?аза? тілі п?нінен саба? жоспары. Та?ырыбы: Болжалды келер ша?. 7-сынып


Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Болжалды келер шақСабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға келер шақ және оның түрлері туралы түсінік беру. Болжалды келер шақ туралы түсіндіре отырып, оны сөйлем ішінде ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық біліктері мен дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, байланыстырып сөйлеу қабілеті мен тіл байлығын молайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа,үлкенді сыйлай білуге, жалқаулық пен жамандықтан аулақ болуғу тәрбиелеу .
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап,түсіндіру, іздендіру, Блум таксономиясы 
Көрнекілігі: Сөздік плакат
Пәнаралық байланыс:  әдебиет 
 Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Сыныпты түгендеу
Оқушы назарын сабаққа аудару
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
І Білу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаттығу жұмыстарын және талдау жұмыстарын тексеру
Шығармашылық жұмыс 3 сөйлем талдау жұмысы
ІІ Түсіну
Жаңа сабақ 
Ой шақыру.
Етістіктің шақтарын еске түсіру,
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт  кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан, 
Қол ұстасқан ел жатыр.
                                 (Жамбыл)
Атадан жақсы туған ұл
Атаның есіктегі басын төрге апарар.
Атадан жаман туған ұл
Атаның төрдегі басын есікке апарар.
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін 
Қаралы болғанда білерсің.
Жанашырдың қадірін 
Жалалы болғанда білерсің.
1)Оқушылардың өзіне оқыта отырып, тақтаға етістіктерді тауып, жаздырамын, құрамына қарай ажыратқызамын.
 Апарар (алып бар+ар) – апар +ар 
Білерсің – біл +ер + сің2) Осы етістіктерден болымсыз етістік жасатуАпар (алып бар+ма+с+пын) -  алып бар + ма + с + пынБіл    -   біл +  ме + с + пін3) Ескі бише отырман бос мақұлдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Отыр+ман   –  отыр + ма  + с + пын Тұр+ман    - тұр +ма +с + пын Ескерту: Болжалды келер шақ І ж. Жіктік жалғауында –пын, -пін ықшамдалып, -н  түрінде ғана жұмсалады. Мұндай тұлғадағы етістіктер поэзияда жиі кездеседі.
 4) Оқушылардың өзіне тұжырым жасатамын. Ережесін шығарту, жасалу жолдарын айтқызу   
ІІІ Қолдану.         
Жаңа білімді  алғашқы тексеру және пайдалану кезеңі( 117, 119-жаттығуларды орындау)
Өздік жұмысТерме диктанты
ІV Талдау.
Келер, жазар, көрінбес, оқыр сөздерін жекеше, көпше түрде жіктеу.
Сабақты қорытындылау.
V Жинақтау.
Етістікті  болжалды келер шақ түріне айналдыр. (ауызша)
Ойна, арала, таныс, кел, үрле, аш, жатыр, күлҮйге тапсырма.
1. 120-жаттығу  (жазбаша)
2. ереже жаттау
3. Болжалды келер шақта «Менің арманым»   ой толғау жазу  
Бағалау. ( Оқушы белсенділігін, қызығушылығын ескере отырып бағалаймын)