??ла?тан кіріп бойды алар, т?тті ?нмен т?тті к?й


Құлақтан кіріп,бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсен,менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді –өзім ұмытып,
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бір қалан,
Қайрат пен ақыл жол табар,Қашқанға да қуғанға,
Әділет,шапқад кім де бар
Сол жарасар туғанға.