Фонетикадан ?ткенді ?айталау (5 сынып)


Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Фонетикадан өткенді қайталау
5 – сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Сазанбаева Г. А.
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: «Фонетикадан өткенді қайталау»
Сабақтың мақсаты: білімділік: фонетика саласы негізінде алған білімдерін еске түсіріп пысықтау, тиянақтау; дамытушылық: әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, тапқырлық, іздемпаздыққа жетелеу, фонетикалық талдауларды жүргізе отырып, сауаттылығын жетілдіру; тәрбиелік: ана тілінің қадір – қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, сауаттылыққа тәрбиелеу, кітапты сүюге баулу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ.
Сабақтың әдістері: тілдік талдау, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс, семантикалық карта, постер қорғау, тест, сөзжұмбақ.
Сабақтың ресурстары: сызба, интербелсенді тақта, А-3 парағы, стикер, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) Оқушылармен сәлемдесу, топқа бөлу. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Мұғалімнің сөзі:
«Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып, көруге», - деген данышпан ақын Абай. Кітап – рухани қазына, біздің досымыз. Кітап – заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі. Сондықтан кітаптан алған білімімізді саралап, үйренгенімізді ортаға салайық.
II.Білімді тексеру кезеңі. Ой қозғау
- Балалар, біз тіл білімінің қандай саласымен таныстық?
Фонетика дегеніміз не?
Фонетика нені қарастырады?
1. Постер қорғау
Дауысты дыбыс, оның түрлері
Дауыссыз дыбыс, оның түрлері
Буын , оның түрлері
2. Тест тапсырмасы
Қазақ әліпбиіндегі әріптер саны
а) 37 в) 40 с) 42
2. Жуан дауысты дыбысты сөзді табыңыз.
а) шағала в) дәрігер с) түлкі
3. Қысаң дауыстылар қатысқан сөз
а) құрлық в) орман с) дала
4. Буын талғамайтын дауысты дыбыстар
а) а,е в) о, ө с) ә, ұ
5. Ерін үндестігі байқалатын сөз
а) жапырақ в) құлын с) есік
6. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
а) 2 в) 3 с) 4
7. Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыс қалай аталады?
а) қатаң в) ұяң с) үнді
8. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
а) сұлу, жұқа в) таза, үн с) ән, ас
9. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді көрсетіңіз.
а) көлдер в) қаламдар с) баламен
10. Ілгерінді ықпалды табу:
а) кек алу в) қайран қалу с) сақ адам
Жұппен жұмыс. Бір – бірінің жауаптарын тексереді. Бағалайды.
Тест жауабы
С
А
А
А
В
В
А
С
С
В
3. Семантикалық карта (тақтада орындау)
4.Кім тапқыр (сергіту сәті)
Грамматикалық ойындар:
а) Әнде бар, күйде жоқ.
Сәнде бар, биде жоқ (Ә)
ә) Жаңада бар, ескіде жоқ.
Танада бар, ешкіде жоқ (А)
б) Көлде бар, сайда жоқ.
Төлде бар, тайда жоқ. (Ө)
в) Жерде жоқ, отта бар.
Барда жоқ, жоқта бар. (О)
г) Мысықта бар, күшікте жоқ.
Қасықта бар, есікте жоқ. (Ы)
5. Оқулықпен жұмыс
1 топ: 352 – жаттығу. Жиреншенің жауабынан дыбыс үндестігі байқалатын сөздерді табу.
2 топ: 353 – жаттығу. Тасымалданбайтын сөздерді теріп жазу.
3 топ: 355 - жаттығу . Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасау.
6. Кім жылдам?
Біркелкі дыбыстардан басталатын сөйлем құрау.
Мысалы: Тасбақа таудан түсті.
ІII.Бекіту кезеңі
1. Сабақты қорыту мақсатында «Фонетика» сөзжұмбағын шешу.
2. Кітап туралы мақал – мәтелдер айтқызу.
Бағалау: топ жетекшілері бағалау парағы бойынша сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалайды.
IV.Үйге тапсырма
“Кітап – білім бұлағы” ой-толғау жазу
Кері байланыс. Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, өздері қалаған смайлик тұсына жабыстырады.