Топпен ән айту.  «Жандосым»Әні: С.Бәйереков. Сөзі: Т.Молдағалиев